Әлемнің механикалық бейнесі Антика дәуірінен бастап материя құрылымы, кеңістік және уақыт ұғымдары физиканың негізгі ұғымдары болып саналады. Галилей, И.Ньютон, Р.Декарт зерттеулері классикалық механиканың негізін қалады. Олардың ғылымға әкелген түбегейлі жаңалықтары математикалық түрде өрнектеуге болатын сол кезеңдегі құбылыстар мен фактілерді қамтитын табиғаттың ортақ заңдарын түсіндіреді. Нәтижесінде бұрын түсіндіре алмаған көптеген құбылыстардың мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін классикалық механика дүниеге келді. Классикалық механиканың дамуы математиканың дамуына ықпал етті. Дифференциалдық, интегралдық есептеулер, одан соң аналитикалық механика әдістері құрылды. Механикадағы басты құбылыс: энергияның, импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары. Бұл заңдарды Ньютон заңдарынан шығаруға болады, бірақ олардың арасындағы байланыс кейінірек орнатылды. Кеңістіктің салыстырмалылығы туралы принципті нәтиже беретін Галилейдің салыстырмалылық принципінің де терең мағынасы ХХ ғ. басында арнайы салыстырмалылық териясы пайда болғаннан кейін берілді және бұл бізді қоршаған орта туралы түсініктеріміздің түбегейлі өзгеруіне алып келді. Бүкіләлемдік тартылыс заңының ашылуы біздің планеталық жүйеміздің құрылымын түсінуге мүмкіндік береді және дүниетанымдық мәселелерді шешуге, зерттеуге деген ұмтылыстар пайда болды.
Механика – материяның қарапайым қозғалыс формасы жөнінде ғылым. Материяның болу формалары: қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Қозғалыс кеңістік пен уақыт бойынша өтетін өзгерістер. Материяның қозғалысы әр түрлі формада өтуі мүмкін, қарапайым механикалық қозғалыстан бастап, күрделі биологиялық және әлеуметтік қозғалыстарға дейін.
Кеңістік – материялық жүйелердің құрылымын және созылыңқылығын сипаттайды. Кеңістіктің негізгі қасиеттері - шынайы бар болады, шексіз, үш өлшемді, материямен біртұтас. Кеңістік шексіз дегеніміз денелердің жан жаққа шексіз тарала алатыны. Кеңістік үш өлшемді, әрбір дененің ұзындығы, еңі және қалындығы бар болады.
Уақыт – объект күйлерінің және процестердің ауысу формасы және тізбегі (өту ұзақтығы). Уақыттың әмбебап қасиеті – ұзақтық, бірөлшемді, қайтымсыз. Уақытты бөлшектердің қозғалыымен байланысты локальды параметр ретінде және жүйенің формасының өзгерісінің сипаты ретінде қарастырылатын жағдайларды ажырата білу керек. Уақыт үзіліссіз, уақыт тоқтамайды. Уақыт бір қалыпты болады, бүгінгі секунд пен минут, кешегі секунд пен минуттай өтеді. Екеуі де бірдей. Өйткені уақыт бір қалыпты өтеді..