2-ДӘріс. ТҰЛҒаның мотивациялық сферасы сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар! Біздің дәрістің тақырыбы


Стрессті қалай білуге болады, оның 4 негізі бар



бет9/44
Дата04.11.2023
өлшемі0,61 Mb.
#121836
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
Дәрістер м одуль

Стрессті қалай білуге болады, оның 4 негізі бар:
1.Мінез-құлықта білінеді: мысалы мен әдеттегіге қарағанда тез жүретін болдым; мен қатты сөйлей бастадым және дірілдеген дауыс пайда болды; менің қолдарым дірілдей бастады; мен тез ашуланатын болдым, мен паузалар жасамайтын болдым, мен тіпті сөйлеуден қалдым, біруақытта бірнеше істерді жасап тастауға тырысып жатырмын; мен басты нәрсе мен екінші сипаттағы нәрселерді ажырата алмаймын; жаман ұйықтаймын, қарым-қатынаска түскім келмейді;
2. Денеде білінеді: арқам ауырады; басым ауырады, қатты терлей бастадым, асқазан жұмысы бұзылды, қолым суық әрі ылғалды, жүрегім ауыра бастады, аяқтарым тез мұздайды;
3. Ойларымда: «бәрі дұрыс болмай жатыр», «мен өзімді бәлеге ұшыраттым», «мен өзімнің әлсіздігімді ешкімге көрсеткім келмейді», «басқалар маған дұрыс қарамайтын сияқты», «мен қате жіберуге тиіс емеспін», «мен кез-келген мәселені шешуді білуім керек»;
4. Сезімдерде: нәтижесіз ойлар, ішкі беймазалық, ашуды қадағалай алмау, зейіннің нашар шоғырлануы, ашуға булығу, жәрдемсіздік, қорқыныш, ызалану, іштей құлазу, ашу ызғарланулар.
Сонымен осы талдауларымызды қорыта келе енді біз, стрессті қалай жеңеміз, эмоциялық күйлерді қалай басқарамыз, өзімізге қалай көмектесеміз деген сұрақтарды шешу үшін біз стресс-менеджмент түсінігіне келеміз.
ІІ. Стресс-менеджмент ұғымы 1990 жылдардың басында пайда болды. Стресс-менеджмент ағылшын сөзі (stress-management – қысымды, зорлануды басқару). Стресс-менеджмент – өте қатты физикалық және психологиялық зорлануда өзіңнің мінез-құлқыңды және күйлеріңді сауатты түрде басқара білу.
Стресс-менеджмент екі бағыттан тұрады:
1.Қысқа мерзімді стресс-менеджмент, ол эмоцияларды басқара алумен байланысты әдістемелермен байланысты болады;
2.Ұзақ мерзімді стресс-менеджмент (немесе стратегиялық): эмоциялық біліктілікті дамытуға бағытталады, жағымды (позитивті) ықпалды қалыптастырады, теріс (иррационалды) сенімдерді өзгертеді.
Сізге стресс тудыратын мәселені шешуге жоспар жасау керек:



Мәселені ашық айту

Мені не нәрсе мазалайды

Мақсатты айту

Маған не керек, нені қалап тұрмын

Альтернативаны қарастыру

Мен нені жасай аламын

Салдарын қарастыру

Не болуы мүмкін

Шешім қабылдау

Мен шешімді қалай қабылдаймын

Әрекет

Қазір әрекет жасауым керек

Бағалау

Ойдағыдай болады

Стресс-мендежмент сұрағына қатысты стресске орнықтылық деген түсінік те бар, оған жету үшін стрессті басқара білуіміз керек. Яғни стресттің сізде бар екенін мойындау, стресс физикалық және психикалық денсаулыққа негативті әсер ететінін ұғыну.


Стресс-менеджментте стрессті жағдайды шешу әдістері болады, оларға жататындар:
-мінез-құлықтық;
-қарсыласу (конфронтация);
-қашу;
-алмастыру;
-алыстау;
-алдын алу;
-когнитивті әрекеттер: зейінді басқа жаққа бұру, ойша бейнелер жасау, қабылдау.
Өзіне сенімді адамдар стресспен күресуде табанды болса, ал өзіне сенімсіздер, күресуге құлқы жетпей жатады. Стрессті жеңуге байланысты мультимодальды стресс-менджмент негізінде біліктілікті қалыптастыруға көптеген психологиялық бағдарламаларды ұсынуға болады.
Стресс, эмоцияны басқару, стресске төзімділік сияқты терминдерге байланысты психология ғылымында ерекше маңызды түсінік бар ол өзін реттеу (саморегуляция) деп аталатын ұғым.
ІІІ. Адам өте күрделі жүйе, қойылған мақсаттарына орай өз әрекеттерін өздігінен реттей алады. Кейде адамдар көп мақсат қояды, олар бір-бірімен үйлеспейді, мақсатқа жетуде көп қиындықтарға тап болады, осыған байланысты тиімді өзіндік реттелу және тиімді емес өзіндік реттелу жайлы айтуға болады.
Психикалық өзіндік реттелу (психическая саморегуляция) осы өзіндік реттелудің жеке бір түрі. Өзіндік реттелу адамның өзіне тән психикалық күйлеріне, процесстеріне, қасиеттеріне, өз мінез-құлқына саналы түрде әсер етуі. Психикалық өзіндік реттелу деп мақсатқа жетудегі адамның сыртқы, ішкі, ерікті белсенділікке қатысты мақсаттарын жылжытудағы психикалық процесстердің көпдеңгейлі және динамикалық жүйесін айтамыз.
Психикалық өзіндік реттелу процесін түсіну үшін біздер адамның психикалық күйі деген түсінікпен танысуымыз қажет. Психикалық күй дегеніміз белгілі бір уақытқа есептелген психикалық іс-әрекеттің тұтастай бір сипаттамасы. Олар ауысып отырады, соның негізінде адам қоғаммен, адамдармен әртүрлі қатынастарында, оның өмірінде өмір бойы бірге ілесіп жүреді.
Кез-келген психикалық күйде (эмоция, сезім, ерік) жалпы 3 өлшем бар:
-мотивациялық-түрткі болатын қозғаушы себеп;
-эмоциялық-бағалаушы;
-белсендіруші энергетикалық деп аталатын 3 өлшемді айтамыз.
Адамның психикалық күйі немен сипатталады, біріншіден оның тұтастығы, екіншіден қозғалғыштығы (динамикалық), үшіншіден адамның психикалық процесстерімен, жеке (ндивидуалды) ерекшеліктерімен, полярлығымен, қасиеттерімен өзара байланысында көрінетін белгілі бір салыстырмалы жағдайдағы орнықтылықпен сипатталады.
Өзіндік реттелу когнитивті, рефлексивті, мотивациялық, эмоциялық, мағыналық, мінез-құлықтық процесстерді әртүрлі деңгейде адамның жұмыс жасатуы. Өзіндік реттелу процесі маңызды нәтижеге жетуге және оны таратуға байланысты мәселелі жағдайды ұғынылған реттеуді тауып, құндылықтарды жүзеге асырады.
Енді біз психикалық күйлерді реттейтін әдістерге тоқаталамыз. Психикалық күйлерді реттеу әдістерінің жіктемесі бойынша олар екіге бөлінеді: сыртқы және ішкі, әрине бұлайша бөлу ол шартты ғана, себебі, мысалы илану ол өзіндік илану болуы да мүмкін.
Психикалық күйлерді реттеудің сыртқы әдістері: фармакологиялық, сырткы иландыру, гипноз, әуен терапиясы (музыкатерапия), түстермен әсер ету, кітап терапиясы (библиотерапия), иммитациялық ойындар (рөлдік және іскерлік ойындар), физикалық құралдар (масаж, гидропроцедуралар, акупунктура).
Өзіндік реттелу адамның өзінің күйлерін реттеу үшін, мақсатқа жету үшін, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен дербес (автономды) болуы керек, өзін басқарудың мүмкіндігін үйрену қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет