2 ДӘріске лабораториялық сабақТЫҢ тақырыбы қарапайым белоктар немесе протеиндер қысқаша теориялық мәліметтер


жұмыс Белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру



бет3/5
Дата27.09.2023
өлшемі57,38 Kb.
#110367
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-зертхана Биохимия

жұмыс Белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру


  • Әдістің негізі. Белоктарға ауыр металдардың тұздарымен әсер еткенде, олардың иондары белоктың құрамындағы аминқышқылдарының функциональды радикал топта-рымен байланысып, белоктың кеңістіктегі құрылымын жояды. Нәтижесінде белок денатурацияға ұшырап, тұнбаға түседі.
    Құрал-жабдықтар. Штативтер, пипеткалар, пробир-калар.
    Қажет реактивтер. 5 %-күкірт қышқылды мыс /CuSO4 /, 5%-сірке қышқылды қорғасын / Pb(CH3 COOH)/2, 5%- азот қышқылды күміс /AgNO3/, 5%-хлорлы темір /FeCl3/ ерітінділері.
    Жұмыстың барысы. Төрт пробирка алып, әрқайсысы-на 1-2 миллилитрдей белок ерітіндісін құяды. Бірінші пробиркаға тамшылап күкірт қышқылды мыс (CuSO4) тұзының ерітіндісін, екіншісіне сірке қышқылды плюмбит Pb(CH3COOH)2, үшіншіге азот қышқылды күміс (AgNO3), төртіншіге (FeCl3) тұздарының ерітінділерін құйып араластырса тұнба түседі.
    2-жұмыс Белоктарды нейтралды тұздармен тұнбаға түсіру


    Альбумин және глобулин белоктарын алу.
    Қажет құрал-жабдықтар. Штативтер, пробиркалар, пипеткалар.
    Қажет реактивтер. Кристалды NaCl, (NH4)2SO4, MgSO4 , қаныққан күкірт қышқылды аммоний /(NН4) 24 / ерітіндісі.
    Жұмыстың барысы. Бірінші пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, кристалды хлорлы натрий /NaCl/ тұзын қаныққанша қосса, тұнбаға тек глобулин белогі түседі. Альбуминдер ас түзымен тұнбаға түспейді. Екінші пробиркаға 1 мл белок құйып, оның үстіне бірдей көлемде қаныққан күкірт қышқылды аммоний ерітіндісін қосады. Осы жағдайда тұнбаға глобулин белогы түседі. Тұнбаны сүзіп алады да, ерітіндісіне кристалды күкірт қышқылды аммоний /NH4/2SO4 тұзын қаныққанша салады. Енді тұнбаға альбумин белогі түседі.
    Үшінші пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, үстіне кристалды күкірт қышқылды магний тұзын қаныққанша қосса, глобулин тұнбаға түседі. Тұнбаны сүзеді де, ерітіндіде альбумин белогы бар екенін білу үшін қыздырады немесе алкалоидты реактивтердің біреуін қосады.
    Жоғарыда көрсетілген әдіспен белокты ерітіндіден әртүрлі тұздармен немесе бір тұздың әртүрлі концентрациясымен тұнбаға түсіріп бөліп алуға болады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет