іс-шаралар тәртібі
103. Туберкулез ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті жеке меншік нысанына қарамастан туберкулез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу енгізіледі.
104. Туберкулинге реакция берген жануарларды қалған мал басынан оқшаулайды және асыл тұқымдық және өндірістік құндылығына қарамастан күнтізбелік 15 күн ішінде союға өткізеді.
105. Сау малдар бұрын ауру жануарлар ұсталған қора-жайларға, жайылым алаңдарына және басқа да объектілерге сауықтыру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жіберіледі.
106. Шектеу шарттары бойынша мыналарға:
1) малдарды союға шығаруды қоспағанда, олардың орнын ауыстыруды (кіргізу және шығару) жүзеге асыруға;
2) қолайсыз аймақта шөп, сабан және басқа ірі мал азығын дайындауға;
3) сау жануарлар үшін туберкулез бойынша қолайсыз табындар жайылған жайылым жерлерін пайдалануға және ақпайтын суаттардан суаруға 6 айдан кейін жол беріледі;
4) туберкулезбен ауырған жануарларды пайдалануға және табынды көбейту үшін олардан алынған төлдерді пайдалануға;
5) ауру жануарларды және қолайсыз табындардың мал басын сау малдармен қосып ұстауға, бірге жаюға, суаруға немесе өзге де жанасуға, сондай-ақ қолайсыз табындардың жануарларын жайлауға айдауға және тасымалдауға;
6) туберкулезбен ауырған жануарларды сойған кезде алынған залалсыздандырмаған етті, ет өнімдерін аңдарды азықтандыру үшін пайдалануға жол берілмейді.
107. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттегі сиырлардан алынған шикі сүтті базарларда сату, асханаларға, емдеу-профилактикалық, балалар және мектеп мекемелеріне жеткізу үшін шығаруға жол берілмейді. Зерттеу кезінде туберкулезге реакция берген сиырлардан алынған сүт қайнатуға немесе тоң май жасауға қайта өңдеу жолымен зарарсыздандырылуға жатады. Қолайсыз табындардың (ферманың) реакция бермеген сиырларынан алынған сүт (қаймақ) тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде 900С температурада 5 минут ішінде немесе 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен зарарсыздандыруға, ал пастеризатор болмаған жағдайда қайнатуға жатады. Зарарсыздандырғаннан кейін сүтті сүт зауытына әкетеді немесе шаруашылық ішінде қолданады. Сүт өңдеу кәсіпорындарында сүт құйылғаннан кейін цистерналар немесе бидондар шаюға және дезинфекциялауға жатады.
108. Туберкулезбен ауырған жануарларды сою объектілерінде (сою пункттері, ет өңдейтін кәсіпорындар) союды ветеринария саласындағы маманның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік санитариялық-ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жеке профилактика шараларын сақтай отырып және инфекция қоздырғышының таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін талаптарды орындай отырып жұмысшылар жүргізеді.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
109. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттерде қора-жайларды, жайылымдарды, жайылым алаңдарын, жабдықтарды, мүкәммалды және басқа да объектілерді ағымдағы дезинфекциялауды, сондай-ақ дезинсекция мен дератизациялауды жүргізеді. Қиды биологиялық, химиялық және физикалық тәсілдермен зарарсыздандырады.
3-параграф. Ірі қара мал туберкулезінен қолайсыз пункттерді
Достарыңызбен бөлісу: |