2-дәріс Тіл мәдениеті туралы түсінік Мақсаты



бет5/12
Дата30.09.2024
өлшемі93,2 Kb.
#146121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Сайқымазақтар бастарын жерге жеткiзе иiп тағзым еткен қалыптары есiкке қарай жылыстай бердi.
Олардың опыр-топыр есiктен шыға беруi-ақ мұң екен, көршi қоршаудан ханның бәйбiшeci көрiндi. Ол үстiне түгел көмiп тұратын, зер шайып, кестелеген қызыл көйлек киiптi. Оның сүйретiлген ұзын етегiн он бес әйел көтерiп келедi.
Ханшаның әбден қапысыз опалап-сүрмеленген бemi қағаздай аппақ. Оның үстiне; бет-аузын төгiлген ақ селдiр пердемен қымтап алыпты.
Басына өне бойына асыл тасты аямай төккен мұнара icnemmi биiк сәукеле кuinmi. Оның салпыншақ қызыл мауыты етегi екi иығын жауып тұр. Мойнына әр жер әр жерiне лағыл мен меруерттi алма ­кезектестiрiп көз қадаған алтын алқа тағыпты. Сәукеленiң өзге салтанаты аз болғандай, оның қақ ұшар басына хан mәжiciнiң төбесiндей алтын төбелдiрiк орнатылыпты. Оның қақ ортасында баданадай-баданадай үш лағыл қызыл шоқ боп жанып жатыр.
Төбелдiрiктiң mөбeciнe үкi қондырылған. Оның ұзын майса қауырсындары ханшаныц екi құлағына жеткенше екi айырылып төгiлiп тұр.
Ханша әр аттаған сайын басындағы ауыр сәукеле бұлғалаңдап, әр бағытқа ауып-ауып түседi. Жан-жағынан бiрнеше әйел қолымен демеп келедi. Бәйбiшенiң мөлт қара шашы екi иығынан төгiле құлапты.
Осынша ұзын-шұбақ шерудi хан әйелдерiн күзететiн бip топ азбан құл бастапты. Олар адымдарынан жер ойылатындай-ақ, маң-маң басыn, маңғаздана қалыпты, ханшаға құрмет көрсетiп, тағзым етiп, бастарын uin тұрған қалың қауымға танауларын көтерiп кiсімсiне қарайды.
Ханша ханнан сәл кейiнiрек барып отырды.
Автор сол замандағы ханшаның киiм киiсiн, өзiн-өзi ұстауын, оны маңайы қалай қарсы алғанын шынайы суреттеген.
Стилизация - тiлдiк материал мен сыртқы тiлдiк белгiлердiң ұйымдасу қағидасына сәйкес әдейi құрастырылған көркем баяндау. Осы анықтамаларда да екi нeriзгi ой бар: сипаттамалық тiлдiк белгiлер және баяндауды құруға талпыныс, яғни жазушының мақсат пен мiндетке лайық шығармашылық ыңғайы. Сөйлеу тiлiнiң көркем мәтiндегi стилизациясын жан-жақты қарастыра отырып, Г.О.Винокур шартты түрде екi түрге бөледi: 1) бейресми ерiктi қарым­-қатынас стилизациясы; 2) ауызша сөйлеу стилизациясы.


Бақылау сұрақтары

  1. Мәтін туралы ғылыми көзқарастар.

  2. Мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұнының толық ашылуының прагмастилистикалық мәні.

  3. Лингвистикалық стилистиканың тіл білімінің басқа салаларымен арақатынасы: лингвистикалық стилистика мен әдебиеттану стилистикасы, лингвистикалық стилистика және тіл мәдениеті, стилистика тіл мәдениетінің теориялық негізі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет