Курсты ұйымдастыру формасы: лекция,семинар,конференция, дебат, ойталқы,кіріктірілген сабақ,саяхат сабақ,қойылым сабақ.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба дайындату, мәнжазба, тезис, шығармаға рецензия жазғызу,баяндама,ой толғау.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 10-11-сыныптардың соңында оқушылар:
1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;
2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;
3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;
4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;
5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;
6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;
7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:
8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;
9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;
10) абайтану бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;
11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;
12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі;
13) Абай атымен байланысты ғылым және өнер ордаларымен шығармашылық қарым-қатынасқа түсе білуді меңгерулері тиіс.
38. Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:
1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білуі; 2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;
3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;
4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;
5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс.
«Абайтану» тандау курс бағдарламасы 11 сынып. Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Күні,айы
|
Сабақтың мақсаты
|
Сабақтың түрі,
әдісі
|
Қосымша материалдар
|
1
|
Кіріспе Абайтану» курсы туралы түсінік
|
1
|
|
Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі туралы мағлұмат беру
|
Танымдық, әңгімелесу
|
|
2
|
Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы
|
1
|
|
Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары туралы
|
Ортада қаламсап", "Еркін жазу",1,2,3,4,5,6,7
|
Абайдың шығармалар жинағы
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |