2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
,,Қазақстандағы 
шамандықтың 
қалдығы,, 
 
деген 
мақаласында, әлемдiк дүниенi сүюдi, табиғатқа деген 
шексiз махаббат пен адамдардың рухын қастерлеудi, 
аруағын ардақтауды шамандық
 деп атайды. 
Қолөнердiң негiзгi салалары - қыш өндiрiсi, ұсталық, 
зергерлiк, тоқымашылық, тiгiншiлiк, шыны жасау, сүйек 
өңдеу ағаш өңдеу т.б. дамыды. 
Ерте ортағасырлардағы iрi қалалар: Испиджаб, Отырар, 
Тараз, Қойлық, Талхиз т.б.
Қалалар негiзгi З ауданнан тұрды: 
цитадель, шахристан, 
рабад.
Цитадель - әкiмшiлiк ауданы, шахристан – бай-
шонжарлар, дiни қызметшiлер, әскер басылар тұратын 
орталық ауданы. Рабад - қолөнершiлер, саудагерлер мен 
егiншiлер тұратын шеткi аудан. 
Б.з.д. III-II ғасырларда қалыптасқан ұлы Жiбек жолының 
Қазақстан территориясы арқылы өтуi түркi тiлдес 
халықтарының 
мәдениетiнiң 
дамуына 
қосқан 
үлесi, 
тiршiлiгiне әкелген жаңалығы да мол болды. Түркi тiлдес 
халықтарының жазуы: 
руналық, орхон-енисейлiк, ұйғырлық
жазуларды пайдаланды. 
1890 жылы Көкшiн-Орхон өзенiнiң жағасында Күл-Тегiн, 
Бiлге қаған, Тоныкөк құрметiне орнатылған руналық 


69 
ескертiкштер табылды. Мұндағы жұмбақ руналық жазуларды 
1893 ж. алғаш дат ғалымы В.Томсон оқыды. 
Халық ауыз әдебиетiне,,Қорқыт - ата,, және ,,Оғызнама,, 
сияқты түрiк тiлдерiндегi күрделi эпостар. Кесенелер – 
сәулет өнерiнiң ерекше ескерткiштерi. Халық аса қадiрлейтiн 
сәулет ескерткiштерiнiң бiрi – Баба әже кесенесi. Мазар XI 
ғасырда Таразда салынған. XI-XIIғ. салынған сәулет 
ескерткiшi тараздағы Айша-Бибi кесенесi. Бұл ескерткiште 
оюдың 20 түрi сақталып, оюлар ерекше архитектуралық 
сипат, өзара байланыс тапқан. Қарахан кесенесi – XI ғасырда 
салынған, порталды – күмбездi, төртбұрышты ғимаратқа 
жататын тамаша сәулет өнерiнiң ескерткiшi. Түркi дәуiрiндегi 
бейнелеу өнерiнiң ескерткiштерi – тас мүсiнндер. Көбiне 
адамды бейнелеген мүсiндер – 
балбал тастар
деп аталады. 
Тас мүсiндерде атақты адамдар және құдайлар бейнелеген 
оларды зират басына, шығысқа қаратып орнатады.
4. Номадизм – мәдени тип ретінде. Еуразия 
кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері

 
Номадизм – мәдениет типi ретiнде. Көшпендiлiк, номадизм – 
шарушылықтың ерекше түрi және өмiр сүру формасы болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет