2 емтихан билеті


Мінез бен темперамент ұқсастығы



бет2/2
Дата11.03.2023
өлшемі20,43 Kb.
#73417
1   2
Байланысты:
2 емтихан билеті

Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипаты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент-мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық-ұстамсыздық, қозғалғыштық-салғырттық тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес. Біркелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін.Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиянға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиникке ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с. Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістерінің сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын береді. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшелкітерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның тұлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін құрайды. Мінез-бұл тұлғаның адамдарға тұрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән құлық ерекшелігін белдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе ұстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана ба ланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәлеуді






3.

Вербалды және вербалды емес байланыс құралдары ретінде салыстырыңыз



Адамдардың ара қатынасы белгі жүйесі арқылы іске асырылып,осылайша мәлімет алмасу және әрекеттесуі мүмкін.Ара қатынастың екі түрі болады꞉
1.Вербальды коммуникация
2.Вербальды емес коммуникация
Вербальды коммуникация (сөз арқылы қатынасу) Сөз арқылы мәлімет адамнан адамға ұсынылып,қатысушылар бір-біріне әрекет жасайды,бағыт береді,өз ойын түсіндіруге тырысады.
Сөз-ақпарат көзі және науқаспен сұхбаттасу әдісі ретінде қолданылады.
Медицина қызметкерлерінің қажетті сөзді дұрыс қолдана білуі,науқасқа сөз арқылы нақтылы және тиімді әсер етуі өте күрделі.
Сөз арқылы әрекет-вербальды коммуникацияға жатады.Мұнда қосымша вербальды емес әрекеттер мінднтті түрде қолданылады.
Оларға жататындар:
• Мимика
• Жест (қол қимылдары)
• Поза (дене қалпы)
• Көзқарасы
• Дауыс ерекшіліктері
Сөздің психологиялық әсері.
Медициналық қызметкердің әрбір сөзіне науқастың психологиялық оң не кері әсерін тез арада бағалап,оған беретін жауабына,ойына байланысты.Яғни,сөз арқылы науқасқа психологиялық әсер беріп,оның жауабына байланысты келесі ойын жеткізеді.
Медициналық қызметкердің айтылған сөзі,нұсқауы іске асырылып,орындалу үшін,оның дауысы жайлы,ұнамды болуы керек.Науқасқа тез,асыға,қатал және жоғары дауыста сөйлеуге болмайды.
Науқасқа сөгіс айту, ескерту жасау.
Науқас ауруханада емделу тәртібін және режимді бұзуына байланысты оған сөгіс айтылады,ескерту жасалады.Мұндай жағдай туғанда,медициналық қызметкер нақты,анық дәл және қысқы сөйлейді.Әңгіме нәтижесінде ауру адам дәрігердің айтқанын толық түсініп,қабылдауы керек.Медициналық
қызметкер ашу-ыза кейіп көрсетпей,объективті және сыпайы,әдепті түрде қарым-қатынас жасағаны дұрыс.
Вербальды емес ара-қатынасу тәсілдері
Қарым-қатынас барысында медициналық қызметкерлер сөз арқылы араласуымен қатар,қосымша келесі вербальды емес әдістерді де қолданады:
• Қатынасушының мимикасын зерттеу;
• Дене қалпын зерттеу;
• Қас қабағын,көзқарасын зерттеу;
Қол қимылдар зерттеу;
• Дауыс ерекшеліктерін анықтау;
Визуальды қатынасу (“көз жанасуы")
Көзбен жанасу-вербальды емес қатынасу әдісі, басқа адам туралы біршама ақпарат жинауға мүмкіншілік береді. Мысалы, шашыраңқы қарау немесе тік емес, шетке қарау адамның қатынасуға назарының немесе ниетінің жоқтығын білдірсе, ал тік қарау оның құштарлығын, даярлығын білдіреді. Қатынасу үстінде адамға тік қарау мезгілі 3 сек аспауы керек,себебі бұл
уақыт партнерды қоздырмай,тиімді психологиялық жанасу
ұруға жеткілікті. Егер тік қарау 3 сек ұзақ болса,пациентте
искомфорт және мазасыздық жағдайын туады,ал 10 сек астам уақыт конфронтация және агрессияға әкелуі мүмкін.
Дене қимылдары, дене қалпы
Науқастың жүріс мәнері оның физикалық жағдайын,көңіл күйін сипаттайды.Қол сермеуі және дене қалпы пациенттің мінезі мен көңіл-күйін көрсетеді.Толқу үстінде науқас үнемі басының,бетінің әр жеріне қолымен тиіп кетіп немесе уқалап,сипалап тұрады.Науқастың қолын төсіне айқастыруы,қолын арқасында ұстауы,қолымен тосқауыл жасауы сияқты жестілері оның қорғаныш реакцияларын білдіреді.Ал қолдарын беліне
таянуы,алақаның төмен қарап ұстауы,саусақтарын жоғары бағытта ұстауы сияқты жесттері науқастың қарсылығын білдіреді.
Ашық позалар накқастың ара қатынасқа және әрекетке даярлығын көрсетеді.Оларға жататындары:басы және денесі қатынасушыға қарай бұрылған,бетке тік қарауы.

Жабық позалар науқастың қатынасуға қарсылық жасағанын сездіреді.Оларға жататындары:кеудесіне қолдарын айқастыра тұруы –Наполеон позасы,аяғын айқастыра,қол ұшын қалтаға салуы немесе қолдарын арқасына жасыруы,басын және денесін басқа жаққа бұрып ұстауы,жерге немес дәрігерден тыс қарауы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет