2 дәріс Тақырыбы: Әлемнің жаратылыстану ғылыми бейнесі Мақсаты


Абсолют кеңістік пен уақыт жөнінде Ньютон концепциясы



бет3/6
Дата25.05.2023
өлшемі169,21 Kb.
#97325
1   2   3   4   5   6
Абсолют кеңістік пен уақыт жөнінде Ньютон концепциясы. Өзінің «Табиғи философияның математикалық бастаулары еңбегінде» негізгі механикалық ұғымдарды тұжырымдады. Ньютон алғаш рет денелердің өзара әсерлесуін сипттауға болатын математикалық категория ретінде күшті қарастырды. Ньютон табиғаттағы өозғалыстардың барлығы салыстырмалылық сипатқа ие екенін және оларды сипаттау үшін санақ жүйесін көсету керек екенін айтты.
Бірақ Ньютон абсолюттік кеңістік және уақыт ұғымдары арқылы денелердің абсолютті қозғалысы болатынына тоқталды. Оларға метафизикалық сипат берді. Ньютон пікірінше, абсолют уақыт барлық санақ жүйелерінде бірдей өтеді; абсолютті кеңістік мүлдем қозғалмайды. Кеңістік пен уақыт бір бірінен тәуелсіз өмір сүре алады, яғни материяға тәуелсіз. Кеңістік-біртекті, яғни оның барлық нүктелері бірдей қасиетке ие және изотропты, бұл кеңістіктің барлық бағытарында бірдей мәнге ие дегенді білдіреді. Абсолютті кеңістіктегі санақ жүйесіне анықтама бере отырып, Ньютон механиканың негізгі заңдарын тағайындады.
Күштердің тәуелсіздік принципінен және денелердің өара әсерлесу принципінен Галилейдің салыстырмалылық принципі шығады: барлық механикалық құбылыстар барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей өтеді.
Ньютон заңдарын қолдану нәтижесінде табиғаттың көп құбылыстары өз шешімдерін тапты, күн жүйесіндегі ғаламшарлардың, кометалардың қозғалысын есептеу, мұхиттардағы толқулардың себептерін түсіндіру мүмкін болды. Ньютон концепциясы ХХ ғасырдың басына дейін негізгі, қарама қайшылығы жоқ тура концепция болып саналып келді.
А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясындағы кеңістік пен уақыт
Ньютон механикасы 200 жылдың ішінде көптеген табыстар әкелді, кез келген физикалық құбылысты осы заңдар арқылы түсіндіруге болады деп есептеді. Бірақ ғылымның дамуында классикалық механика түсіндіре алмайтын жаңа өзгерістер дүниеге келеді, бұл электрдинамикадағы классикалық механиканың қайшылықтарына алып келеді. Осы жерде релятивистік механика пайда болу себептері мен концепциялары туындайды. Уақыт пен кеңістіктегі микробөлшектердің қозғалыс заңдылықтары макрообъектілердің механикалық қозғалыс заңдылықтарынан мүлдем басқаша екендігі анықталды, "Ұзындық" та, уақиғалар арасындағы "уақыт шамасы" да, басқаша айтсақ, кеңістік пен уақыттың да салыстырмалы болатыны анықталды. XIX ғасырдың аяғында физикада материяның бір-бірінен жеке өзіндік айырмашылығы бар екі түрі болады деген шешім болды: дискретті зат және үзілмейтін өріс. Алайда, XX ғасырдың басыңда физикада микроәлемді зерттеудегі революциялық жаңалықтар зат пен өрістің арасында еш алыстықтың жоқ екенін және физикалық түпкіліктің баршаға ортақ екенін көрсетті.
Жаңа көзқарас бойынша Әлем шексіз, оның центрі болуы тиіс емес. Центрі ретінде кез келген нүктені еептеуге болады. Бірақ ол шартты немесе салыстырмалы болуы тиіс және онымен байланысқан санақ жүйесі де салыстырмалы. Егер ол таңдап алынған нүктеде дұрыс деп есептелсе, келесі нүкте үшін дұрыс емес. Осылайша, барлық санақ жүйелері салыстырмалы болуы тиіс. Абсолютті кеңістік пен уақыт ұғыдары тек макродүие үшін ғана дұрыс екенін де Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы дәлелдейді.
1905 жылы Швейцарияның Берндегі патент бюросының қызметкері Альберт Эйнштейн (1879-1955) арнайы салыстырмалық теориясына арналған еңбегін баспадан шығарды. Бұл жұмыс электродинамика мен Максвелл экспериментінің проблемаларын шешіп, кеңістік пен уақыттың классикалық түсініктерінің тиянақсыз негіздерін біржолата бұзды. Бұл теория екі постулатқа негізделді.
Бірінші постулат - салыстырмалық принципі: барлық инерциялық есептеу жүйелері оларда кез келген физикалық экспериментті қою тұрғысынан қарағанда бір-біріне эквивалентті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет