2-ДӘріс. ТҰЛҒаның мотивациялық сферасы сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Біздің дәрістің тақырыбы



бет12/44
Дата04.11.2023
өлшемі0,61 Mb.
#121836
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
Дәрістер м одуль

Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:

1-ОН: Темперамент, мінез және қабілет ұғымдарын, теорияларын, тұлға бойында индивидуалды даму ерекшеліктерін білім алушының кәсіптік біліммен өзара байланысынқалыптастыру;

2-ОН: Темперамент, мінез және қабілет ұғымдарыныңпсихологиялық теориялары негізінде олардың сипаттамасынтүсіндіру;

3-ОН: Темперамент, мінез және қабілет ұғымдарыныңпсихологиялық теорияларын, олардың сипаттамасын, тұлғалық дамудағы өзіндік мінез бітістерін, қабілеттің даму деңгейлерін талдау арқылыпсихотехнологияларды қолдану;

4-ОН: Темперамент, мінез және қабілетті анықтайтын әдістерді қолдану арқылы студенттерде өзінің жеке (индивидуалды)-типологиялық сипаттамасын жасау;

5-ОН: Темперамент, мінез және қабілетті анықтауға бағытталған психологиялық ұсыныстарды және тренингті бағдарламаларды құрастыру.




І. Құрметті оқырмандар, табыс дегеніміз аналитикалық, практикалық және шығармашылық ойлаудың оңтайлы үйлесімі. Табысқа жеткен ақыл иелері өздерінің артықшылықтарын барынша біліп, кез-келген жағдайда сауатты әрекет етуді біледі. Ол темперамент, мінез, қабілет тұлғаның жеке (индивидуалды) типологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Темперамент туа пайда болатын факторларға шартталған, ол өмірлік тәжірибе мен тәрбиеге тәуелді емес. Адамның өмір жолында жетістіктерге жетуіне шешім қабылдау, іс-қимылдардың жылдам және баяу орындалуы, есте сақтау сапасы, эмоция күші, көңіл-күйдің өзгерісі әсер етеді.
Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum – тиісті бөліктердің қатынасы) – психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері.
Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ (б.з.д.460-377 жж.) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған.
Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса – сангвиник, шырын басым болса – флегматик, сары өт басым болса – холерик және қара өт басым болса – меланхолик айқындалады деген.
Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды. Темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне: күші, тепе-теңдігі, белсенділігіне байланысты дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет