2. ДӘріс тезистері



бет50/51
Дата30.11.2022
өлшемі127,29 Kb.
#53850
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Дәріс тезистері

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жаhандық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Жаһандық мәселелер қатарының көбеюі және олардың үш тобы: халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер, жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер. Олардың қатарында: жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі сценарийлерінің философиялык мағынасы. Жаһандану, глобализм және антиглобализм тарихтың казіргі ұйғарым-талабы ретінде. Жаhандық модельдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде. Жаһандық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Футурологиялык мәселелердің калыптасуы. Өршіп келе жаткан экологиялық дағдарыс мәселесінің көпшілікке жайылуы. «Римдік клубтың» философиялық ізденістері. Жаhандық сана қалыптасуы мәселесі. Жаhандану және дәстүрлі құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер. XXIғ. Концепциясы ретіндегі геосаясат. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан - 2030» стратегиясы. Демографиялық мәселелер. ҚР Президентінің халыққа жазбаша Жолдауы «Рухани жаңғыру».
Қазіргі жаһанданушы әлемде әлемдік жалпы дамудың басым үрдістері айқындалуда. Бұған қатарласа әрі бір мезгілде өздерінің әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуында артта қалушылықтан арылуға талпынатын көптеген елдерді және тұтастай аймақтарды қамтитын, модернизация процесі жүруде.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. К.Поппер «қайыршылық» деп атап, сынаған теория:

A) фальсификация;
B) информатизация;
С) тарихизм;
D) феодализм;
E) коммунизм.
2. Моральдың бірінші негізгі қызметі:
A) Тарбие;
B) Ағартушылық;
С) Реттеу;
D) Ұйымдастырушылық;
E) Гуманизм.
3. Ұлттық тарих пен халықтың дастүрлерін сақтау маселелері Н.Назарбаевтың қай еңбегінде аса тұтастықта қарастырылады?
A) «Тарих толқынында»;
B) «»2030 стратегиясында;
С) «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан»;
D) «ҚР Президентінің таңдамалы шығармаларында»;
E) Баяндамаларда.
4. Адамның қалыптасу процесінің күрделілігін анағұрлым дәл бейнелейтін ұғым:
A) антропосоциогенез;
B) ноосфера;
С) антропогенез;
D) антропоморфтылық;
E) антропоцентризм.
5. Тарихи тұлға ұғымының жаңа аналогы болып табылатын ұғым:
A) Рухани лидер;
B) Көсем;
С) Харизмалық тұлға;
D) Диктатор тұлғасы;
E) Халық әкесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет