Қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады
Қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады.
Жалпы және арнайы қабілеттер болып бөлінеді.
Арнайы қабілеттер – белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетті білдіреді (математикалық қабілеттер, музыкалық қабілеттер, педагогикалық қабілеттер және т.б.).
Жалпы қабілеттер – бұл арнайы қабілеттерді дамытуға деген қабілеттер.
Дарындылық адамды қандай да бір әрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сәйкестігі деп аталады.
Дарындылық қандай да әрекеттің табысқа жету мүмкіндігін ғана анықтайды, осы мүмкіндікті іске асырылуы лайықты қабілетті қандай өлшемде дамытады және қандай білім мен дағды игерте алатынын анықтайды.
Талант (грек тілінен talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.Талант деп – қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды.
Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталынады. Данышпандық туралы адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді құрастырғанда айтылады.Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамның белгілі білім жүйелері негізінде яғни интеллектіге байланысты. Қабілетте шығармашылық түрде даму ерекше орын алады.
Қазіргі уақытта адам үшін интеллектінің маңызы шығармашылық түрде даму. «Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Жалпы интеллект табиғатында бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды.
Интеллект (латын тілінде «intellectus» – түсіну, таным деген түсінікті білдіреді). Адам интеллектісінің басты сапаларына алғырлық, байқағыштық, логикалық дәйектілік,ойдың тереңдігі мен кеңдігі,бейімділігі менбелсенділігіжатады. Интеллект танымның негізгі формасы болып табылады. Роберт Дж. Стернберг әлеуметтік және практикалық интеллект.
Түпкі түйін Дәрісте айтылған практикалық бағдарланған бағытта берілген танымдық ақпараттарды корыта келе, барлық оқырмандарға ортақ келесі психологиялық кеңестерді ұсынуға болады:
Американ психологы Беатрис Айсмен түстердiң адам мiнезiне сәйкестiгi жөнiнде мынадай қызық қортындыға келдi:
Қызыл –шапшаң мiнездi, ақжарқын, тәуекелшiл, қарсыласуға әзiр адамдар.
Жасыл –қайсар мiнездi, жұмсақ жүректi, ақкөңiл адам. Қайрымды жандар. Олар балаларына ерекше мейрiмдi.
Сары –қиялы бай, ұшқыр ойлары парасатымен ұштасып жататындар.
Көк –салқынқанды, өзiне сенiмдi, басқалардың ренжiткенiн қаламайтындар.
Сиякөк –ешкiмге ұқсамайтын дара шығармашыл (творчестволық) тұлғалар.