Көтергіш құбырларындағы тұз шөгінділері мен күрес.Сулы ұңғыларды пайдалану кезінде кей жағдайларда көтергіш құбырлар мен арматураларда қабат қысымымен температурамен салыстырғанда ұңғыдағы температура мен
қысымның өзгерісінің әсерінен тұз түзіледі. Тұз көтергіш құбырының жоғарғы жағына яғни сағадан 150-300 м бойында түзіледі.
Соның әсерінен жұмысшы агент қысымы көтеріледі және ұңғы шығымы төмендейді. Тіпті өнім беруі тоқтайды. Карбонатты кальциимен яғни тұздардың түзілуінің алдын алу үшін көтергіш құбырына арматураға және сұйық шығатын жиелігіне түрлі химиялық реагенттерді айдаймыз.
Парафин шөгінділерімен күрес. Парафинді мұнай беретін ұңғыны газлифті әдіспен пайдалану көтергіш құбырының қабырғаларына парафин жиналады.
Құбырды парафиннен тазарту мен оның алдын алу тәсілдері фонтанды пайдаланудағы әдістермен бірдей құбырды, әсер ету жұмыстары қолданылады.
Металл сальниктерді жою. Эрлифтпен пайдалану кезінде сығылған газ компрессорлық станциядан ұңғыға дейін бір шама арақашықтықтан өтеді. Ауаның құбырмен қозғауы, әсіресе ауа аса дымқыл болса металл тотығуы бірге жүреді. 70-80% дымқылда көрініп тұратындай тотығу болады. Одан басқа қысымның жоғарылауына байланысты тотығу жылдамдығы жеделдейді. Құбырдың тотығуына күкірт қышқылы мұнайдағы күкірт қоспаларымен айдалған ауа оттегінің өзара әректтесуінен пайда болған әсерінен тигізеді. Даттануды төмендету үшін төмендегі шаралар жасалады:
1. Құбырдың ішкі жағынан лакпен, әйнекпен немесе эмальмен
жағады
2. Ауаның конденсатты құм арада кептіреді.
3. Ауа қозғалысын бағытын сақиналы жұйедене орталық жүйеге
ауыспалы түрде ауыстыруды және керісінше
Сальниктің пайда болуын алдын алуының жақсы әдісі – мөлшерлеу сораптарының көмегімен ауамен бірге үстіртін әрекетті заттар (ПАФ) айдалады. Егер әдіспен сальник жойылмаса жер асты жөндеуге беріледі.
Сұйықтың ерімейтін талшықтарына қанықан заттың пайда облуымен күрес.
Қабаттан мұнай мен бірге судың келуіне байланысты эмульсия пайда болуы мүмкін.
Эмульсиялды мұнайды таза мұнайдан бөлек тасымалдайды. Одан әрі арнайы қондырғыдан эмульсияны мұнай мен суға бөледі.
Эмульсияны болдырмаудың тиімді шараларының бірі жұмысшы агентіне мұнай газ пайдалану. Ұңғыдан таза мұнай алудан ұңғы ішінде сұйықтан мұнайды ажырату (деэмульгатор) жақсы нәтиже береді. Бұл әдісте сақиналы кеңістікте сығылған ауамен бірге эмульсияны болдырмайтын сұйық деэмульгатор беріледі.Газлифт жүйелеріне деэмульгаторды қажетті концентрацияда мөлшелеу сораптарының көмегімен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |