2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы



Pdf көрінісі
бет153/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

139.Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы. 
УНИК:97 
Жалпы, аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде аталық бездің қабықтары 
калыптасады.Аталық бездің ұмаға түсуінде ең маңызды рөлді атқаратын бағыттаушы жіп 
болып табылады ,латыншасы-gubernaculum testis. Бағыттаушы жіп дамудың бастапқы 
кезендерінде ішастардың артқы жағында орналасады, аталық без ұрығының каудалді 
шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жататынын ескеру керек. Содан соң ол жерде 
ұма калыптасады. Ішкі құрсақтық дамудың үшінші айында, терең шап сақинасының 
орнында қынаптық өсінді,яғни, processus vaginalis peritonei пайда ететін ішастар 
қалташығы пайда болады. Ұрықтың денесінің ұзындығы өседі,соған байланысты аталық 
без төменірек орналасып, ішастардың артқы жағына, жамбас астау қуысына қарай
жылжып, сосын кынаптық өсінді тұсында processus vaginalis peritonei болашақ сірлі 
кабықпен жабылады да, ұмаға түседі. Қынаптық өсіндімен қатар, алдыңғы құрсақ 
қабырғасының барлық дерлік қабаттары сыртқа салбырап шығып, аталық без 
орналасатын орынды,яғни ұманы түзеді. 
Аталық бездердің ұмаға түсу процесі descensus testis деп аталады.Жалпы,ұрықтық даму 
кезеңінің 3-4 - ші аптасына қарай жыныс бездерінің негізі іш қуысының бел аймағында 
қаланады да, әрі қарай аталық немесе аналық жыныс безінің дамитыны осы 
эмбриогенездің 7-8 апталарында белгілі болады .СОдан соң,ұрықтық дамудың 3-4 айында 
аталық без жамбастың мықын шұңқырына түседі,ал 5-6 - шы айында шап каналының iшкi 
тесігіне жақындайды ал 7-8 –айында болса шап каналында,яғни canalis inguinalis 
орналасады ,9 -айда аталық бездер бала туылатын кезеңде шап каналынан ұмаға түседі 
.Негізі,ұмадағы температура іш қуысындағы температурадан төмен болады , ал бұл 
жағдай сперматозоидтардың пісіп жетілуіне қолайлы ,себебі сперматозоидтардың жетілуі 
үшін ұманың физиологиялық температурасы 35 градус болуы шарт болып келеді. Аталық 
без жол өткізгіші ( gubernaculum testis ) бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары мен 
фиброзды тінінен тұратын бағыттаушы жіпше болып келетінін білген жөн.Және де осы 
gubermaculum testis эмбриогенездік даму сатысында жоғарғы екі белдік омыртқалар 
деңгейінде түзілген аталық бездің төменгі шетінен басталып іштің алдыңғы қабырғасына 
жетеді , ол жерде ұма қалыптасады. 
Алғашқы кезеңдерде бағыттаушы жіпше ішастардың артында орналасады,ұмаға 
бағытталып,шап каналы арқылы ұмаға түседі. 


Содан соң,ішастардың іш қуысынан төмен қарай бағытталған тұйық өсіндісі,яғни 
processus vaginalis peritonei бар.Ол құрсақшiлiк дамудың 3 айында , болашақ терең шап 
сақинасының орнында пайда болады.Кейін ұрық денесінің ұзындығының өсуіне 
байланысты аталық без төмен орналасады , жамбас қуысына жылжиды ,қынаптық 
өсіндінің тұсында болашақ сірлі қабықпен жабылады да, ұмаға түседі.Аталық без ұмаға 
түскеннен кейін ұрық шылбыры ,яғни funiculus sреrmаticus қалыптасады ,ал processus 
vaginalis peritonei іштің алдыңғы қабырғасы арқылы ұмаға өткен кезде іштің алдыңғы 
қабырғасының қабаттарын өзімен бірге ұмаға алып түсіреді , міне сондықтан ұманың 
қабаттары немесе аталық без және ұрық шылбырының қабықтары іштің алдыңғы 
қабырғасының құрылысына ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет