3. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
3.1. ГАЗ ҰҢҒЫСЫНДАҒЫ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
1. Газ конденсатты және газ ұңғылары автоматты клапан бөлшекпен жабдықталуы керек және құбыр желісіне қондырылады.
2. Ұңғыны пайдалану үрдісінде дайындаған заводтың инструкциясына сәйкес клапан бөлектегішті мезгіл-мезгіл жұмыс жасайтындығын тексеріп тұру керек. Клапан бөлектегішінің қондырылуы және оны тексеру актпен жазылуы керек.
3. Ұңғының құбыр желісінде және манифольдта t 800 С жоғары жұмыс жасаса, міндетті түрде температуралық компенсатор қолдану керек.
4. Ұңғыны сағатына шахталық құдықтарды орналастыруға болмайды.
5. Фонтан қондырғысының ақауларын жоқ қылуға тез жазатын және ауыстыру керек, құрылығыларды қысым кезінде ауыстыруға болмайды. Кейбір жағдайларда бұл жұмыстар арнаулы оқыған мамандар арқылы арнаулы техникалық құрамдарды қолдану арқылы орындауға болады.
6. Монифольдты монтаждаудан кейін және оны фонтан қондырғысының бұрамаларымен және құбыр басымен жалғағанда жүйені жұмысшы қысымға гидросынау жүргізу керек.
7. Ұңғыны және аппаратураны байланыстыру үшін сол сияқты фонтанды және газлифтілі пайдалануға газ құбыры үшін дәнекерлеу арқылы жалғанған тегіссіз болат құбырлар қолданылуы керек. Қосқыш кетік арқылы жалғау ысырма қондырылатын жерлерге және басқа қондырғыларғы пайдаланады. Газ тарату батареялары газ шығының жеке-жеке өлшейтін автоматты жүйе диспетчерлік пункт арқылы басқарылатын жүйе шығарылатын болу керек. Гидротығының жоқ қылу үшін газ құбырларындағы атмосфералық қысымға түсіру керек. Ал бұл бөліктен бумен қыздыру керек. өткізгіштік қабілетін сақтау үшін газ құбырын тоқтатпау қысымды ингибиторлар керек.
3.2. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Мұнай газ өндіру өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайтын негізгі салалардың бірі болып табылады. Мұнай және газ кен орындарын игеріп, пайдалану қоршаған ортаға техногендік әсерімен сипатталады.
Қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау шаралары Қазақстан Республикасының Заңдарына және халықаралық ережелерге сай орындалу керек.
Мұнай газ өндіретін және өндейтін өндірісорындарында атмосфераға бөлінетін ластаушылардың негізгі компоненті болып күкірттісутек, күкіртті ангидрид, көміртек қышқылы, көміртектер, азот қышқылы және басқалары табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |