№2 дәрістің тақырыбы: Мәтін лингвистикасы туралы түсінік. Мәтіннің зерттеу бағыттары. Мәтін лингвистикасы ілімі мен мәтін теориясының байланыстылығы

бет4/5
Дата16.09.2023
өлшемі116,54 Kb.
#108149
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 2

Мәтін лингвистикасы ілімі мен мәтін теориясы тығыз байланысты, екеуінің объектілері бір-бірімен ұштасып жатады. Мәтін теориясы мәтінді құрылымдық және қызметтік жақтарынан алып талдайды. Құрылымдық тұрғыдан зерттегенде мәтіннің тұтастығы мен байланыстылығы сияқты негізгі сапаларына көңіл бөлінеді. Байланыстылығы – бұл мәтіннің дұрыс құрылуы – дұрыс құрылмауы деген мәселелермен ұштасады. Мұнда мәтін элементтері неден тұрады және олардың арасындағы байланыстың сипаты қандай, оны нелер құрайды деген сұрақтарға жауап алынады. Мәтін құрудың жалпы да ортақ принциптері, олардың мәтіннің мазмұндық, жанрлық т.б. ерекшеліктеріне байланысты болатындығы талдаудың негізгі объектісіне айналды. Мәтіннің тұтастығын зерттеу оның элементтерінің қызмет ауқымын айқындау тұрғысынан жүзеге асады.

Мәтіннің мазмұнын ашу мәтіндегі қандай да болмасын зерттеулердің түпкі мақсаты болмақ. Сондықтан тіл тұлғаларының мазмұны ашық та, жабық-жасырын да келетін көркем мәтіндерді зерттеуде бұл, әсіресе, үлкен мәнге ие. Өзінің айтайын деген ойын, белгілі бір мазмұнды беру үшін автор қандай бейнелеу құралдарын таңдаймын десе де ерікті. Мәтіннің жасырын мағыналарын ашуда тіл таңбаларының екі жақты болмысына ден қойылады: тілдік тұлғалар (таңбалар) сол мәтіндегі не басқа мәтіндегі өзі сияқты тұлғалармен мағыналары және сыртқы тұлғалары бойынша үндесе отырып, мәтіннің басқа да компоненттерімен байланысқа түседі. Сондықтан мәтін теориясының жетістіктері көркем мәтіндегі талдауда кең пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет