2-параграф. Жануарларды ірі қара малдың обасыауыруын жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 242. Диагноз анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды және карантин қояды.
243. Ауру және ауру бойынша күдiктi жануарлар қан шықпайтын әдіспен өлтiруге жатады, өлекселерi терісімен бірге жағып жібереді.
244. Ауырған және өлген жануарлардың жатқан жерін Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген препараттармен мұқият дезинфекциялау қажет.
245. Қалған (шартты түрде сау) жануарлар (табындағы, топтағы, фермадағы, шаруашылықтағы) жеке қолайсыз топқа бөлiп жыл мезгіліне қарамастан олардың шаруашылық шегінде қайта топтастырылуына жол бермей, оқшаулап қамап ұстау шартында ұстайды.
246. Көлiктiң барлық түрінің шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуына, оған кіруіне, адамдардың тиісті дезинфициялық өңдеусіз шығуына және кіруіне, сондай-ақ шаруашылық аумағынан жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттарын шығаруға жол берілмейді.
247. Қолайсыз шаруашылық аумағының кiре берiсiне бекеттер және дезинфекциялық ерiтiндiлерi бар ыдыстар қойылады.
248. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маманы мыналарды:
1) барлық жануарларды клиникалық тексеруден өткiзiп дене қызуын өлшеуді;
2) ауырған және өлген жануарлардың санын нақтылауды, көршiлес шаруашылықтағы және елдi мекендегі эпизоотиялық жағдайды, ауру қоздырғышын әкелудің мүмкін жолдарын анықтауды;
3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қатаң орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
249. Карантин соңғы ауыру жануар жойылғаннан күннен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң алынады.
22-тарау. Қарасан ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 22-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жануарлардың қарасан ауыруының профилактикасы