Қазіргі электрондық құрылғылар аса күрделі және көп элементті болып келеді. Интегралдық микросхема - біртұтас технологиялық циклде жартылай өткізгішті біртұтас төсеніште дайындалған электрлік байланысқан компоненттердің (транзисторлар, диодтар, резисторлар және т.б.) жиынтығы.Интегралдық микросхеманың негізгі параметрлері жинастыру тығыздығы мен оның интеграциялау дәрежесі.
Жинастыру тығыздығы деп – интегралдық микросхеманың 1 см3 көлемінде орналасқан элементтерінің санын айтамыз.
Интегралдық микросхеманың интеграциялау дәрежесі оның құрамындағы элементтер мен компоненттердің жалпы санымен анықталады және микросхеманың қандай дәрежеде күрделі екенін көрсетеді:
. (2.11.1)
N ~ 10 болса, бірінші немесе төмен дәрежелі ИМС.
N < 100 болса, екінші немесе орташа дәрежелі ИМС.
N 100÷1000 арасында болса, үшінші немесе жоғары дәрежелі ИМС.
N > 1000 болса, төртінші дәрежелі ИМС деп бөлінеді.
ІІІ дәрежедегі микросхемалар БИС (с большой степенью интеграции (БИС)) деп, ал IV-V дәрежедегі микросхемалар СБИС (сверхбольшие интегральные схемы, СБИС) деп аталады.
Интегралдық микросхемалар аналогтік және цифрлық болып екіге бөлінеді.
Аналогтік микросхемалар үздіксіз электрлік процесте жұмыс істейді. Оған жататындар: күшейткіш, детекторлар, модуляторлар, түрлендіргіштер.
Цифрлық ИМС логикалық деп аталатын импульстік сигналдармен жұмыс істеуге негізделген. Осы топтағы МС автоматикалық құрылымдар мен есептеу техникасының базалық элементі болып табылады. Олардың тізбектеріне информациялық екілік есептеу жүйесінің негізін қалайтын логикалық 0, логикалық 1 сандарымен тасымалданатын сигналдар беріледі. Цифрлық ИМС-ға логикалық элементтер, триггерлер, регистрлар, санауыштар, сумматорлар, дешифраторлар жатады.
Цифрлық ИМС дегеніміз – дискретті сигналдарды түрлендіру және жетілдіру үшін арналған микроэлектрондық құрылғы.
Логикалық элементтер ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС Қазіргі ЭЕМ-да және әртүрлі цифрлы құрылғыларда ақпаратты өңдеу 1 және 0 екі мәнді ғана қабылдай алатын екілік коды көмегімен жүргізіледі. Екілік ақпаратты өңдеудегі операцияларды логикалық элементтер жүзеге асырады.
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС элементар логикалық операцияларды орындайтын логикалық элементтер (ЛЭ) жиынтығын қолдана отырып, екілік кодымен кез келген күрделі логикалық функцияны жүзеге асыруға болады.
ЖӘНЕлогикалық операциясын орындайтын ЛЭ шартты түрде белгіленуі:
мұндағы x1, x2 … xn – ақпараттық кіріс сигналы, ал у – екілік коды түрінде ұсынылған шығыс сигналы.
ЖӘНЕ логикалық функциясын х және у ақпараттық мәндерінің кестесі ретінде беруге болады, ол кестені ақиқат кестесі немесе ауысулар кестесі деп атайды.
Екі кірістен тұратын ЖӘНЕ элементі үшін ақиқат кестесі:
х1
Х2
у
0
0
0
1
0
0
0
1
0
1
1
1
ЖӘНЕ операциясы логикалық көбейту операциясы (Конъюнкция) деп аталады, және математикалық түрде оны былай жазады:
у=х1^х2 немесе у=х1·х2
НЕМЕСЕ логикалық операциясын орындайтын ЛЭ шартты түрде белгіленуі мен ақиқат кестесі келесі суретте көрсетілген:
х1
Х2
у
0
0
0
1
0
1
0
1
1
1
1
1
Схеманың тым болмағанда бір кірісіне логикалық бір сигналы әсер етсе, онда шығысында Лог1 пайда болады.
НЕМЕСЕ операциясы логикалық қосу операциясы (Дизъюнкция) деп аталады, және математикалық түрде оны былай жазады:
у=х1+х2 немесе у=х1 v х2
ЕМЕС логикалық операциясын орындайтын ЛЭ шартты түрде белгіленуі мен ақиқат кестесі келесі суретте көрсетілген:
х
у
0
1
1
0
ЕМЕС операциясы кіріс сигналының инверсия операциясы (мойындамау) (отрицание) деп аталады, ал ЕМЕС элементі – инвертор деп аталады, және математикалық түрде оны былай жазады:
Логикалық ИМС-ды серияларға біріктіреді. Әрбір серияның негізінде электрлік схеманы ұсынатын базалық элемент жатыр, олар ЖӘНЕ-ЕМЕС (Шеффер элементі) және НЕМЕСЕ-ЕМЕС (Пирс элементі) логикалық операцияларын орындайды.
Логикалық ИМС-ды құрылымы бойынша – РТЛ (резистор-транзистор-логика), ДТЛ (Диод-транзистор-логика), ТТЛ (транзистор-транзистор-логика) және т.б. бөлінеді.
Бұл логикалардың бір-бірінен айырмашылығы кірісі және шығысындағы элементтердің орналасуына байланысты.