2 Ғылыми зерттеудің мақсаты


Ақпаратты іздеу әдістері қолданылуына қарай бірнешеге бөлінеді



бет9/14
Дата05.05.2023
өлшемі41,62 Kb.
#90375
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ақпаратты іздеу әдістері қолданылуына қарай бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда:адрестік іздеу, семантикалық іздеу, құжаттық іздеу, фактографиялық іздеу.
Адрестік іздеу - сұраныста көрсетілген нақты белгілері бойынша құжаттарды іздеу процесі. Оны жүзеге асыру үшін, келесі шарттар қажет:
-құжаттың нақты адресінің болуы;
-есте сақтау құрылғысында немесе жүйенің сақтау орнында құжаттардың орналасу ретін қамтамасыз ету.
Құжаттардың адрестері веб-серверлердің және веб-беттер және библиграфиялық жазбалар элементтерінің адресі және сақтау орнында құжаттарды сақтау адрестері болуы мүмкін.
Семантикалық іздеу - құжаттарды олардың мазмұны бойынша іздеу процесі. Шарты: -құжаттардың және сұраныстардың мазмұнын табиғи тілден ақпараттық-іздену тіліне аудару;
-құжаттар мен сұраныстарды іздеуді құрастыру;
-іздеудің қосымша шарты көрсетілген сипаттамасын құру. Ғылыми құжат дегеніміз информациялық өнімдер мен қорларды сандықжағынан сипаттайтын құрылымдық бірлікті айтады.
Құжаттық іздеу - сақтау орнында ақпараттық-іздеу жүйесінің алғашқы құжаттары немесе пайдаланушының сұранысына сәйкесінше екінші құжаттардың мәліметтер қоры.
Құжаттық іздеудің екі түрі бар:
1. Кітапханалық, бірінші құжаттарды сақтауға бағытталған (кітаптар,брошюралар, монография, статьялар.оқу құралдары т.б..)
2. Библиографиялық, библиографиялық жазба түрінде көрсетілген, құжаттар
туралы мәліметтерді табуға бағытталған.
Фактографиялық іздеу. Ақпараттық сұранысқа сәйкес фактілерді іздеу процесі. Фактографиялық мәліметтерге құжаттардан алынған, алғашқы сонымен қатар екінші және пайда болу өзегінен алынған мәліметтер жатады.
Екі түрі ерекшеленеді:
1.Құжаттық-фактографиялық, құжаттан мәтіндік фрагменттерді іздеумен
түсіндіріледі.
2.Фактологиялық (фактілерді сипаттау), табылған фактографиялық логикалық ақпаратты қайта өңдеу жолымен іздеу процесінде жаңа фактографиялық сипаттамаларды құруға ұсынады.

Жұмыстың тақырыбы мен проблемасына сәйкес келетін дереккөздерді ғана таңдау ұтымды. Ол үшін тақырып атауындағы кілт сөздерді таңдау пайдалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет