2 курс студенттеріне арналған күнделігі 2019-2020 оқу жылы практиканың мақсаты мақсаты



бет1/7
Дата27.03.2023
өлшемі86,46 Kb.
#76458
  1   2   3   4   5   6   7

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ
2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮНДЕЛІГІ

2019-2020 оқу жылы


ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ


Мақсаты: білім беру мекемелерінде студент-практиканттың педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығын жүзеге асыру. Педагогикалық процесті және оқушының іс-әрекетін талдауға бейімдеу.


СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТТЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

Студент-практикант МІНДЕТТІ:





  • Практика базасында 2 апта (2 кредит), күніне 6 сағаттан 60 сағат белгіленген мерзім ішінде болуға. (Практика базасында 60 сағаттың 15 сағаты (3 күні) белгісіз себептермен болмаған уақытта акт толтырылып, оқудан босатылады);

  • Мектептегі бекітілген сыныптың барлық пәндеріне қатысуға;

  • Кәсіби практиканың заңнамалық құжаттарын білуге;

  • Кәсіби практиканың мақсат, міндеттерін, студент-практикант құқықтарын білуге;

  • Кәсіби практиканың мазмұны мен студент-практиканттың атқаратын функцияларын білуге;

  • Білім беру мекемесінің әдістемелік-тәрбиелік жұмыстарын меңгеруге;

  • Сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің немесе осы аталғандарға теңестірілетін мектептен тыс практика базаларындағы жауапты тұлғалардың функцияларын атқару біліктері мен іскерліктерін дамытуға;

  • Онлайн жазылым жасауға және электронды портфолионы жүргізуге;

  • Практика қорытындысы бойынша рефлексивті есеп пен презентация жасауға;

  • Практика соңында білім беру мекемесінен мінездеме алуға;

  • Практика өтететін нысандардың ішкі еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге.

Студент-практикант ТАНЫСУЫ ТИІС:




2-курс студенті мектепте күніне 6 сағат болуға: оның 4 сағаты бекітілген сыныпта сабаққа қатысуға, 2 сағаты тиісті жұмыстарды атқаруға ЖӘНЕ мектеп, сынып құжаттарын меңгеру жұмыстарына бағыттауға және диагностикалауға, оқушы тұлғасын психо-педагогикалық бақылауға және іс-әрекетіне мониторинг жасауға, зерттеуге, 1 тәрбие сағатын сынып көлемінде өткізуге, барлық жинақталған мәліметтерді сараптап, электронды портфолиоға дер кезінде жүктеуге;
Студент-практикант ҚҰҚЫЛЫ:



  • Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті студенттерінің кәсіби практикасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сүйене отырып құрастырылған ЕРЕЖЕ-де көрсетілген құқықтарға ие болуға;

  • Білім мекемесімен жасалынған келісім-шарттағы тетіктерді пайдалануға;

Кәсіби практика барасында студент-практикант міндеттелген жұмыстарды орындай отырып, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында тиісті орындарға өз ұсыныс-тілектерін білдіруге.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет