2 ДӘріске лабораториялық сабақТЫҢ тақырыбы қарапайым белоктар немесе протеиндер қысқаша теориялық мәліметтер



бет1/5
Дата27.09.2023
өлшемі57,38 Kb.
#110367
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2-зертхана Биохимия


2 ДӘРІСКЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
ҚАРАПАЙЫМ БЕЛОКТАР НЕМЕСЕ ПРОТЕИНДЕР


Қысқаша теориялық мәліметтер. Қарапайым белоктардың маңызды өкілдері:
1.Альбуминдер – бейтарап тұздармен (аммониц сульфатымен немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, организм клеткаларында және биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмыртқасында, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Альбуминнің молекуласы теріс зарядталған.Құрамында глутамин қышқылы көп болғандықтан, оның қышқылдық қасиеті бар,рНі -4,7, альбуминдер суда, тұзды ерітінділерде ериді, қан плазмасында липидтерді, гормондарды, витаминдерді, микроэлементтерді тасымалдайды. Қан сарысуының альбумині 550 амин қышқылы қалдықтарынан құралады,М-68500, лактальбумин (сүтте болады) 153 амин қышқылы қалдықтарынан құралады,М-17600.Жұмыртқа белогында овальбумин кездеседі, оның М -45000.
2. Глобулиндер –бейтарап тұздармен жартылай қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді.Өзі альбуминдер бар жерде кездеседі.Глобулин – сәл қышқылдау белоктарға немесе бейтарап белоктарға жатады. Ол сұйытылған тұз ерітінділерінде ериді, суда ерімейді,рНі- 6- 7,3. Глобулиндер – қанда көп мөлшерде кездеседі.Олар өздерінің құрамы, молекулалық массасы және биологиялық қызметі жағынан бір-бірінен өзгеше. Глобулиндерді: α – глобулиндер, β – глобулиндер, γ– глобулиндер деп бөледі.Ал олардың өздері әрі қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Глобулиндердің ішіндегі аса маңыздысы γ– глобулин.Ол антидене, организмді қорғаушы белок.
3.Гистондар – организмнің ұлпалық белоктары.Ол хроматиннің ДНҚ қосылысымен байланысты болады.Генетикалық мәліметтің ДНҚ-дан РНҚ- ға берілуіне жан-жақты тосқауыл қояды.
4.Протаминдер – ең шағын молекулалық белоктар, М 4000-12000 шамасындаы, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп,гистондар сияқты ДНҚ-мен байланысты.Ол спермада (еркектің ұрығында) болады және реттеушілік емес, тек құрылымдық қызмет атқарады.
5.Проламиндер – өсімдіктер белогы.Әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктердің дәнінің жабысқақ ұлпасында болады.Суда, тұзды ерітінділерде, қышқылдарда және сілтілерде ерімейді, 70% этанолда ериді.
6.Глутилиндер – өсімдіктер белогына жатады., сілтінің сұйық ерітіндісінде ериді, астық дақылдары дәнінде болады, оның құрамы глутамин қышқылына және лизинге бай келеді.
7.Коллаген – бұл дәнекер ұлпаның (сіңір, сүйек, тері, тіс, шеміршектің) негізін құрайды.Коллагеннің молекуласы үш полипептидтік тізбектен тұрады.
8.Эластин- дәнекер ұлпасының иілмелі- созылмалы белогы. Ол әсіресе мойын омыртқалардың байланысында, орта қан тамыры қабырғасында коллагенмен бірге кездеседі.
9.Кератин- шаш, жүн, тырнақ, тұяқ және қауырсындардың құрамына кіретін белоктар тобы. Құрамында цистеин (15% шамасында), глутамин қышқылы, лейцин көп. Бұл белоктың иліліп- созылғыштығы және механикалық мықтылығы полипептидтік тізбектер арасындағы дисулфидтік байланыстардан болады.
10.Фиброин- табиғи жібек талшықтарының негізін құрайтын белок. Сол сияқты ол өрмекші өрмегінің де негізі болып табылады. Бұл белок құрамында көп мөлшерде глицин, аланин, серин, триозин бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет