2-дәріс Тіл мәдениеті туралы түсінік Мақсаты


Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер



бет10/12
Дата30.09.2024
өлшемі93,2 Kb.
#146121
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Документ Microsoft Word

4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
Бұған, әсіресе, жалпы шығарма мазмұнының функционалдық-стильдік тұтастығына қатысты қателіктер жатады: шығарма мазмұнының тақырыпқа не тақырып атауына сәйкес келмеуі, тақырыптың ашылмауы т.б. Мысалы, мына шығарма мазмұны «Күз» деген тақырып атауымен берілген:
«Қыркүйек айының бас кезі, жердің беті кілемнің түріндей әлі жап-жасыл, таң атып, күн шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысы қызарып шығып келе жатқан күнніц сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан жіңішке өзеннің үстінен көтерілген бұлыңғыр тұман, шықпен буланып, маңдайы терленіп, төмен қарап тұрған талдар, талдың арасымен сылдырап аққан өзеннің суы көз алдыңа елестейді. Көктің жүзі көкпеңбек теңіз сияқты. Шөптің басы қимылдарлық жел жоқ. Тып-тыныш. Табиғаттың барлық нәрсеге ықылас көзбен күліп тұрған күні еді». Осындағы күз мезгілінің бір күні, бір сәтіне (таңертеңгі) ғана құрылған шығарманың тақырып атауының «Күз» деп аталуы нақтылықты қажет етіп тұр. Күзгі таңның суретін қанша әдемі елестете алғанмен автор бұл жерде ойын шашыратып алғанға ұқсайды. Ол үшінші сөйлемде әсіресе байқалады. Кеңістікті, ондағы заттарды суреттеудегі бірізділіктің әлсіздігі ондағы сөздердің жиі қайталануынан көрініп тұр. Қатенің бұл түрі көп жағдайда автордың баяндау тілінің тақырыптың стилистикалық мәнеріне, эстетикалық әсеріне, көңіл-күйіне сай келмеуінен болады.
Тіл - қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады. Тіл қоғамы өмірімен бірге жасап, бірге дамиды. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны зор.
Қоғам мүшелерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалады. Ол ортақ тіл жалпы халықтық тіл деп аталады.
Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері болады. Мұнда ескертетін бір жай: «ауызша», «сөйлеу тілі» мен «жазбаша» және «кітаби» дегендерді бір-бірімен мағыналас деп қарауға болмайды. Сондай-ақ тіл мен сөздің де өз алдына жеке ұғымдар екенін ескерген жөн.
Тіл мен сөз әрқашан диалектикалық бірлікте қаралады.
Тіл мен сөзді бір-бірінен бөліп ажырату үшін, ең алдымен тілдің қандай элементтерден тұратынына көңіл аударған дұрыс. Тіл құрайтын элементтер: морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Бұларды тіл жүйесі деп те атайды.
Тіл жүйесінсіз сөйлеу болмайды. Солай болғанымен оның ішкі мазмұны мен сыртқы формасы болады.
Сөз ауызша және жазбаша болып бөлінеді.
Ауызша сөйлеуде әр түрлі сазды үн шығады, яғни адамдар айғайын деген ойын бір-біріне үнді тіл арқылы жеткізеді.
Сөйтіп, бірінің айтқанын бірі естиді. Сөйлеуде есту сезімі қатысады. Ауызша сөйлеу интонациялық құбылмалыққа өте бейім тұрады. Ол тілге әр түрлі мәнерлік, әуезділік сипат береді. Интонация деген ұғымға сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы, екпін т.б. сияқтылар енеді.
Сөйлеу өзінен өзі болмайды. Сөйлесу үшін, екі не одан да көп адамдар қатысуы шарт.
Жазбашада бұл көрсетілген ерекшеліктер болмайды. Өйткені, ондай ой қағазға жазылып жеткізіледі. Яғни жазу тілдің көзге көрінетін белгілері арқылы адам ойын жеткізу тәсілі ғана.
Жазбашада ой тілдің көзге көрінетін белгілері қағазға жазылып болғандықтан, онда ауызша сөйлеудегідей әңгімелесушінің қатысып отыруы шарт емес.
Сонымен жазу - ол белгілі бір мәтін. Бұл түрлі мәтіндер әр жай, күйді білдіріп хабарлайды. Ал хабар - тіл фактісі. Мысалы, Абайдың шығармасы - жалпы тіл фактісі.
Біріншіден, мұнда Абайдың тілі - ол қазақ тілінің фактісі. Ал сөйлеуде, жазуда да тіл жүйесі пайдаланылады. Оларға дыбыс құрамы, сөз тіркесі және сөйлем жатады. Сондықтан да сөйлеуде де, жазуда да - тіл фактісі болып есептелінеді.
Сөйлеуде де, жазуда да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудың дәстүрлі үлгісі болады.
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ;
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұзақ.
Осы мақалдың қай кезде, қай ғасырда қалыптасып, нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен, тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет