1.ҰҢҒЫМАНЫ ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСПЕН ПАЙДАЛАНУ
1.1. МҰНАЙ ӨНДІРУ ҰҢҒЫЛАРЫН ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСІМЕН ИГЕРУ
Сұйықтың жер бетіне қабат күштері арқылы көтерілуі тоқтаған кезде, шыңырау фонтандауы тоқтайды. Ұңғының фонтандауын ұңғыға арнайы клапандар арқылы немесе ауа жіберу арқылы жүзеге асыруды газлифті әдіспен игеру деп атайды. Газлифті екі каналдан немесе өткізгіш құбырдан тұрады. Біреуі ауаны немесе газды өткізу үшін, екіншісі газ бен сұйық араласқан қоспаны көтеру үшін ұңғыға екі қатар орналасқан құбыр жіберіледі. Бұл құбырлар арқылы газ немесе ауа айдалады. Олар ауа құбыры деп аталады. Екінші қатармен жоғарыға газ бен мұнай араласқан қоспа көтерілетін құбырлар көтергіш құбырлар деп аталады.
1-сурет .МҰНАЙ ӨНДІРУ ҰҢҒЫЛАРЫН ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСІ
Сұйықтың құбыр мен ұңғыда бір деңгейде болуы тұрақты деңгей деп аталады. Ұңғыдағы сұйықтың қысымы қабат қысымына тең болады;
P қаб = ρgН (2.1.1)
Ұңғыны игерудің компрессор үстінде сығылған газ немесе ауаны қолданып игеру түрі ұңғыны компрессорлы түрмен игеру деп аталады.
Егер ауа құбыры арқылы газ айдасақ, онда газ құбырдағы сұйықты ығыстырып көтергіш құбырларға өтеді де, ондағы сұйықтықпен араласады. Мұндай қоспаның тығыздығы сұйықтың алғашқы тығыздығынан төмен болады. Өйткені көтергіш құбырлардағы сұйықтықтың деңгейі жоғары көтеріледі. Көтергіш құбырларға газ неғұрлым көп жіберілсе, сұйықтың деңгейі соғұрлым жоғары болады. Қоспаның көтеру биіктігі көтергіш құбырлардың көтеру қабілетіне байланысты болады.
1.2. ГАЗЛИФТІ ӘДІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. Ұңғының тереңдігі мен тізбектің диаметріне қарамастан көп мөлшерде өнім алуы.
2. Құбырға айдалатын газдың немесе ауаның мөлшерінің өзгеруіне байланысты ұңғы өнімін бір қалыпты және жеңіл өндіру.
3. Қондырғылардың жер бетіне орналасуы қисық бағытталған және қисайған ұңғыларды сонымен бірге көп мөлшерде құм шығаратын ұңғыны игеруі.
4. Жоғарғы температураның ұңғыға әсер етпеуі.
5. Жер асты жөндеу жұмыстарының арзанға түсуі.
Пайдалану тізбегі мен оған түсірілген құбырдан тұратын сығылған газ бен ауа көмегімен жоғарыға қарай көтеру жүйесі газлифті немесе эрлифті (газ немесе ауа көтергіш) деп аталады.
Газлифті жүйесінің әсері фонтан жүйесімен әсері бірдей, себебі сұйықтың жоғарыға көтерілу жұмысшы агентінің қуаты әсерінен болады.
Газды немесе ауаны сығуы, жоғарыда компрессордың көмегімен орындалған мұнай ұңғысын пайдалану компрессорлық деп аталады.
Қоспаның көтеру жоғарылығы тек айдалған газ сонымен байланысты емес, көтергіш құбырдың сұйыққа батуына байлаысты. Егер көтеру құбыры сұйық деңгейінен төмен болса, онда айдалған газ сұйықтан өтіп жоғарыға шығып кетеді. Ал сұйық қабырғасымен қайта төмен қарай ағады. Сұйықтың көтерілуі жоғарылығы көтергіш құбыр диаметріне байланысты. Үлкен диаметрлі құбырларға қарағанда кіші диаметрлі құбырларға бірдей агент шығынымен бірдей сұйық деңгейі көтерілуі мүмкін.
Көтеру жоғарылығына сұйық тұтқырлығы да әсер тигізеді. Мұнайдың көтерілу жоғарылығы суға қарағанда төмен. Себебі мұнай тұтқырлығы үлкен. Газдың, мұнайдың құбыр қабырғасынан өтуі қиын. Сондықтан мұнайды жоғарыға көтереді. Осылай газ ауа көтергішінің жұмыс істеуі көтергіш құбырда газдануымен оның орташа тығыздығымен төмендеу нәтижесінде көтерілу құбырына үздіксіз газ беру кезінде газданған сұйық ұңғының сағасына дейін көтеріледі және сыртқа төгіледі.
Газ көтергіш пайдалану кезінде ұңғыда құбыраралық деңгей пайда болады. Бұл өзгермелі деңгей деп аталады.
Өзгермелі деңгей әрқашан тұрақты деңгейінен аз болады:
Достарыңызбен бөлісу: |