2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет156/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

АТАБЕЗ ҚОСАЛҚЫСЫ
(epididymis) атабездің артқы жиегі бойында орналасқан . 
Қосалқының басын (caput epididymidis) денесін (corpus epididymidis) және құйрығын 
(cauda epididymidis) айырады.
Балаларда қосалқы басының жанында айқын көрінетін атабез өсіндісінің қосалқысы 
(paradidymis) жатыр. Атабез ақ қабығы қосалқы ақ қабығына өтеді. Атабездің шығарушы 
өзекшелерінен 15-20 шамасында қосалқының конустары-үлесшелері (lobule-cones 
epididymis) қалыптасады. Қанмен қамтамасыздануы, атабез және шәует шығаратын 
атериялармен жүзеге асырылса, веналық ағым, жүзім шағы тәрізді веналық өрімге (plexus 
venosus parpiniformis) құяды. Лимфа ағымы, белдік лимфа түйіндеріне барады. Атабездік 
өрімнен нервтенеді. 
ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ
(prostata), өзінен бөліп шығаратын сұйықтығы шәует құрамына 
кіретін, дараланған ацинустардан құралған тақ, безді – бұлшықеттік ағза. Қуықасты 
безінің салмағы 25 гр-ға дейін, ал басқа көлем мөлшерлері төмендегідей:
• Қалыңдығы – 2 см-ге дейін
• Көлденеңі – 4 см-ге дейін
• Ұзындығы – 3 см-ге дейін
Без кіші жамбас қуысында, несепқуықтың астында орналасқан. Простата арқылы 
несепшығаратын өзек өтеді, ол бездің негізінен кіріп ұшынан шығады. Простатаға шәует 
шығаратын түтіктер енеді.
Простатада ажыратады: 
• негізін (түбі) (basis prostatae),
• алдыңғы (facies anterior),
• артқы (fasies posterior) , 
• төменгі бүйір (facies infralateralis) беттерін


• ұшын (apex prostatae) 
Простатадан қасаға симфизіне бекітін ортаңғы және бүйір қасаға-қуықасты байламдары 
(lgg.puboprostaticae) және қасаға-қуықасты бұлшықеті (m.puboprostaticus) басталады.
Простатаның артқы беті тік ішек кең жерінен (ампуладан) тік ішек-қуықтық табақшамен 
(septum re) бөлінген.
Бүл бездің отыз шақты майда түтікшелері несеп жолына ашылады. Бездің ет талшықтары 
әртүрлі бағытта орналасып, жиырылған кезде секреттерін шығарумен бірге сфинктерлік 
қызметін де атқарады. Без сілтілі реакциялы секрет бөледі. Ол сперма құрамын еніп, оны 
сүйылтумен қатар сперманың тіршілік әрекетіне қолайлы жағдай туғызады. Бүл без 
жасөспірім балада өте кішкене болады, 14 жастан жедел дами келе 20 жаста толық 
қалыптасады.Простата сыртынан, бездің ішіне енетін қалқалар басталатын тығыз 
қапшықпен қапталған. Простата саны 50-ге жететін үлесшелерден құралған. 
Үлесшелердің басым бөлігі бездің бүйір және артқы бөліктерінде орналасқан. 
Ацинустардың бездік түтікшелері екі-екіден бір-бірімен қосылып қуықасты түтіктерін 
түзеді (ductuli prostaticae). Простатаның алдыңғы бөлігі, несеп шығаратын өзектің 
айналасында орналасып оның еріксіз қысқышын түзуге қатынасатын бірыңғай салалы 
бұлшықеттен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет