175
мүмкіншілігі бар. Өзінің жер асты, жер үсті байлығы жеткілікті.
Сондай-ақ, осы заманғы жаңа техниканы
өздері игеріп кете алатын
Н.Ә. Назарбаевтай басшысы бар халық. Экономика жағынан барлық
байлығымызды қолымызға алып өзімізге жұмсасақ, күндердің-күнінде
тұрмыс-жағдайымыз да көтеріледі. Сондай-ақ, халықтың ой санасы да
табиғи түрде өседі деп ойлаймын. Осыған орай қазақ тілінің болашағы
да зор деп кесімді жауап айта аламын.
–
Бұл күндері дүниежүзіндегі қазақтардың жалпы жан саны 13
миллион болса, ал оның бес миллионнан астамы шетелдерде тұрады.
Осы елдердегі жағдайларға байланысты қазақ тілінің қолданыс аясы
да, деңгейі де әр түрлі. Дегенмен, жалпы қарағанда, дәл қазір жаһандану
үрдісіне байланысты шетелдерде қазақ тілінің тынысы барған сайын
тарылып бара жатқандай. Әсіресе, ана тілінде мектептері мен
басылымдары жоқ елдердегі қазақтардың тілдік жағдайы өте қиын
екені айтпаса да белгілі. Яғни Қазақстанда қазақ тілінің өрісі кеңейіп,
жағдайы жақсарғанымен, шетелдердегі қазақтардың тілдік мәселесі
керісінше болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеті
шетелдердегі қазақтарға осы жөнінен қандай іс-шаралар атқаруы,
көмектер көрсетуі керек деп ойлайсыз?
Мен «Парасат» журналының «Болашақ Президент кім болады?
Болашақ Президентке айтар тілегіңіз қалай»? –
деген сауалына
былай деп жауап бердім: Біз төрт көзіміз түгел болмай көп нәрседен
ұтыламыз. Күні кешеге дейін қазақ халқымыздың жан саны елімізде
30 пайыз ғана болды. Яғни, он адамның үшеуі ғана қазақ, ал қалғаны
басқа ұлт. Мінекей сондықтан төрт көзіміз түгелденбей тіл мәселесі де,
демография, экономика, мәдениет, салт-дәстүр, ұлттық қасиеттеріміздің
барлығы түгелденбейді.
Сондықтан, шетелдердегі бес миллиондай
қазақтың Қазақстанға қайтып келуіне жағдай жасаса Президентіміздің
бүкіл тарихта аты қалады, ұмытылмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл
күрделі де, ауыртпашылығы салмақты тарихи мәселе. Десе де шешуге
болады.
Шетелдерде ата-бабаларының жеріне қайтып келуге құлшынып
отырған қазақтар баршылық, оларға тиімді жағдай жасап, ортамыздан
орын беруіміз керек. Жоғары жақта дұрыс шешілген кейбір мәселелер
төменге барғанда қиындап, ретін таппай жатады. Меніңше, осылардың
барлығын
тез арада жөнге салып, оралмандарға орын, жұмыс тауып
беріп, мамандық алуына мүмкіндік жасап,
экономикалық жағынан
жәрдем етіп отырса, бұл мәселе қалай да шешімін табар еді. Яғни
176
бес миллион халық деген ол – бір мемлекет. Сондықтан қазақ еліне
бес
миллион қазақ келіп қосылса, қазақ өзінің қазақтығын таниды.
Шетелдерден қаншама мамандар, ғылым докторлары мен кандидаттары
Қазақстан мемлекетіне келіп біздің игілікті ісімізге үлесін қосып жатыр.
Міне бұл қазағымыздың «елден ел кетсе жұт, елге ел қосылса құт» деген
аталы сөзінің ақиқатына жүгіндіреді.
–
Достарыңызбен бөлісу: