ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚПРАКТИКАНЫҢ 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮНДЕЛІГІ
2019-2020 оқу жылы
ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ
Мақсаты: білім беру мекемелерінде студент-практиканттың педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығын жүзеге асыру.Педагогикалық процесті және оқушының іс-әрекетін талдауға бейімдеу.
СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТТЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
Студент-практикант МІНДЕТТІ:
Практика базасында 2апта (2 кредит), күніне 6 сағаттан 60 сағат белгіленген мерзім ішінде болуға.(Практика базасында 60 сағаттың 15 сағаты (3 күні) белгісіз себептермен болмаған уақытта акт толтырылып, оқудан босатылады);
Мектептегі бекітілген сыныптың барлық пәндеріне қатысуға;
Кәсіби практиканың заңнамалық құжаттарын білуге;
Кәсіби практиканың мақсат, міндеттерін, студент-практикант құқықтарын білуге;
Кәсіби практиканың мазмұны мен студент-практиканттың атқаратын функцияларын білуге;
Білім беру мекемесінің әдістемелік-тәрбиелік жұмыстарын меңгеруге;
Сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің немесе осы аталғандарға теңестірілетін мектептен тыс практика базаларындағы жауапты тұлғалардың функцияларын атқару біліктері мен іскерліктерін дамытуға;
Онлайн жазылым жасауға және электронды портфолионы жүргізуге;
Практика қорытындысы бойынша рефлексивті есеп пен презентация жасауға;
Практика соңында білім беру мекемесінен мінездеме алуға;
Практика өтететін нысандардың ішкі еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге.
Студент-практикант ТАНЫСУЫ ТИІС:
2-курс студенті мектепте күніне 6 сағат болуға: оның 4 сағаты бекітілген сыныпта сабаққа қатысуға, 2 сағаты тиісті жұмыстарды атқаруға ЖӘНЕ мектеп, сынып құжаттарын меңгеру жұмыстарына бағыттауға және диагностикалауға, оқушы тұлғасын психо-педагогикалық бақылауға және іс-әрекетіне мониторинг жасауға, зерттеуге, 1 тәрбие сағатын сынып көлемінде өткізуге, барлық жинақталған мәліметтерді сараптап, электронды портфолиоға дер кезінде жүктеуге;
Студент-практикант ҚҰҚЫЛЫ:
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сүйене отырып құрастырылған ЕРЕЖЕ-де көрсетілген құқықтарға ие болуға;
Білім мекемесімен жасалынған келісім-шарттағы тетіктерді пайдалануға;
Кәсіби практика барасында студент-практикант міндеттелген жұмыстарды орындай отырып, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында тиісті орындарға өз ұсыныс-тілектерін білдіруге.