қолайсыз шаруашылықты сауықтыру бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 186. Iрi қара малдың кампилобактериозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шаралар кешенін жүргізеді.
187. Қолайсыз табындарда аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қолдан ұрықтандыру жүргізіледі. Аталған шаруашылықтағы қашарлардың және сиырлардың бұқалармен ерiктi шағылысуына жол берілмейді. Бұқаларды оқшаулайды, кампилобактериозға зерттейді және емдеу-профилактикалық тазартуды жүргізеді.
188. Сауықтыру іс-шараларын жүргiзу кезеңiнде мыналарға:
1) басқа шаруашылықтардан жануарларды әкелуге және шаруашылық iшiнде фермалар арасында малды қайта топтастыруға;
2) кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылықтан асылдандыру үшiн және қолдану мақсатында жануарларды әкетуге жол берілмейді.
189. Ірi қара малдың барлық басы кампилобактериозға қарсы иммундалады.
190. Фермаларда сиырлардың және құнажындардың бұзаулауы төлдету бөлімшелерінде жүргізіліледі. Шаруашылық жүргізуші субъектiде оларды кезеңді санациялау үшін резервті төлдету бөлімшелері болады. Әрбiр iш тастаған сиырды оқшаулайды, iш тастау жүргізілген қора-жайды және станоктарды тазалайды және дезинфекциялайды. Барлық түсіп қалған ұрықтарды бактериологиялық зерттеу үшін ветеринарлық зертханаға жолдайды. Жаңа туған бұзауларды сақа малдардан оқшау ұстайды.
191. Жаз кезеңінде қолайсыз фермалардағы малды лагерлік ұстауға ауыстырады, мал шаруашылығы қора-жайларында санитарлық тазартуды, дезинфекциялауды және жөндеуді жүргізеді. Қора-жайларды барлық лагерлік кезеңде жануарлардан бос қалдырады.
192. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде сауықтыру іс-шаралары барысында мал шаруашылығы қора-жайларына және аумақтарына дезинфекция жүргiзiледi.
193. Егер 12 айдың ішінде кампилобактериялардың патогендік дақылдары бөлінбесе және аурудың клиникалық белгілері байқалмаса, профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шараларының барлық кешені орындалған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiні сауықтырылған деп хабарлайды.
194. Шаруашылық жүргізуші субъектіде тұқымдық бұқалар бар болған кезде шектеуді алудың алдында ұрықты, күпек шырышын немесе өсінді жыныс бездерінің сөлін бактериологиялық зерттеудің үш рет теріс нәтижесін алған кезде бұқалар сау деп саналады.
4-параграф. Қойлардың кампилобактериозы бойынша