2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі



Pdf көрінісі
бет155/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

141.Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі . 
94,98%
 
Атабез (testis), сперматозоидтар түзетін, гормондарды қанға бөліп шығаратын жұп ағза. 
Аталық жыныс мүшелері ішкі және сыртқы мүшелері болып бөлінеді. Ішкі мүшелеріне 
шәует шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық түбінің безі, ал сыртқы жыныс 
мүшелеріне сыртқы жыныс мүшесі, несеп жолы, ен, ұма 
Атабездер ұмада орналасып бір-бірінен қалқамен бөлінеді, беті тегіс, сопақша келген. 
Атабездің салмағы-25гр шамасында, мөлшерлері келесідей: ұзындығы-4см ені-3см-ге 
дейін,қалыңдығы-2 см шамасында.
Атабездің
• жоғарғы және төменгі ұштарын (extremitas superior et inferior),
• артқы және алдыңғы жиектерін (margo anterior et posterior) 
• медиальді және дөңестеу латеральді беттерін (facies medialis et lateralis) ажыратады.
Жоғарғы ұшында атабез өсіндісін (appendix testis) көруге болады. Атабез сыртынан, 
астында атабез паренхимасы (parenchyma testis) орналасқан тығыз ақ қабықпен (tunica 
albuginea) қапталған. Ақ қабықтың артқы бөлігі атабез паренхимасына еніп шағын өсінді, 
атабез аралығын (mediastinum testis) түзеді. Аралықтан шығатын дәнекертінді жінішке 
қалқалар (septula testis) атабез пaренхимасын сaны 300-ге дейін жететін үлесшелерге 
(lobuli testis) бөледі, әр үлесше бірнеше иреленген өзекшелерден (tubuli seminiferi contorti) 
тұрады. Олар әрі қарай бір-бірімен қосылып тік өзекшелерге (ductuli seminiferi recti) 
айналады.Тікөзекшелер атабез торына (rete testis) ашылады. Ол жақтан, атабез қосалқысы 
түтігіне құятын 15 шамасында атабездің шығарушы өзекшелері (ductuli efferentes testis) 
шығады. Шәует құрамына кіретін еркек жыныс жасушалары (сперматозоидтар) тек қана 
иреленген өзекшелерде дамып қалыптасады ал қалған өзекшелер шәует шығарушылар 
болып табылады.
Бадана (Купер) бездері кішкене бұршақ тәрізді, несеп жолының бойында орналасқан. 
Оның түтігі несеп жолына қарай ашылып, шәует құрамына енетін сүйықтықты бөледі.


Ұма - атабездің (тастың) қапшығы, оның ортасы ет пердесімен екі бөлікке бөлінген. 
Қабырғасы алты қабаттан тұрады. Олар: теріасты майы, беткей шандыр, ет қабаты, терең 
шандыр және ішектен түзілген сірнелі қабықша.
Ен үзынша үш кеуекті денеден тұратын сыртқы жыныс мүшесі. Оның жоғарғы қатар 
жатқан екеуі жыныс мүшесіне тән болса, астыңғы жағында жатқан үшінші кеуекті 
денеден несеп жолының түтігі өтеді. Ол арқылы несеп шығарылуымен қатар жыныс 
жасушалары да шығарылады. Ен түбір, мойын, бас бөлімдерінен тұрады. Астыңғы кеуекті 
дене түбінен айырылып, шат сүйектеріне бекіп, еннің екі аяқша- сын құрайды. Оның үш 
жағы сүйірленіп, несеп жолының конус тәрізді бөлігіне көшіп, еннің басын түзеді. 
Басында несепағар өзегінің ашылар жері жатады. Барлық кеуекті денелер сыртынан тығыз 
дәнекер кабықшалармен қаптал- ған. Олардың ішінде саңылау қуыс болады. Жыныстық 
қозу кезінде бүл саңылауларды артерия қаны кернеп, толады да, жамбасасты еттерінің 
жиырылуы нәтижесінде вена қаны- ның шығып кетуі қиындайды. 
Еннің терісі және қозғалғыш, бас бөлімінде екі қабаттасып келеді. Ішкі қабатында май 
бездері көп бола- ды. Жыныс мүшесі құрсақ шандырының жалғасы болып табылатын 
байламдар арқылы шонданай, шат сүйектеріне бекіп, қалпын сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет