2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет26/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

4 өсіндісі: 


1. Мандай өсіндісі
(processus frontalis) — жоғары бағытталып, мандай сүйегінің (pars 
nasalis) қосылады. Алдыңғы көзжастық алдыңғы қырқасы (crista lacrimalis anterior) 
алдыңғы және артқы аймақтарға бөлінеді. Артқы бөлім төмен қарай көзжастық ойыққа 
(sulcus lacrimalis) өтеді. Артқы жағынан маңдай-жоғарғы жақтық жік (sutura 
lacrimomaxillair) арқылы көзжас сүйегімен жалғасқан. Медиалды бетіндегі қырқа, (crista 
ethmoidalis) — ортаңғы мұрын қалқанының бекитін жері. Маңдайлы өсінідінің (processus 
frontalis) алдыңғы бөлігі тісшеленіп, маңдай-жоғарғы жақтық жік (sutura frontomaxillaris) 
арқылы маңдай сүйегімен байланысқан. Мандай өсіндісінің (processus frontalis) алдыңғы 
шеті мұрын сүйегімен мұрын-жоғарғы жақтық жікке (sutura nasomaxillari) жалғасады.
2. Альвеолярлы өсіндісінің
(processus alveolaris) оның дамуы тістердің дамуына 
байланысты, сүйек денесінің төменгі шетінен төмен қарай кетеді де, алға және сыртқа 
шығыңқы доғаны сипаттайды. Бұл аймақтың төменгі беткейінде, альвеолярлы доғада 
(arcus alveolaris) жоғарғы сегіз тістің түбірлерінің ұяшықтары (alveoli dentales) болады. 
Олар бір-бірінен қалқалар (septa interalveolaria) арқылы бөлінген. Кейбір ұяшықтар өз 
кезегінде түбіраралық қырқалар (septa interradicularia) арқылы тіс түбірлерінің санына 
қарай кіші ұяшықтарға бөлінеді. 
Ұяшықтық өсіндінің алдыңғы бетінде ұяшықтық көтеріңкі (juga alveolaria) орналасқан. 
Сонымен бірге, екі жақтылық ұяшықтық өсінділер өзара ұяшықтық жік арқылы (ѕutura 
interalveolaris) өзара бітісе жалғасқан. 
3. Таңдай өсіндісі,
(processus palatinus) дененің мұрын бетінің төменгі шетінен ішке қарай 
созылып, таңдай сүйегінің көлденең табақшасымен бірге сүйек түзетін көлденең 
орналасқан сүйек табақшасы. Ортаңғы таңдайлық жік (sutura palatina mediana) бойымен 
өре сүйектің төменгі жиегімен байланысатын мұрын қырқасы (crista nasalis) болады. 
Жоғарғы бетінде,мұрындық қырқаның (crista nasalis) алдыңғы шетіне жақын күрек тістік 
өзекке (canalis incisivus) апаратын күректістік тесік (foramen incivum) көрінеді. Жүйкелер 
мен тамырлар өтетін бойлық жүлгелер (sulci palatini) болады. Жиі алдыңғы бөлігінде 
күрек тістік жік (sutura incisiva) байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет