2 ҰҢҒыманы газлифтілі әдіспен пайдалану


ГАЗЛИФТ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



бет9/12
Дата28.04.2023
өлшемі451,08 Kb.
#88015
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
2 ыманы газлифтілі діспен пайдалану (1)

2. ГАЗЛИФТ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
2.1 ГАЗЛИФТІ ҰҢҒЫЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріссаласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады.
ЕӨ = ҰТ / А,
Кен орнында ұңғыны зерттеу жұмысы ұңғылардан шығатын сұйықтың су көлемінің өзгерісін бақылау арқылы ұйымдастырылады. Зерттеу жұмысын төмендегідей жолдармен ұйымдастырады:
- Диаметрі белгілі штуцері бар ұңғының өнімін екі сағаттан кем емес бір неше рет өлшейміз.

- Бұл кезде траптан газ шығаратын құбыр өткізгіште қондырылған шығын өлшегіш арқылы ұңғыдан бөлінген газ көлемін анықтайды. Шығарылған газ көлемін өндірілген мұнай көлеміне қатынасы ұңғының газ факторына тең.


- Сұйықтың құрамындағы құмды анықтау үшін фонтанды


арматураның тармағынан сұйық үлгісі алынады. Алынған сұйықты сілкіп, шайқап шыныларға толтырып лабораторияға жіберіледі.
- Штуцер орнатқаннан кейін 2 – 3 күн сайын өнімін өлшейді.

Бұл ұңғының белгілі бір қалыптасқан режимде жұмыс жасауына көз жеткізу үшін қажет, содан кейін штуцер диаметрінің 1 мм – ге азайтып белгілі бір уақыттан кейін (12 – 24 сағ. дейін жаңа режим қалыптасу үшін) өлшеулерді қайталайды. Бұл жұмысты мына шарт орыңдалғанға дейін қайталайды: штуцер диаметрін азайтуы, газ факторының көбейюіне әкеліп соғады. Ал егерде штуцер диаметрін бір өзгерткеннен кейін газ факторының көбейгені байқалса, онда штуцер диаметрін азайтпайды. Оның орнына ұңғыға диаметірі 1 мм – ге үлкен штуцер орнатылады, егерде жаңа штуцер салғаннан кейін ұңғының газ факторы азайса, оның газ факторы көбейгенге дейін, штуцерінің диаметрін 1мм ге көбейтіп отырады. Газ факторының кенеттен өзгерулері байқалса штуцер диаметрін 0,5 мм немесе одан аз ғылып та өзгертуге болады.


Зерттеу барысында алынған өлшемдер арқылы штуцер диаметрінің өзгеруіне байланысты газ факторының өзгеру қисығын салуға болады.
Зерттеу кезінде алынған сұйық ағындағы су мен құм құрамы диаграммаға тіркіледі. Ұңғыларды зерттеуді әр 2-3 ай сайын қайталап отыру керек.
Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.

Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:


- Активтердің айналымдылығы (сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100%) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды;

- Негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;


- Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;


- Материалдық-өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.


Өтімділік көрсеткіштері:
- Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.
Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.

- Жабу коэффициенті (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.


- Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден - өндіріс запастары алынып тасталады.


- Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда тез арада өтеле алатынын көрсетеді.


- Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет