2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Аталық без қосалқысы, құрылысы және қызметі



Pdf көрінісі
бет160/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

145.Аталық без қосалқысы, құрылысы және қызметі. 
93,28%
 
Аталык без косалкысы
, немесе epididymis, аталық бездің артқы жиегінің бойымен 
орналасқан болатын . Дөңгеленген жоғарғы бөлігі - аталық без косалқысының басын, 
caputepididymidis, ажыратады, ол орталық бөлік - аталық без қосалқысының денесіне, 
corpus epididymidis, ауысады. Аталық без қосалқысының денесі тарылатын төменгі бөлігі 
– аталық без қосалқысының құйрығына, cauda epididymidis, жалғасады. Аталық без 
қосалқысының басында, мезонефралді өзекшенің рудиментарлы өсіндісі болып 
табылатын аяқшасы бар көпіршік түрінде, аталық без өсіндісі, appendix testis, кездеседі. 
Қосалқының басы мен құйрығы аймағында соқыр аяқталатын түтікшелер, мезонефрос 
өзекшелерінің қалдығы немесе вольфов денелері - ауытқыған түтікшелер, ductuli 
aberrantes, орналасады. Қосалқы басының артына қарай дәнекер тінді балаларда айқын 
байқалатын жалпақақ түзіліс - аталық без қосалқысының өсіндісі, paradidymis, 
орналасады, ол да мезонефрос рудименті. Аталық безді қаптайтын сірлі қабық аталық без 
қосалқысына да өтеді, аталық без қосалқысының қойнауын, sinus epididymis, қаптай, 
латералді жағынан аталық без бен аталық без қосалқысының арасындағы тереңіне кіреді. 
Аталық бездің шығарушы өзекшелерінің жолы иреленген, жұқа дәнекер тінді 
аралықтармен бөлінген конус пішінді аталық без үлесшелерін, lobuli-coni epididymidis, 
түзеді. Аталық без қосалқысында 12-15 үлесшелер болады , әр үлесшенің өзекшесі 
көптеген иірімдер түзетін аталық без қосалқысының түтігіне, ductus epididymidis, 
ашылады. Жазылған күйінде аталық без қосалқысы түтігінің ұзындығы 6-8 м-ге жетеді. 
Қосалқының құйрықты бөлігінде, оның түтігі шәует шығаратын түтікке, ductus deferens, 
ауысады. Аталық жыныс жасушалары тек иреленген шәует өзекшелерінде түзіледі. 
Аталық бездің қалған түтікшелері мен өзектері шәует шығаратын жолдар болып 
табылады. Сперматозоидтар шәуеттің құрамына кіреді. Оның сұйық бөлігі шәует 
қуықшасы мен қуықасты бездің секреті болып табылады.
Аталық без Қосалқысы epididymis атабездің артқы жиегі бойында орналасқан 
Қосалқының басын caput epididymidis, денесін corpus epididymidis және құйрығын cauda 
epididymidis айырады. Балаларда қосалқы басының жанында айқын көрінетін аталық без
өсіндісінің қосалқысы paradidymis жатыр, Аталық без ақ қабығы қосалқы ақ қабығына 
өтеді. Атабездің шығарушы өзекшелерінен 15-20 шамасында қосалқының конустары- 
үлесшелері қалыптасады. Қанмен қамтамасыздануы, атабез және шәует шығаратын 
атериялармен жүзеге асырылса, веналық ағым, жүзім шағы тәрізді веналық өрімге (plexus 
venosus parpiniformis) құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет