Дәріс 15 № Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы
1.«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы.
2.«Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті.
3.Мәңгілік елдің құндылықтары
Елбасының ендігі мұраты – елінің бейбіт өмірі, ертеңгі нұрлы болашағы, ауызбіршілігі мен ынтымағы, бабалардың аманатын орындау жолындағы атқарып жатқан игілікті істерінің нәтижесін халқымен бірге көру, бірге қуану, бірге шаттану, түптеп келгенде – Мәңгілік ел орнату. –Біз Ұлы Дала елінің кешегісін бүгінге, бүгінгісін ертеңге жалғаймыз. Оның ұлы тарихын жаңа дәуірде жарқыратып жаңадан жазамыз. Жаңа ғасыр – үшінші мыңжылдыққа Қазақстанның қолтаңбасын басамыз. Мұратымыз – Мәңгілік Ел. Ақтық демім қалғанша, әл-дәрменім талғанша, халық жүгін көтеруден қашпаймын. «Ұлы Дала ұлағаттары» – табиғаты да бөлек, құны да бөлек, көтерген жүгі де бөлек асыл мұра; егемен еліміздің байтақ тәжірибесін, өткенімізді де, өскенімізді де бойына сыйғызып тұрған қымбат, тағылымды кітап; жаңа ғасырда, жаңа заманда, жаңа дәуірде ел билеген кемеңгердің кейінгіге аманаты; жастың да, жасамыстың да қолынан түспейтін, отаншылдыққа, ынтымақшылдыққа, ата салтын сақтауға, ел үмітін ақтауға, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсінуге баулитын тәрбие құралы; әрбір қазақстандықтың бағдаршамы, темірқазығы. «Ұлы Дала ұлағаттары» – тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығына тамаша тарту, мерейлі мерекеміздің бағасы, ақжолтай сүйіншісі, бойтұмары. Ендігі жерде бұл кітапты биік кеңселерде, барлық мекемелерде, оқу орындарында оқытып, көпшіліктің, келешек ұрпақтың санасына сіңіру міндет
|