2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет188/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

Медиалді қабырға
- бір-бірінде жатқан екі бойлық буылтық . Оның жо-ғарғысы кіші, өте 
нәзік айқындалған артқы мүйіз буылтығы (BNA)Төменгі үлкен буылтық, кұс топшысы, 
calcar avis. 
Артқы қабырға
- шүйде үлесінің заты 
4) төменгі мүйіз, cornu inferius, самайлық үлесте орналасады 
Латералді, жоғарғы қабырға- сүйелді дененің талшықтары, жартылай жамылғы, tapetum 
Медиалді, төменгі- қабырға гипокамп, hippocampus 
Төменгі қабырға- жанама үшбұрыш, trigonum collaterale 
169.Аралық ми, бөлімдері, таламус аймағы: бөлімдері, қызметі.
100%
 
Аралық ми, diencephalon, алдыңғы ми көпірінің, prosencephalon, артқы бөлімінен дамиды. 
Аралық мидың екі аймағы:
1.көз төмпесі аймағын, thalamus s. region thalamica,
2.таламусасты, hypothalamus s. region subthalamica.
Аралық мидың қуысы үшінші қарынша, ventriculus tertius cerebri. Көз төмпесі аймағына:
1.меншікті көз төмпесі, thalamus ,
2.таламусүсті аймағы, epithalamus,
3.таламусарты аймағы, metathalamus,
Көз төмпесі
, thalamus, аралық мидың бүйір, латералді қабырғаларынан дамитын ақ және 
сұр заттардан түзілген күрделі жиынтық. Оның медиалді беті үшінші қарынша қуысына 
қарап, оның бүйір қабырғасын құрайды; осы бетте regio thalamica-ны regio hypothalamica-
дан бөлетін төмпеасты жүлге, sulcus hypothalamicus, кейін өтеді. Көз төмпесінің сыртында 
сәл алға таман алдында жолақты дене, corpus striatum, жатады, ол ішкі капсуланың, 
capsula interna, ақ затының жолағымен шектелген. Көз төмпесінің жоғарғы беті бос жатып, 
бүйір қарыншаның орталық бөлігінің төменгі қабырғасының учаскесін құрайды.
Сыртқы құрылымы: 


1.алдыңғы төмпешік, tuberculum anterius 
2.таламус жастығы, pulvinar 
Көз төмпесінің құрамына кіретін сұр зат көз төмпесінің ядроларын, nuclei thalamісі, 
кұрайды. Олардың ішінде:
1.алдыңғы ядролар - иіс сезудің субкортикалық орталығы
2.латеральді ядролар- жалпы сезімталдықтың субкортикалдық орталығы 
3.артқы ядролар-көрудің субкортикалық орталықтары 
4.орталық ядролар- ретикулярлық формация ядроларымен ұсынылған 
5.медиальды ядролар– экстрапирамидалық ядролар жүйесі 
Таламустың қызметі сенсорлық және моторлы ақпаратты сезім мүшелерінен (иіс 
мүшелерінен басқа) ми қыртысының тиісті аймақтарына жеткізу, сана деңгейін, ұйқы, 
концентрацияны реттеу. 
Таламусүсті аймағы, epithalamus, кұрамына:
1.томпақ дене, corpus pinealе;
2.жүген, habenula, ол жүген үшбұрышынан, trigonum habenulae, және жүгендер 
дәнекерінен, commissura habenularum, тұрады;
3.эпиталамустың артқы дәнекері, commissura epithalamica posterior, кіреді. Аталған 
кұрылымдар үшінші қарынша қабырғаларының құрамына кіреді. Эпиталамус эпифизді 
құрайды, ол таламусқа жүген арқылы бекітіледі. Эпифиз-бұл ішкі секреция безі, оның 
қызметі мелатонин алмасуын қамтамасыз ету,циркадиялық ырғақтарды,жыныстық жетілу 
процестерін реттеу. 
Таламусарты аймағы, metathalamus, құрамына иінді денелер, corpora geniculata, кіреді, 
медиалді иінді денелер, corpora geniculatum mediale, және латералді иінді денелерді, 
corpora geniculatum laterale, ажырататын жұп кұрылым. Олар ұзынша сопақ төмпешік 
түрінде таламус жастығынан төмен және латералді жатады; олардың әрбіреуінде медиалді 
иінді дене ядросын, nucleus corporis geniculate medialis, және латералді иінді дене ядросын, 
nucleus corporis geniculati lateralis, түзетін сұр зат жиынтығы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет