2 ДӘріске лабораториялық сабақТЫҢ тақырыбы қарапайым белоктар немесе протеиндер қысқаша теориялық мәліметтер


-жұмыс Белоктарды минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру



бет4/5
Дата27.09.2023
өлшемі57,38 Kb.
#110367
түріСабақ
1   2   3   4   5
3-жұмыс Белоктарды минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру


Әдістің негізі. Концентрлі минералды қышқылдардың (фосфор қышқылынан басқа) әсерінен белок ерітіндіден тұнбаға түсіп қайтымсыз денатурацияға ұшырайды. Мұның себебі белоктың коллоидты түйіршіктері сусызданады, зарядтары жойылып белок пен қышқылдардан тұздар т.б. пайда болады. Егер қышқылдарды көбірек құйса (азот қышқылынан басқа) белок тұнбасы еріп кетеді.
Қажет құрал-жабдықтар. Штативтер, пипеткалар, пробиркалар.
Қажет реактивтер. Азот қышқылы /HNO3/, тұз қышқылы /HCl/ және сірке қышқылдары /CH3 COOH/.
Жұмыстың барысы. Үш пробирка алып әр қайсысына 1 мл белок құяды. Оның үстіне бір миллилитрден әртүрлі қышқылдар, біріншісіне азот, екіншісіне тұз, ал үшіншісіне сірке қышқылдарын құяды. Екі сұйықтың арасында ақшыл тұнба пайда болады. Пробиркаларды ақырындап шайқаса екінші, үшінші пробиркалардағы тұнба еріп кетеді, ал біріншідегі тұнба жойылмайды, өйткені азот қышқылын қанша құйса да тұнба ерімейді.


4-жұмыс Белоктарды органикалық қышқылдармен тұнбаға түсіру


Әдістің негізі. Ерітіндіден блоктарды органикалық қышқылдардың әсерімен де тұнбаға түсіруге болады, бірақ әртүрлі қышқылдар белокқа әртүрлі әсер етеді. Үшхлорлы сірке қышқылы /CCl3COOH/ мен сульфосалициль C6H5(OH)СООН-НSО3, салицил С6Н5О-COOH қышқылдары белоктарға өте тән және күшті әсер ететін қышқылдар. Сондықтан оларды тәжрибелерде кеңінен қолданады. Үшхлорлы сірке қышқылы ерітіндіден тек қана белоктарды тұнбаға түсіреді, ал олардың ыдырауынан пайда болған заттар (мочевина, аминқышқылдары, амидтер, төменгі молекулалы пептидтер т.б.) ерітіндіде қалып қояды. Осыған сүйене отырып ерітіндідегі белокты және белок емес азоттық заттарды бір-бірінен ажыратып анықтауға болады.
Қажет құрал-жабдықтар. Штативтер, пипеткалар, пробиркалар.
Қажет реактивтер. 10%-сульфосалициль қышқылы, 10%-салицил және 5%- үшхлорлы сірке қышқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет