Әлемнің қазіргі космологиялық моделі (бейнесі) .Үлкен жарылыс моделі. Хабллдың жаңалығы. Космологияның Әлем жайлы жасаған қорытындылары Әлемнің пайда болу және дамуының моделі деп аталады. Сонда оны неге “модель” дейді? Бұл сұраққа жауап беру үшін оны ғылым зандылығымен салыстырып корейік. Қазіргі заманғы жаратылыстану тәжірибеге негізделген экспериментальдық ғылым болып табылады. Егер зерттелуші құбылыстардың барысы жайлы кез келген уақытта эксперименттер жасап, оны тікелей бақылай алсақ және осы бақылаулардың нәтижесі әрдайым бірдейлігін негізге ала отырып, зерттелуші құбылыстарға тән жалпы зандылықты ашсақ, тек сонда ғана зерттеу нәтижесі ғылыми тұрғыдан толық негізделді, дәлелденді дей аламыз. Ал Әлем құбылыстарын зерттеуге бұл методологиялық ережені қолдануға болмайды, өйткені олар жайлы эксперимент жасау мүмкін емес. Екіншіден, ғылым жалпы зандылықтарды ашады, ал Әлем біреу-ақ. Сондықтан Әлемнің пайда болуы жөне дамуы жайлы жасалған қорытындының ешқайсысын зандылық деуге болмайды — оларды Әлемнің моделі, яғни түсіндірудің мүмкін бір варианты деп санауға тура келеді. Әлемнің бірінші космологиялық моделін А.Эйнштейн 1917 ж. жасады. Ол Ньютондық космологияның механикалық постулаттарының жарамсыз екенін корсете отырып, Әлемнің космологиялық моделі жалпы салыстырмалылық теориясына негізделуі тиіс екенін дәлелдеп берді. Эйнштейннің космологиялық моделінде Әлем уақыт жағынан алғанда шексіз, кеңістік жағынан шетсіз.
Көп ұзамай голландық астроном Виллем де Ситтер өз моделін ұсынды.
1922 ж. орыс математигі әрі геофизик А.А. Фридман кеңістікте “кеңейе беретін” Әлем моделін жасады. Әлемнің Фридман жасаған үш үлгісі осы уақытқа дейін ең қазіргі заманғы ғарыштық құрылымдарға негіз болып қызмет етеді. Фридман өте қарапайым екі болжам жасады: біріншіден, қандай бағыттан бақыласақ та Әлем біркелкі болып көрінеді (Әлемнің изотроптығы)және екіншіден, егер біз бақылауды басқа бір жерден жүргізсек те, бұл пайымдау шындық болып қала беруі керек (Әлемнің біртектілігі). Бұл екі жорамал