1-аптасында студент білім беру мекемесінің ерекшелігіне сай оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін ажыратады, педагогтың қызметтерін, пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын жасауды үйренеді.
2-аптасында өз бетінше тәрбие сағатын ұйымдастырып, өткізеді, сабаққа қатысып, бақылау парағын толтырады.
Психологиялық-педагогикалық практиканың курстық мақсаты: Студент-практикант педагогикалық процесті және оқушының іс-әрекетін талдау және педагог қызметіне бейімдеу;
Психологиялық-педагогикалық практиканың курстық міндеттері: Студент мектепте күніне 6 сағат болуы тиіс: оның 4 сағаты бекітілген сыныпта сабаққа қатысу, 2 сағаты тиісті жұмыстарды атқаруға (іс-тәжірибені меңгеруге бағытталған шебер-сыныптарға қатысу, оқушы іс-әрекетіне мониторинг, физиологиялық даму деңгейі мен социометриялық зерттеу, 1 тәрбие сағатын сынып көлемінде өткізу, мәліметтерді сараптау, есеп құжаттарын дайындау, электронды портфолио толтыруға ) бөлінеді.
Психологиялық-педагогикалық практиканың курстық қызметтері: талдау, бейімдеу;