2-китап indd



Pdf көрінісі
бет73/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   196
– Өзіңіз басқарып отырған А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі 
институты қазақ тілін өмірдің алуан саласында енгізіп, орнықтыру 
бағытында қандай жұмыстар атқарып отыр деп айта аласыз?
– Біздің зерттеп келген мәселеміз аз емес. Қазақ тілі байлығының 
жиынтығы – 10 томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігі жарық көрді. Енді 
4 томдық қазақ тілінің академиялық грамматикасын жасап жатырмыз. 
Енді қолданбалы лингвистика деген бөлім аштық, тілге қажетті оқулық, 
«Тілашар», «Тілдескіш» жасаймыз. Осыған байланысты 10 жылдық 
бағдарлама жасап, оны орындауға кірістік. Келесі жылдан бастап 
республикада тілге байланысты қажетті құралдар жеткілікті болады.
– Тіл туралы Заңның қабылдануына байланысты терминдерді 
пайдалану мәселесінде екіұдай пікірлер кездесіп жүргені жайлы не 
айтар едіңіз?
– Терминологиялық комиссияға байланысты мәселелер өте көп. Біз 
термин қабылдау жөнінде біресе оң жаққа, біресе сол жаққа шығып кетіп 
жүрдік. Бір кездерде орыс тілін қабылдамаймыз деп барлық атауларды 
аударумен айналыстық. Сөйтіп, пуризмге бет бұрды деп сыналдық. Кейін 
орыс тілінен келген терминдерді аудармастан қабылдайтын болдық. 
Қазір терминдердің үлес салмағы қазақтың байырғы төл сөздерінің 
мөлшерінен асып кетіп отыр. Бұл өте қауіпті жағдай. Бізде термин 
жасаудың екі жолы бар. Оның бізге қажеттісі біріншісі өз тілімізде бар, 
баламасы ыңғайға келетін сөздерді термин етіп енгізу.
– Терминологиялық комиссияның жұмысына ономастикалық 
атаулар жөніндегі міндеттер де ене ме?
– Терминологиялық комиссияның төрағасы Өмірбаев та, 
орынбасары мен. Ал ономастикалық комиссия ол бөлек құрылған. Жер-
су аттарын реттеуге байланысты сонау патшалық Россияның отарлау 
саясатына орай қойылған, өзгерген жер-су аттарын түгелдей қалпына 
келтіру ұсынылып отыр. Сондай-ақ, үлкен қалалардың аттарына кісі 
аттарын бермеу жөнінде концепция ұсындық. Сонда ономастикалық 
атауларды өзгертуге байланысты бірқатар жұмыстар жүргізілетін 
болады.
– Голощекин есімі берілген бір станцияның атын әлі күнге дейін 
ауыстыра алмай келе жатқанымызды білеміз. Бұл жөнінде белгілі 
журналистер, жазушылар, қарапайым тұрғындар әлденеше рет 
теледидар, радио хабарлары арқылы баспасөз беттерінде үн көтерді.


156
– Голощекин есімді станцияның атын жергілікті жердің атауымен 
өзгертетін болдық. Ол жақтан келген ұсыныс бойынша Приуралье деп 
атайық деген болатын. Бірақ, біз оны қабылдаған жоқпыз.
– Кісі аттарын ірі елді мекендерге, қалаға бермеу жөнінде шешім 
қабылдағанда қандай қалалардың аттары өзгермекші?
– Бұл концепция қабылданған жағдайда біз Шевченко, Жамбыл, 
Ермак, Павлодар, Петропавл, Абай қалаларының аттарын өзгертеміз.
– Ендігі сұрақ сіздің тікелей өзіңізге қатысты. Қазақ тілінің 
тағдыры шешілер тұста үлкен жолайрықта көптеген азаматтар қос 
тілділікті қошеметтеп жатқанда, сіз қазақ тілі мемлекеттік тіл 
болуға тиіс деген принциптен айныған жоқсыз. Тіпті, жалғыз қалған 
кездеріңіз де болыпты. Сізге әділет үшін осындай көпшілікке қарсы 
шығарып жүрген, дұрыс жолды таңдата білген қандай құдірет екенін 
айтсаңыз?
– 
Мен бұл жөнінде кейін көп ойландым. Адам өмірінде күнде 
той, күнде жиын бола бермейді. Адам өзінің азаматтық көзқарасын 
анықтайтын кезеңге тап болады, менде бұндай кезең екі рет болды. Мен 
он жеті жасымда соғысқа өз еркіммен сұранып барып, бес жыл майданда 
болдым. Өзімнің азаматтық парызымды өтедім. Екінші кезең тіл 
тағдырына байланысты мен маман ретінде өзімнің пікірімді, азаматтық 
ойымды зерттеп жүрген саламды қорғап қалуға тиісті болған уақыт еді. 
Саясатқа байланысты айқайлап шыға келетін адамдар аз емес екеніне 
көз жетті. Мен өзімнің көзқарасыма үлкен дайындықпен, Қазақстан 
жағдайындағы тілдің заңдылығын тексеру арқылы келген едім... 
Колбиннің қос тілділік жөніндегі шығарған қаулыларына 
байланысты айтысқа қатысып, шынықтық ғой деп ойлаймын. Талай 
таяқ та жедім. Үш рет республика басшысы мені сынға алды. Мен 
сонда да өз көзқарасымда қалдым. Себебі басқа республикалардағы 
болып жатқан жағдайларды білетінмін. Ал бізде тілге көзқарас о баста 
дұрыс қалыптаспады. Біз уақытша саясатқа байланысты жалт беріп 
кететін азаматтармен істес болдық. Көзі жетіп тұрса да турашылдыққа 
бармайтын ағайындарды да көрдік. Шындығын айтқанда, менің қорқатын 
ештеңем де болған жоқ. Себебі мен академик болған адаммын. Кешегі 
Ахмет Байтұрсыновтар заманында да осы мәселе тап осылай қойылған. 
Түптің түбінде келгенде ақтың отын ақымақ өшіре алмақ емес. Осынша 
қазақтың ішінен оның тілінің тағдырына байланысты бір азаматтың 
табылмауы мен үшін үлкен намыс болатын еді. Мен ана тілі алдындағы 
перзенттік борышымды ақтадым. Мені кезінде қорқытқандар да аз 


157
болған жоқ. «Сен еркін суретші емессің, академиксің, партия мүшесісің, 
артыңды ойлан» дегендер де болды.
Халық менің еңбегімді бағалады, сенді. «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. 
Енді қазір жалғыз емеспін. Шәкірттерім бар. Пікірлес азаматтар, бұрын 
булығып шыға алмай жүрген ғалымдар бар.
Бірақ, күні бүгінге дейін Қазақстанда екі мемлекеттік тіл болу 
керек деген сөздер әлі де айтылып жүр. 7 қараша күнгі «Вечерняя Алма-
Ата» газетінде астананың Москва аудандық партия комитетінің бірінші 
хатшысы Котельниковтың жалған деректерге негізделген көпе-көрнеу 
зорлыққа құрылған мақаласы жарияланды. Ол барлық республикаларда 
орыс тілі мемлекеттік тіл болып алынды, бізде неге олай емес дейді. 
Оның айтқаны шындық емес. Мен газетке реплика бердім. Ол таяу арада 
жарық көруге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет