қолайсыз шаруашылықтарды сауықтыру бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 195. Барлық iш тастаған қойларды, сондай-ақ мезгiлiнен ерте төлдеу белгілері бар қойларды отардан тез арада бөлiп және сақман бiткенге дейiн отардан оқшаулайды.
196. Түсіп қалған ұрықтарды, шарана қабықтарын, шуды және ластанған төсенiштi, қиды жинайды, содан кейiн өртейді немесе дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырғаннан кейін жерге көмедi.
197. Қой қораны және жайылатын аулаларды тазартады және дезинфекциялайды.
198. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз отардан асылдандыру және қолдану мақсаты үшiн қойды шығаруға (әкетуге) жол берілмейді, отарларды шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринария саласындағы маманының рұқсатынсыз қайта толықтыруға жол берілмейді.
199. Қолайсыз отардың қойларын қырқуды және тоғытуды кесте бойынша соңғы кезекте жүргізеді, содан кейін қора-жайлар, жабдықтар, құрал-саймандар және аумақты дезинфекциялайды.
200. Қойларды жайылымдық ұстау кезінде отарды басқа жайылымдық учаскелерге ауыстырады, ал қолайсыз отар бағылған жайылымды 2 ай мерзімге карантиндейдi.
201. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық буаз қойларын қойлардың кампилобактериозына қарсы вакцинамен иммундайды.
202. Егер шаруашылықта бір мезгілде қойлардың кампилобактериозы бойынша бірнеше отар қолайсыз болған жағдайларда, мұндай отарлардан алынған қойлардан жас малды (ұрғашы тоқтыларды) жеке отарға жинақтайды және оларды шартты түрде қолайлы деп есептейді.
203. Шаруашылық жүргізуші субъектiні қойларда екі жыл ішінде кампилобактериоздық іш тастау болмаған кезде кампилобактериоз бойынша қолайлы деп таниды.
17-тарау. Ірі қара малдың жұқпалы алаөкпесі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 17-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
204. Iрi қара малдың алаөкпесiмен ауру жағдайы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп танылады.
205. Эпизоотиялық ошақтарда және қолайсыз пункттерде ветеринарлық мамандар мынадай іс-шараларды өткізеді:
1) iрi қара малдың басын есепке алу;
2) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі барлық сақа ірі қара малды және бұзауларды алаөкпеге (перкуссия, аускультация және температура өлшеу) клиникалық зерттеу. Сонымен қатар комплементті байланыстыру реакциясында (бұдан әрi - КБР) зерттеу мақсатында зертханаға жолдау үшін қан алынады;
3) зерттеулердің нәтижесіне сәйкес малды топтарға бөлу;
4) клиникалық белгiлерi бар ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру.
206. Карантин белгіленген аумақта мыналарға:
1) сауықтыру іс-шараларын жүргiзетiн ветеринария саласындағы дәрігердің рұқсатынсыз малды қайта топтастыруға;
2) алаөкпе бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден (пункттен) малды әкету және оған сау малды қосуға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнiң алаөкпе бойынша қолайсыз аумағы арқылы тасымалдауға немесе айдауға;
4) ірі қара малдың алаөкпесі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден және елдi мекеннен жем-шөпті әкетуге жол берілмейдi. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектiлердің және елді мекеннің жем-шөбі тек аталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде және пункттерде пайдаланылады.
207. Алаөкпе ауруы бойынша күдiктi және КБР бойынша оң реакция берген барлық клиникалық ауру жануарлар отардан оқшау қораға тез арада бөлініп алынады және сойылуға жатады. Өлген жануарлардың сылынған терiлерiн оқшауланған жағдайда ауада кептіреді. Жарамсыз деп танылған зақымданған мүшелер мен тұтас еттің бөлігі өртеу әдісімен жойылады.
208. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден алаөкпенiң таратушы көзi болып табылуы мүмкін ауру жануарларды уақытылы және толығымен жою мақсатында, шаруашылық жүргізуші субъектілердегі вакцинацияға қарамастан, карантинді алып тастағанға дейін малға клиникалық зерттеу екі аптадан кешіктірмей жүргізіледі.
209. Шартты сау малы бар шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық карантин мерзіміне оны қоршаған шаруашылық жүргізуші субъектiлерден немесе шаруашылық жүргізуші субъектiнiң қалған бөлiктерiнен толық оқшаулануын қамтамасыз ететін жағдай жасалады.
210. Карантин екiншi вакцина егуге барлық жануарлардағы реакцияның аяқталуы уақытынан бастап үш айға қойылады. Екiншi вакцина еккеннен кейiн аурулар анықтаған кезде, карантин мерзімі отардан ауруларды жойған сәттен бастап есептеледі.
211. Егер үш ай iшiнде жануарлардың алаөкпесі бойынша аурулары немесе күдіктілері анықталмайтын болса, карантин алынады және шаруашылық жүргізуші субъектi алаөкпе бойынша қолайлы деп жарияланады.
18-тарау. Ірі қара малдың нодулярлық дерматиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Нодулярлық дерматиттiң профилактикасы