2-китап indd


(Беседу вел В. Срыбных) Ана тілімізді ардақтай білейік



Pdf көрінісі
бет79/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   196

(Беседу вел В. Срыбных)
Ана тілімізді ардақтай білейік
Тылсым табиғаттың адам баласына тарту еткен тамаша да дарқан 
сыйының бірі – тіл. Тіл – сирек кездесетін қоғамдық феномен, сыры мол 
ғаламат дүние. Оның ең басты қасиеті – адам баласының жер бетінде 
пайда болған сонау балаң дәуірінен бастап бүгініне дейін олардың өзара 
қарым-қатынас жасауына қажетті құралы болуында.
Не көп, жер бетінде тіл көп. Оның саны қазіргі күнде 2 мыңнан 
асып отыр.
Біздің елімізде туыстық жағынан бірнеше топқа бөлінетін 130 
дербес тіл бар екен. Олардың ең ірісі – славян тобы.


171
Совет Одағындағы тілдердің тағы бір ірі тобы – түркі тілдері. Оған 
өзбек, татар, қазақ, әзербайжан, түрікпен, қырғыз, ноғай, башқұрт, 
қарашай-балқар, қарайым, гагауыз, түрік, қарақалпақ, чу ваш, сақа 
(якут), ұйғыр, хакас, алтай, тува, тофалар, шор т. б. жиырмадан астам 
дербес тіл енеді. Түркі халықтарының жалпы санына шаққанда Совет 
Одағындағы әрбір он адамның бірі осы аталған түркі тілдерінің 
біреуінде сөйлейді екен.
Түркі тілдер семьясына жататындардың бірі – кең-байтақ 
Советтік Қазақстан жерін мекендейтін қазақ халқының тілі. Ол тіл 
сөйлеушілердің саны жағынан алып қарағанда барлық түркі тілдерінің 
ішінде (түрік, өзбек, татар, әзербайжан тілдерінен кейінгі) бесінші 
орында тұратын, өзіндік ерекшелігі мол, өте бай, жан-жақты дамыған, 
дербес ұлттық тілдердің бірі болып саналады. Совет Одағындағы 
қазақтардың жалпы саны бүгінде 6. 556 мың адам болса, оның 5.289 
мыңы Қазақстанда, қалғандары басқа туыстас республикаларда тұрады. 
Қазақтардың бірқатары шет елдерде (атап айтқанда, Монғолияда – 
70 мыңнан астамы, Қытайда – 100 мыңнан астамы, Ауғанстанда – 20 
мыңға жуығы, Түркия мен Иран, Пакистанда – 10 мыңнан көбірегі, 
т. б. жерлерде) тұратыны мәлім. Демек, тек қазақ тілінде сөйлеуші 
қазақтардың саны (Қазақстанда тұрып, қазақ тілін ана тіліндей білетін 
114 мыңнан астам басқа халықтардың өкілдерін есептемегенде) 7 
миллионнан әлдеқайда асып жатыр.
Біздің арнайы сөз еткелі отырған тіліміз де осы 7 миллионнан 
астам адам сөйлейтін, қазақ топырағында туып, қалыптасып, дамып, 
халықтық, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген, тамаша тарихы бар, дәстүрі 
мол, болашағы жарқын ҚА ЗАҚ ТІЛІ. Бұл – біздің ана тіліміз, қадірлеуге 
де, қастерлеуге тұратын рухани қазынамыз, ұлттық байлығымыз.
Неге біз оны ана тілі дейміз? Here көптеген халықтар өз тілін 
«ата тілі» демей, «ана тілі», «туған тілі», «родной язык» деп атайды? 
Осында бір ортақ эаңдылық бар сияқты. Мүмкін, сәбидің алғашқы тіл 
ұстартушы ұстазы ана болғандықтан және ол жай ұстаз емес, барша 
жақсылықты бөпесіне арнап, бесік жырын шерткен, ыстық ықыласы мен 
мейлінше мол мейір-шапағатын лебізінен танытқан ана-ұстаздың асыл 
қасиетіне байланысты осылай аталған шығар? Қалай да болса, маркс изм 
классиктерінің ана – өз тілінің ұйтқысы, оның іргесін берік сақтайтын 
ал тын қазығы деген пікірі де ананың осы қасиетіне барып саятын секілді.
Бірақ осыған қарап, ана тілі, жалпы тіл біткеннің бәрі тек әйелдер 
қауымы арқылы ғана таралатын құбылыс екен де ген теріс ұғым тумаса 


172
керек. Жас нәресте үшін ана тілі о баста ана аузынан шыққан алғашқы 
асыл сөз, ыстық та етене лебіз іспеттес болғанымен, оның есейе келе ана тілін 
толық меңгеруі алдымен семья жағдайынан басталса, ба ра-бара ол туған-
туысқан, көрші-қолаң, жолдас-жоралармен араласу арқылы, ауыл-аймақ, 
ел-жұрт ортасында өмір сүруге байланысты қалыптасып, дамып, жетіліп 
отырады. Сөйтіп, адам өз тілін өмір бойы өзі өмір сүрген ортадан үйренумен 
болады.
Әрбір адамның тілі жас кезінен бас тап осындай бір белгілі ортада 
қалыптасуына байланысты, ол сол ортаның тілдік дәстүрін, кейбір жергілікті 
ерекшеліктерін бойына сіңіріп, көпке дейін сақтауы мүмкін. Оның ешбір 
айып-шамы жоқ, бұл барлық тілдерде болатын табиғи заңдылық. Ондай 
өлке тілінің өзгешеліктері әдеби тілді жетік меңгеруге байланысты өзінен 
өзі-ақ тілдік қолданыстан қалып қойып отырады. Өйткені, жалпыхалықтық 
тілдің негізінде, немесе оның бір аймақтық диалектісі негізінде калыптасқан 
жазу дәстүрі бар, көпшілік қолды әдеби тілімізде та за сөйлеу, сауатты жазу 
әркімнің білім дәрежесіне, мәдени өрісі мен өмір тәжірибесіне байланысты 
жүре пайда болатын тамаша қабілетті әркімнен-ақ талап етеді.
Ана тілі арқылы адам дүние таниды, білім алады, өнер үйренеді, 
ғылымды игеріп, творчествоға құлаш ұрады. Coл ана тілімізді біз жақсы 
білеміз бе, оның нендей сыр-сымбаты бар, оның ұшан-теңіз байлығын қалай 
меңгердік? Ана тілінің табиғаты туралы бұрын-соңды ойланып көрдік пе? 
Ойға орала беретін осы бір сауалдар бәрімізге де ортақ сияқты. Бірақ оларға 
берілетін жауап, меніңше, бірдей бола бермеуі мүмкін.
Қай тіл болмасын, ол адам қоғамы тәрізді ұзақ өмір сүреді, оның өзіндік 
тарихы, басып өткен жолы, даму сатылары болады. Бірақ бірде-бір тілдің 
жасын тап басып, ашып айту кімге бол са да қиын. Өйткені, бұл тарихи 
сүрлем – мыңдаған-миллиондаған жылдардың қойнау-қырқаларында жатқан 
сыры мол, ғаламат дүние.
Дегенмен, кейбір жазба, қазба ескерткіштерге қарап, туған өлкенің 
жер-су атаулары мен сөздік қорымызда сақталған көненің көзі іспеттес 
деректерге сүйене отыра, көз жетпесе де ой жететін тілдің тарихи даму 
белестерін елестетуге болатын сияқты. Мәселен, қазақ тілінің халық тілі 
болып қалыптасу дәуірін XIV–XV ғасырлар десек, оны тарихымыздағы 
белгілі саяси-әлеуметтік жағдайға, бытырап жатқан ру тайпалардың бірлесіп 
бір тұтас халыққа айналуына байланысты айтамыз. Бірақ бұл халқымыздың 
этнолингвистикалық тарихының ұшар басы емес, белгілі бір кезеңі ғана. Ал 
оның көзі әріден басталып, тарихи соқпақ бізді сонау орхон-енисей дәуіріне 
жетелейді.


173
Қазақ тілінің басқа туыстас түркі тілдерден бір айырмашылығы 
– оның тұтастығы. Ұшы-қиыры жоқ, ұлан-ғайыр қа зақ даласында 
көшіп-қонып жүрген халқымыздың тілі академик В. В. Радловты 
таңқалдырған, өзінің осы монолиттей тұтастығын калай сақтаған 
десеңізші?
Жер бетінде бірде-бір таза тіл жоқ. Өйткені, көрші халықтармен ұдайы 
бо лып келген тарихи, мәдени, географиялық, экономикалық т. б. қарым-
қатынастар тілге әсерін тигізбей қоймайды. Сол сияқты біздің ана тілімізде 
де осындай лексикалық ауыс-түйістер аз емес. Оның сөздік құрамында әр 
дәуірдің жемісі болып саналатын санскрит, иран, араб, қытай, орыс және сол 
арқылы енген европа тілдерінің злементтерін көптеп кездестіруге болады. 
Тіл баюының бұл бір арнасы болса, оның негізгі жолдары тілдің ішкі даму 
заңдылығына және сыртқы әлеуметтік себептерге байланысты болып 
келеді. Қай заманда болмасын тіл қатынас құралы ретінде қызметін атқару 
үшін әрдайым өзінің коммуникативтік қабілетін сақтауға тырысады. Бұл 
тілдің ішкі даму заңдылығына сәйкес болса, оның сыртқы даму заңдылығы 
қоғамның тілге деген қамқорлығына байланысты. Мұндай қамқорлықты 
ұлттық тілдердің жан-жақты дамуына, гүлдене түсуіне толық жағдай 
жасап отырған біздің советтік болмыстан айқын көруге болады.
«Тіл ұдайы дамып, өзгеріп отырады» дегеннен біз нені аңғарамыз. 
Тіл өзінің түпкі тұлғасын, ғасырлар бойы қалыптасқан құрылымын, 
тұла бойында тұнып тұрған сөз байлығын төкпей-шашпай сақтай отыра, 
жаңа толқын жас буынмен бірге ылғи жасарып, жаңаланып, толассыз 
толығып отыратын ерекше бір қасиетке ие. Осы бір объективті себептер ге 
байланысты басқа тілдер сияқты қа зақ тілі де ең бай тілдердің қатарынан 
орын алады. 
Біз жоғарыда адам өле-өлгенше өз тілінің байлығын меңгерумен, 
үйренумен болады дедік. Шынында солай. Бірақ ешбір жан ана тілінің сөз 
байлығын толық меңгерген де, сарқа пайдаланған да емес. Ұлы Абай өзінің 
артында қалдырған асыл мұрасын жазу үшін қазақ тілінің байлығынан бар 
болғаны 6 мыңдай ғана сөзін қолданған екен. Бұл қазіргі сөз байлығымыздың 
шамамен оннан бірі ғана. «Тілімізде қанша сөз бар?» дегенде дәл жауап бере 
алмаймыз. Оны айту қиын, өйткені тіл байлығы бір орында тұрған тұрақты 
шама емес, ол ұдайы, дамылсыз өзгеріп, жаңаланып отыратын құбылыс. 
Сондықтан да бүгінгі дерек ертең-ақ дәл болмай шығады. Оның үстіне тіл 
байлығы де генде тек сөздің санын ғана есептеуге болмайды. Тіл байлығы 
өзінің мазмұнымен де бағаланады. Бір сөздің бірнеше мағынасы болады, бір 
ұғымды білдіруге болатын бірнеше сөз тілде қатар өмір сүруі мүмкін, сөз 


174
мағынасын көпшілік жағдайда сөз тіркесімен де беруге болады: ал тілдің 
көркемдік тәсілдері, әсіресе теңеу, салыстыру, экспрессивті лексика мен 
тұрақты сөз тіркестері болса, өз алдына бір төбе.
Ана тілімізді қадірлеу деген не? Әрине, бұдан тілімізді реті келген 
жерде мақтай беру, мадақтай беру керек де ген ұғым тумаса керек. Мен 
өз басым, ана тілді қадірлеу дегенді ең алдымен оның тамаша табиғатын 
ерекше зейіндікпен тани білу, оның алуан түрлі сырын, сиқырлы күшін 
тап басып, қисынды да орнымен колдану деп түсінемін. Тілге кездейсоқ 
сөздің жиынтығы деп қарамай, атадан балаға мұра боп келе жатқан халық 
даналығының қамұсы (энциклопедиясы), өткен өмір мен бүгінгі тұрмыстың 
айнасы, рухани қазынамыз деп қарағанда ғана оның қадіріне жетеміз, оны 
ардақтай аламыз.
«Қазақстан әйелдері» журналы көтерiп отырған ана тілі проблемасы 
– бәрімізді де қатты ойландыратын, толғандыратын ортақ проблема. Бұл 
мәселені жан-жақты талқылауға қатысып, қажетті жерінде пікір айтып
атсалысуды тіл мамандары да өзінің төл ісі, абзал борышы деп санайды. Ол 
үшін журнал бетінде ана тіліміздің сан алуан «шаруашылығын» ұдайы сөз 
етіп, пікір алысып тұратын арнаулы мүйісі болса екен дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет