2. Кеннеди жiктелуi бойынша тiс қатары ақауын төрт классын дұрыс орналасуын тап



Дата26.06.2023
өлшемі55,42 Kb.
#103460
Байланысты:
ТИСП тест ЗТ 2 курс с отв


1.Жартылай алынбалы протезде жиi қолданылатын жiктелудi ұсынған автор кiм?
+a) Кеннеди
b) Оксман
c) Дойников
d) Энтин
e) Энгель
2.Кеннеди жiктелуi бойынша тiс қатары ақауын төрт классын дұрыс орналасуын тап;
a) 4,3,2,1
b) 3.4,2,1,
+c)1,2.3,4
d)2,3,4,1
e) 3,4,2,1
3.Жартылай алынбалы протез жасау әдiсiнде жиi қолданылатын жiктеудi көрсет?
+a) Кеннеди
b) Гаврилов
c) Шредер
d) Блэк
e) Кальвелис
4.Кеннеди жiктелуi неше топқа бөлiнедi?
a) 5
+b) 4
c) 3
d) 2
e) 1
5. Бүйiр бөлiгiндегi кірістірлген ақау Кеннеди жiктемесi бойынша қай классқа жатады?
a) 1
b) 2
+ c) 3
d) 4
e) 5
6.Алдыңғы бөлiгiнде кірістірілген ақау Кеннеди жiктемесi бойынша қай классқа жатады?
a) 1
b) 2
c) 3
+d) 4
e) 5
7.Екi жағындағы ұшында ақау Кеннеди жiктемесi бойынша қай классқа жатады?
+a)1
b) 2
c) 3
d) 4
e) 5
8.Бiр жақты ұшында ақау Кеннеди жiктемесi бойынша қай классқа жатады?
a) 1
+ b)2
c) 3
d) 4
e) 5
9.Жартылай алынбалы протез құрамын тап?
a) тек негiз пен жасанды тістерден
b) тек кламмер мен негiзден
+ c) негiз, кламмер, жасанды тiстерден
d) негiз, жасанды тiстерден, доғадан
e) негiз, тірек ұстағыш кламмер
10.Жартылай алынбалы протездiң кемшiлiктерiн тап?
a) тығыз, мықты
b) жеңiл, қолайлы
c) әдемi,гигиеналы
+ d) ауыз қуысында көп орын алады
e) мықты, тез үйренедi
11.Жартылай пластинкалы протездiң шайнау қызметi неше пайыз?
a) 90 - 95 %
+ b) 45 - 55 %
c) 95 - 100 %
d) 70 - 90 %
e) 55 - 70 %
12.Жартылай алынбалы протезді неше жыл пайдалануға болады?
+a) 3
b) 4
c) 5
d) 6
e) 8
13.Жартылай алынбалы протез жасауда екiншi зертханалық кезеңiн ата:
+ a) мүсiндi окклюдаторға ғаныштау, тiс қатарын қою, кламмерлер дайындау
b) балауызды білікте жасанды тіс пен кламмер орналастыру,
c) альгинатты қалыптан жұмысшы мүсiн алу,шекарасын сызып белгілеу
d) алғашқы рет протез негізін мүсіндеу,полимерлеу үдерiсiн өткізу
e) соңғы рет протезді мүсіндеп протездi өңдеу,жылтырату
14. Жартылай алынбалы протез жасауда бірiншi зертханалық кезеңi қандай жұмыс жасалады?
a) ғаныштан мүсін құйып алу,балауызды негізбен білік дайындау.
b) балауызды композицияны пластмассаға ауыстыру.
c) жұмысшы мүсiн бетіне ажыратқыш сұйықтық жағу
d) тіректі тіске кламмер иіп дайындау,тiс қатарын қою
e) балауызды негізбен білікті орталық окклюзияны анықтауға дайындау
15.Жартылай алынбалы протез жасауда үшiншi зертханалық кезеңiнде қандай жұмыс атқарылады?
a) альгинатты қалыптан жұмысшы мүсiн алу,шекарасын сызып белгілеу.
b) соңғы рет протез негізін мүсіндеу,протезді астаушаға ғаныштау.
c) тіректі тіске кламмер иіп дайындау,пластмассалы тістерді тізбелеу.
d) балауызды негіз бен білікті орталық окклюзияны анықтауға дайындау.
e) алғашқы рет протез негізін мүсіндеу, протез қалыңдығын қырып дайындау.
16.Жартылай алынбалы протез жасауда төртiншi зертханалық кезеңде қандай жұмыс жасалады?
a) альгинатты массамен қалып алу,мүсіндер құю,протез шекарасын сызу.
b) орталық окклюзиясы анықталған түрде мүсіндерді окклюдаторға ғаныштау.
+ c) протезді ақырғы рет өңдеп,астаушаға қалыптау,полимер үрдісін өткізу.
d) протезді астаушаға қалыптау,балауызды ерітіп тазарту,ажыратқышты жағу.
e) жасанды тістерді егеп орналастыру,кламмерді тіректі тіске иіп келтіру
17.Көшiрме қалып дегенiмiз не?
+ a) тiндер бетiнiң және оның айналасындағының керi бейнесi
b) альгинатты масса көмегімен жақ бетінен анатомиядлық қалып алу
c) протездi өңдеп, егеп келтіру,дайын протезді кигiзу
d) тек тiндердiң бедерi және оның айналасындағы шырышты қабаты
e) тек таңдай бетінің келбетi, шырышты қабаттың орналасу орны
18.Ғанышты дене арасын ажырататын сұйықтық қалай аталады?
a) бензин
+ b) изакол
c) силикодент
d) спирт
e) формалин
19.Жартылай алынбалы протез жасауда қандай көшiрме материалы қолданылады?
a) гелин
b) каучук
c) агар - агар
+ d) упен
e) силамин
20.Қандай протез алынбалы протезге жатады?
a) консольды, көпiрлi протездер
+ b) жартылай, толық протездер
c) өзектi, сына тәрізді протездер
d) жеке, жартылай тiс сауытты протездер
e) телескопиялық, микропротез
21.Мүсiн дегенiмiз не?
a) алынған қалыптан, мүсiндерді медициналық ғаныштан құйып алу
+ b) тiндер бетiнiң және оның айналасындағы шырышты қабаттың тура бейнесi
c) протездер орналасатын орнын, оның айналасындағы шырышты қабаты
d) тек тiндердiң бедерi
e)бет пiшiнiнiң тұрлерi
22.Құйылған мүсiннiң биiктiгi қаншаға тең?
+a) 1,5 см
b) 2,5 см
c) 3,5 см
d) 5 см
e) 3 см
23.Протез шекарасы дұрыс болмаса неге әкеп соғады?
+ a) негiз қозғалмалы болады
b) әдемiлiгi өзгередi
c) тiстесуде ауырады
d) көпiршiктер пайда болады
e) полимерлеу үдерiсi болмайды
24.Орталық окклюзияны анықтау үшiн қандай балауыз қолданылады?
a) лавакс
b) модевакс
+c) негiзгi
d) мүсiндеушi
e) формадент
25.Жартылай алынбалы протезде окклюзиялық бiлiктiң биiктiгi өз тестеріне қарағанда қанша мм болады?
a) 6 - 7 мм тұрақты тiстерден биiк.
b) 2 - 3 мм түрақты тiстерден төмен.
+c) 2 - 3 мм түрақты тiстерден биiк.
d) 4 - 5 мм түрақты тiстерден биiк.
e) тұрақты тiстер деңгейiнде орналасады.
26.Жартылай алынбалы протездiң артқы шекарасы қалай орналасады?
a) А -сызығына - 5мм жетпейдi
+ b) А -сызығына - 1 - 2 мм жетпейдi
c) А - сызығының бойымен аяқталады
d) А- сызығынан - 3 мм асып тұрады
e) А -сызығын 5 мм жауып түрады
27.Мүсiндi окклюдаторға ғаныштағанда мүсiн биiк болса не iстейдi?
a) көшiрме қалыпты қайта алу қажет
b) мүсiндi окклюдаторға ғаныштайды
c) қолайлы окклюдаторды таңдап алады
+d) мүсiннiң биiктiгiн қажетiнше кесiп келтiредi
e) окклюдаторсыз жұмыс iстейдi
28.Қалыптан мүсiндi оңай ажыратып алу үшiн не iстеу керек?
+ a) мүсiн құяр алдында қалыпты сумен сiңiру
b) мүсiндi көшiрменi дайындықсыз құю
c) көшiрменi балауызбен ерiтiп жабу
d) астаушаға мүсінді ғаныштау
e) шлейфмоторда протезді өңдеу
29.Жартылай пластинкалы протез жасау үшiн,қанша тістер ақауы болу керек?
a) 4 - 9
+b) 1 - 4
c) 10 - 13
d) 10 - 14
30.Төменгi жақ жартылай протез дайындау үшін, табиғи тіспен салыстырғанда,біліктің биiктiгi қанша болады?
+ a) біліктің енi 1 см, биiктiгi 2 -3мм биік
b) біліктің енi 2,5 см,биiктiгi 4 мм биік
c) біліктің енi 1 см, биiктiгi 1,5 см
d) біліктің енi 1см, биiктiгi 0,5 см
e) біліктің енi 2,5 см, биiктiгi 3,5 см
31.Жартылай алынбалы протездерде жиі қолданылатын кламмердi тап?
a) ленталы кламмер
b) көп тiзбектi кламмер
c) мүсінделіп құйылған құйылған
+d) бiр иықты иiлген сымды кламмер
e) металдан, пластмассадан жасалған кламмер
32.Жартылай алынбалы протездердегi кламмердiң атқаратын қызметi;
+ a) ұстап -тұрғыш
b) дөңгелекше, ленталы
c) иiлген, құйылған
d) бiр иықты, екi иықты
e) металды, пластмассалы
33.Ұстап- тұрғыш кламмердiң серiппе сияқты болуы неге байланысты?
a) иығының ұзын болуына
b) өсiндiсi мен денесiнiң ұзын болуына
c) өсiндiсiнiң ұзын болуына
+d) денесiнің дұрыс дайындалуында
e) өсідінің қысқа дайындалуына

34.Кламмердiң тiске бiркелкi, тығыз орналаспауы, неге әкеп соғады?


+ a) кламмердің өз қызметін дұрыс атқармауына
b) әдемiлiгiнiң бұзылуына
c) тiстегенде ауыруына
d) негiздiң тесiлуiне
e) протез майысуына
35.Кламмердiң тiс сауытына әлсiз орналасуы неге әкеп соғады?
+a) протездiң нашар бекуiне
b) әдемiлiгiнiң бұзылуына
c) тiстегенде ауырсынуына
d) негiзде тесiктер пайда болуына
e) протездiң майысуына
36.Құрамы денеден, иығынан, өсiндiден тұратын, жартылай алынбалы протездiң бекiткiш элементiн тап;
+ a) кламмер
b) магниттi бекiткiш
d) телескопиялық тiс сауыты
e) балкалы системадан
37.Бiр иықты кламмердi ию қандай бөлiгiнен басталады:
a) кламмердің ортасынан бастап иедi
b) кламмердің денесiнен бастап иедi
c) кламмердің өсiндiсiнен бастап иедi
+ d) кламмердің иығынан бастап иедi
e) алдымен балауыздан мүсіндеп, құйып иедi
38.Бiр иықты кламмердi июге арналған сымның диаметрi:
+ a) 0,6-0,8 мм сым
b) 0,5-0,7 мм сым
c) 0,8-1 мм сым
d) 0,4-0,5 мм сым
e) 0,3-0,4 мм сым
39.Стандартты негiздiк балауыздың ұзындығын тап:
a) 150 мм
b) 160 мм
+ c) 170 мм
d) 180 мм
e) 190 мм
40.Жоғарғы жақта кламмердiң иығы қалай орналасады:
a) тiс экваторы бойымен
+ b) тiс экваторынан жоғары
c) тiс экваторынан төмен
d) тiс мойын бөлiгiнде
e) тiстiң iшкi бетiне
41.Төменгi жақта кламмердiң иығы қалай орналасады:
a) тiс экваторы бойымен
b) тiс экваторынан жоғары
+ c) тiс экваторынан төмен
d) тiс мойын бөлiгiнде
e) тiстiң iшкi бетiне
42.Окклюдаторда, қандай қимыл жасалынады:
a) астыңғы жақ тек қана қиғаш қимыл жасайды
+b) астыңғы жақ тек қана тiк қимыл жасайды
c) астыңғы жақ солға бүйiр қимыл жасайды
d) рамасы жан- жақты қимыл жасайды
e) рамасы айналмалы қимыл жасайды
43.Кламмердi, қандай материал көмегімен жылтыратады?
a) бор ұнтағымен
b) пемзамен ұнтағымен
c) құм тектес ұнтағымен
+ d) ГОИ сықпасымен жағып
e) егейтiн борлар көмегімен
44.Кламмер иығы тіс сауытының қандай бетіне орналасады:
a) протез негiз бойына бекiтiледi
b) тіс сауытының жанасу бетiне орналасады
+c) тiректi тiс сауытының алдыңғы бетiне орналасады
d)тiректi тiс сауытының мойын етiне орналасады
e) тiс сауытының шайнау бетiне орналасады

45.Орталық окклюзияны анықтап бекіту клиникалық кезеңнің қайсысына жатады:


a) 1
+b) 2
c) 3
d) 4
e) 5
46.Жартылай алынбалы протез жасауда бірінші клиникалық кезеңде қандай жұмыс жасалады?
a) жартылай алынбалы пластинкалы протез құрылымын тексеру
b) орталық окклюзияны анықтап бекіту
+c) жоғарғы және төменгі жақтардан анатомиялық қалыптар алу
d) протездерді ауыз қуысында өлшеп көріп тексеру
e) протездерді астаушаға орнатуы туралы кеңес беру
47.Мүсіндерді окклюдаторға ғаныштау қандай кезеңнен соң орындалады?
a) мүсiн құйылып болғаннан кейiн
b) протез негiздің шекарасын белгiлегеннен кейiн
+c) орталық окклюзияны анықтағаннан кейiн
d) тiс қатарын қойып болғаннан кейiн
e) астаушағы ғаныштап болғаннан кейiн
48.Жартылай алынбалы протездеуде жасанды тiстердi таңдау қалай өтедi?
+ a) тұрақты тiстердiң көлемi мен пiшiнiне қарайды
b) тұрақты тiстердiң тiстердiң түсіне қарайды
c) бет -әлпет пiшiнiне қарай
d) дәрiгер қалауымен
e) тiс технигi қалауымен
49.Протез негiзiне пластмассалы жасанды тiстер қалай жабысады?
a) механикалық әдiспен
+ b) химиялық құрамы сәйкес болғанда
c) компрессионды әдістемемен
d) декомпрессионды әдістемемен
e) жан-жақты әдістер қолдану арқылы
50.Жартылай алынбалы протез жасауда қандай пластмасса қолданылады?
+a) фторакс,этакрил
b) протакрил,редонт
c) биометалл қорытпасы
d) синма М,синма 74
e) фарфор тектес
51.Түссiз пластмасса қандай жағдайда қолданылады?
a) науқастың қалауымен
+b) бояуға аллергиясы болғанда
c) аузына сiлекей толып кетсе
d) аузы құрғап қала берсе
e) лоқсу рефлексі болғанда
52.Негiздiң жұқа түрде бейнеленуi неге әкеп соқтырады?
+ a) протез негізінің сынуына
b) окклюзиясының бұзылуына
c) әдемiлiгiнің бұзылуына
d) шырышты қабаттың жарақат алуына
e) протез кигенде ауырсынуына
53.Өз тiсi түріне сәйкес келмейтiн жасанды тiс орналастыру,неге әкеп соқтырады?
a) протездiң қозғалмалы болуына
+b) протездің әдемiлiгiнiң бұзылуына
c) тiстесу кезiнде ауыртуына
d) протез бойында тесiктер пайда болуына
e) протез негізінің майысуына
54.Пластмассаны астаушаға қай кезде пiшiндейдi?
a) құм сияқты төгіліп тұрғанда
b) жiптей созылмалы болғанда
+c) қамыр тәрiздес болғанда
d) резина түрде болғанда
e ) қатты күйге ауысқанда
55.Пластмассаның пiсiп жетiлуi кезеңiн көрсет:
a) бiрiншi, екiншi, үшінші сатыда
b) құм сияқты, жiп сияқты созылуы
c) сұйық аққыш түрде ,қамыр тәріздес, бірікпегенде
+d) құм, сұйық, жiп тәрiздес , қамыр , қатайғанда
e) сұйық аққыш,құм сияқты төгілгенде,қатайғанда
56.Жартылай алынбалы протез дайындауда, «изокол» сұйықтығы, не үшiн қолданылады?
a) ғаныш беткейiн бірнеше рет жағып, қалыңдатып,қатайту үшiн
+ b) ғанышты мүсін мен пластмасса арасын ажыратып тұруы үшiн
c) ғанышты мүсінмен пен пластмассаның жақсы байланысуы үшiн
d) ғанышты мүсін бетiндегi тегіссіздікті жөндеу үшін
e) пластинкалы пластмассаның жақсы боялуы үшiн
57.Жартылай алынбалы протез дайындауда, тұрақты тiстiң тiлге қараған бетiне негiз қалай орналасады?
a) тiс сауытының шайнау бетіне жетпей
b) тiс сауытының шайнау бетін толықтай жабу
+c) тiс сауытының 2/3 бөлігін жауып тұрады
d) протезді тазалауға ыңғайлы болуы үшін
e) тіс сауттары орнынан айналып кетпес үшін
58.Астаушаға мүсiндi ғаныштаудың қанша әдiсi бар?
a) қиғаш, көденең,тік
+ b) тура, керi , аралас
c) айқасқан,көлденең, тік
d) айналмалы, қиғаш,тік
e) тік, тура, кері
59.Пластмассаны қалыптау алдында, мүсiн бетiн, немен сүртемiз?
a) бензинмен
b) лакпен
+c) изоколмен
d) машина майымен
e) вазелинмен
60.Жартылай алынбалы протез дайындауда, тіс мойына жағылатын материалды ата:
a) лак
b) изокол
c) вазелин
+ d) мономер
e) тальк ұнтағы
61.Этакрил пластмассаның полимерлену үдерiсi өтуіне қанша уақыт керек?
+a) қайнай бастағаннан кейiн 45 мин өткен соң
b) қайнай бастағаннан 10 мин өткен соң
c) қайнай бастағаннан 15 мин өткен соң
d) бірден қайнап тұрған суға 5 мин кейін салып алу
e) тек суды жылытып протезді салып алу
62.Пластмассалы тiстердiң тез егелiп кетуi неге әкеп соғады?
a) тiстесудiң биiк болуына
+ b) тiстесудiң төмендеуiне
c) тіс сауыты түсі өзгеруіне
d) тiстегенде қызыл иекті ауыртады
e ) тістесу биіктігінің қатынасы өзгеріссіз қалуы
63.Жақтың алдыңғы бөлігінде қызыл иек биік болса,онда ;
+a) жасанды тiстердi егеп.туырлап келтiріп орналастыру
b) жасанды тiстердi егемей орналастыру
c) жасанды тістің кесу беттерін егеп орналастыру
d) жасанды тістің алдыңғы беттерін егеп орналастыру
e) жасанды тістерді мономермен сүртіп, егемей орналастыру
64.Протездi өңдеу қандай кезеңдi көрсетедi?
a) қалыптау, мүсін бетіне лак жағу
+b) өңдеп тегістеп егеу, жылтырату
c) мүсін бетіне екі қайтара изокол жағу
d) астаушадан шығару, суытып кептіру
e)тек жылтырату
65. Қандай құралдардың көмегiмен протезді жылтыратады?
a) карборунд дискасымен тегістеу арқылы
b) жiпке ұқсас щеткамены ысқылап егеу
c) қатты щеткамены ысқылап егеу
d) резинкалы дөңгелек дискамен егеу
+ e) киiз денелi фильц пен пемза қоймалжыңымен жағып, тегістеу
66. Кламмер орналасқан ғанышты тiректi тiсті, астаушаға қалыптамас бұрын, не iстеу керек?
a) өз қалпында қалдыру керек
b) тек тiс ұшын ғана қысқартамыз
+c) тiстердi қиғаш түрде алдыға қарай кесiп тастаймыз
d) сол тiс киiлетiн кламмердi кеңейтемiз
e) жұқа диаметрлі сымға айырбастаймыз
67.Толық алынбалы протезден, жартылай протез құрамының айырмашылығы неде?
+a) протез негізінен,кламмер, жасанды тiстерден тұрады
b) жасанды тiстер мен негiзден,тіректі кламмерден тұрады
c) ұстап тұрғыш кламмерлер , негiзден тұрады
d) тіректі ұстағыш кламмерiнен ,жасанды тiстерден тұрады
e) пластмассалы кламмерден,протез негiзінен тұрады
68. Жартылай алынбалы протез жасауда екінші клиникалық кезеңде қандай жұмыс жасалады?
a) жартылай алынбалы пластинкалы протез құрылымын тексеру
+b) орталық окклюзияны анықтап бекіту
c) жоғарғы және төменгі жақтардан анатомиялық қалыптар алу
d) протездерді ауыз қуысында өлшеп көріп тексеру
e) протездерді астаушаға орнатуы туралы кеңес беру
69.Жартылай алынбалы протез дайындауда, бiрiншi зертханалық кезеңде не iстеледi?
a) мүсiндi окклюдаторға ғаныштайды
b) балауызды пластмассаға айырбастайды
c) жұмысшы және көмекшi көшiрме қалыптар алу
d) жасанды тiстердi тізбелеу, мүсiндеу
+ e) мүсiн құю,балауызды негiзбен,білік дайындау
70.Жартылай алынбалы протез дайындауда, екiншi зертханалық кезеңде не iстеледi?
+ a) окклюдаторға мүсіндерді ғаныштау,кламмер,жасанды тістерді орнату
b) балауызды композицияны пластмассаға айырбастау
c) жұмысшы және көмекшi көшiрме қалыптар алу
d) жасанды тiстредi кою,алғашқы рет протез незін мүсіндеу
e) тіс қатарын қою үшін,балауызды негiзбен бiлiк жасау,
71.Тiстесу дегенiмiз не?
+a) тiстердiң орталық окклюзияда түйісуi
b) тiстердiң сол жақ бүйiр қапталындағы окклюзияда түйiсуi
c) орталық окклюзияны анықтауға балауызды дене дайындау
d) тiстердiң оң жақ бүйiр қапталындағы окклюзияда түйiсуi
e) астаушаға мүсіндерді аралас әдіспен ғаныштау
72.Жартылай алынбалы протез дайындауда үшiншi зертханалық кезеңде не iстеледi?
+ a) балауыз құрылымын ақырғы рет бейнелеу
b) кламмерлерді тіректі тіске дайындау
c) балауызды білікке жасанды тiстердi орналастыру
d) протездi біркелкі тегістеп өңдеу,егеу,жылтырату
e) протезді ақырғы рет өңдеу,протезді ауыз қуысына кигізу
73.Экзостоз қай жақта орналасқан?
+ a) төменгi жақта кіші азу тіс қызыл иегінде
b) жоғарғы жақта сүйір тіс қызыл иегінде
c) екi жақта шайнау тістер қызыл иек жотасында
d) тіссіз жақ қызыл иегінде кездеспейді
e) жоғарғы жақтын оң жақ ақыл тіс аймағында
74.Жартылай алынбалы протез дайындауға көбінесе,қандай материалмен, қалып алуға болады?
a) қатты ғанышпен
b) кез келген алибастірмен
c) стройкаға арналған ғаныш
+d) стомальгин
e) фосфат цементпен
75. Ғанышты мүсiннiң қатаюын тежеу үшiн не iстеу керек
+ a) қант
b) ас тұзы
c) сода
d) құм
e) айна ұнтағы
76.Ғанышты мүсiннiң қатаюын жылдамдату үшiн не iстеу керек?
+ a) ас тұзын қосамыз
b) 20 мин марганцовка ерiтiндiсiнде ұстау
c) дихлорэтан желiмiмен өңдеу
d) 30 мин салқын суға салады
e)ыстық суға салады
77.Жартылай тiссiз жақа құйылған мүсiннiң биiктiгi қандай болады?
a) 0,5-1 см
b) 1-1,5 см
+c) 1,5-2см
d) 2-3 см
e) 3-3,5 см
78. Жартылай алынбалы протез жасауда үшінші клиникалық кезеңде қандай жұмыс жасалады?
a) жартылай алынбалы пластинкалы протез құрылымын тексеру
+b) ауыз қуысында жасанды тіс қатары қойылған түрде тексеру
c) жоғарғы және төменгі жақтардан анатомиялық қалыптар алу
d) протездерді ауыз қуысында өлшеп көріп тексеру
e) протездерді астаушаға орнатуы туралы кеңес беру
79. Жартылай алынбалы протез жасауда төртінші клиникалық кезеңде қандай жұмыс жасалады?
a) жартылай алынбалы пластинкалы протез құрылымын тексеру
b) ауыз қуысында жасанды тіс қатары қойылған түрде тексеру
c) жоғарғы және төменгі жақтардан анатомиялық қалыптар алу
+ d) протездерді ауыз қуысында өлшеп көріп тексеріп, протезді өткізу
e) протездерді астаушаға орнатуы туралы кеңес беру
80.Жоғарғы жаққа орналасатын негіздік балауыздың қалыңдығы қанша?
a) 0,5мм
b) 0,75 мм
c) 1 мм
+d) 1,5мм
e) 2,5мм
81.Тіс сауытының экваторы деп?
a) тіс сауытның кесу қырына орналасады
b) тіс сауытының мойын бөлігіне таяу орналасады
c) тіс сауытының шайнау бетінде орналасады
+d) тіс сауытының алдыңғы бетінің томпақ жерінде
e) тіс сауытының ең ойық жерінде орналасады
82. Жартылай алынбалы протез дайындауда төртiншi зертханалық кезеңде не iстеледi?
a) балауыз құрылымын ақырғы рет бейнелеу
b) кламмерлерді тіректі тіске дайындау
c) балауызды білікке жасанды тiстердi орналастыру
d) протездi біркелкі тегістеп өңдеу,егеу,жылтырату
+e) протезді ақырғы рет өңдеу,протезді ауыз қуысына кигізу
83.Ерекше көрінетін «торусты» немен бөһлектеуге болады?
a) осы жердегі ғанышты жобалап,ойып алып тастау
+ b) фольгамен не лейкопластырмен мүсін бетін жабу
c) протез дайын болғанда осы жерді ойып егеп тастау
d) мүсін бетіне, ойық айналасына, екі үш қайтара изокол жағу
e) мүсін бетіне, ойық айналасына екі үш қайтара лак жағу
84.Өтпелі қатпар деген не мағына береді?
a) тістің қызыл иегінен шырышты қабатқа өтетін қатпар
+ b) қозғалмалы шырышты қабат,қозғалмайтын шырышты қабатқа өтуі
c) шырышты қабаттан қатты таңдайға өтуі
d) қызыл иектен таңдайдың шырышты бөлігіне өтуі
e) ) қызыл иектен тідл аймағындағы шырышты қабатқа өтуі
85.Кемени кламмері дегеніміз не?
a) құймадан дайындалған кламмер
b) металпластикалы кламмер
+c) пластмассалы,тіс қызыл иекті кламмер
d) сымнан иілген кламмер
e) екі иықты сым кламмері
86. Физиологиялық тістесуге қайсысы жатады?
a) терең тістесу
+ b) ортогнатиялық
c) аралас тістесу
d) ашық тістесу
e) тура тістесу
87.Жартылай алынбалы протезде бiр жақа неше тiс қойылады?
a)10
b)12
+c)14
d)15
e)16
88.Жартылай тiссiз жақа протез дайындауда қандай кезеңнен кейiн мүсiндi астаушаға ғаныштайды?
a) мүсiндер құйылып болғаннан кейiн
b) негiзге шекара сызылған салғаннан кейiн
c) орталық окклюзиясы анықталғаннан кейiн
+d) мүсінді соңғы рет мүсіндегенде
e) жасанды тiс қатарын орналастырғаннан кейiн
89.Табиғи тістің қанша беті бар?
a) 2
b) 3
c) 4
+ d) 5
e) 6
90.Артикуляция деген не?
a) төменгі жақ тістерінің тістескен түрі
+ b) төменгі жақ тістерінің жанжақты қимылынан кейінгі тістесуі
c) төменгі жақтың окклюзиялық түріндегі қимылы
d) төменгі жақтың айналмалы түріндегі қимылы
e) төменгі жақтың сөйлесу кезіндегі қимылы
91Негіздік балауыздың құрамында негізгі элемент болып табылатын.?
+a) парафин
b) ара балауызы
c) карнауб балауызы
d) монтан балауызы
e) стеарин
92.Астаушаға ғаныштағанда мүсiн биiк болса тiс технигi не iстеу қажет?
a) дәрiгерден қалай ғаныштауды көрсетуiн сұрайды
b) астаушаға мүсiндi гипсстеуге тырысу
+c) мүсiн биiктiгiн кесiп қысқарту
d) астаушасыз ары қарай жұмыс жасай беру
e) астаушаның басқа түрiн табу
93.Жоғарғы жақта бiрiншi кiшi азу әйнек бетiне қалай түседi?
a) екi төмпешiгiмен тиедi
b) таңдай төмпешiгi тиiп, ал ұрт төмпешiгi 0,5 мм тимейдi
+c) ұрт төмпешiгi тиедi, ал таңдай төмпешiгi0,5 мм тимейдi
d) таңдай төмпешiгi 2 мм тимейдi , ұрт төмпешiгi 1,5 мм тимейдi
e) 1 мм екi төмпешiгi де тимейдi
94.Жоғарғы жақта екiншi кiшi азу тiс әйнек бетiне қалай орналасады?
+ a)екi төмпешiгiмен тиедi
b) таңдай төмпешiгi тиiп ал ұрт төмпешiгi 0,5 мм тимейдi
c) ұрт төмпешiгi тиедi, ал таңдай төмпешiгi0,5 мм тимейдi
d) таңдай төмпешiгi 2 мм тимейдi , ұрт төмпешiгi 1,5 мм тимейдi
e) 1 мм екi төмпешiгi де тимейдi
95.Жоғарғы жақта бiрiншi үлкен азу тiс әйнек бетiне қалай орналасады?
a) алдыңғы таңдай төмпешiгiмен әйнек бетiне тиiп тұрады,қалғандары тимейдi
b) артқы таңдай төмпешiгiмен тиедi
c) барлық төмпешiктерi тиiп тұрады
d) барлық төмпешiктерi тимейдi
e) алдыңғы ұрт төмпешiгiмен тиедi
96.Жоғарғы жақтағы алтыншы тiсте қанша төмпешiк бар?
a) 6
b) 5
+c) 4
d) 3
e) 2
97. Төменгі жақтағы алтыншы тiсте қанша төмпешiк бар?
a) 6
+b) 5
c) 4
d) 3
e) 2
98.Жоғарғы жақта үшiншi үлкен азу тiс әйнек бетiне қалай орналасады?
a) алдыңғы таңдай төмпешiгiмен тиiп тұрады
b) артқы таңдай төмпешiгiмен тиедi
c) барлық төмпешiктерi тиiп тұрады
d) барлық төмпешiктерi тимейдi
+e) тiс мүлде қойылмайды
99.Қыздырусыз қататын пластмассаны ата:
a) фторакс, этакрил
+ b) протакрил, редонт
c) бакрил ,ортакор
d) синма, синма-74
e) акпель,флекси
100.Ерекше көрiнетiн экзостозды немен бөлектеуге болады?
a) осы жердегi ғанышты ойып алып тастайды
+ b) фольгамен немесе лейкопластырмен мүсiн бетiн жабады
c) протез дайын болғанда осы жерiн егеп жұқартады
d) осы жерiн ажырату қажет емес
e) ажыратқыш лакпен екі қайтара жағу керек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет