2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет21/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

18. Шүйде сүйегі, құрылысы
Уникальность: 100% 
Шүйде сүйегі (os occipitale), жұпталмаған, бас сүйегінің артқы және төменгі 
қабырғаларын, бас сүйегінің күмбезі мен оның негізін құрайды. Оның сыртқы беті дөңес, 
ішкі, ми сауытына қараған беті, ойыс. Оның алдыңғы-төменгі бөлігінде бас сүйек қуысын 
омыртқа өзегімен байланыстыратын үлкен тесік (foramen magnum) бар. Шүйде сүйегінің 
даму процесіне сүйене отырып, онда үлкен (желке) тесігін (foramen magnum) қоршап 
тұрған 3(4) бөлікке бөлінеді: 
1) Денесі немесе негізгі бөлігі (pars basilaris), үлкен тесіктің (foramen magnum) алыдында 
орналасқан; 
2) Жұптасқан латералды бөліктері (pars laterales), үлкен тесіктің (foramen magnum) бүйір 
бөліктерінде орналасқан;
3) Қабыршақты бөлігі (pars squama occipitalis), үлкен тесіктің (foramen magnum) артында 
орналасқан. 
1) Дене немесе негізгі бөлік (pars basilaris) қысқа, қалың, төртбұрышты болып келеді.
Оның артқы шеті бос, тегіс және сәл сүйірлеу, үлкен тесікті (foramen magnum) алдыңғы 
жағынан шектейді; алдыңғы жиегі қалыңдаған және кедір-бұдырлы, шеміршек арқылы 
сына тәрізді сүйегінің (os sphenoidale) денесімен байланысып, шүйде-сына синхондрозын 
(sunchondrosis sphenooccipitalis) құрайды. Жасөспірім кезінде шеміршек сүйек тінімен 
алмастырылып, екі сүйек те біртұтас болып біріктіріледі. Негізгі бөліктің (pars basilaris) 
ішкі жағын ылди (clivus) деп көрсетеміз. Негізгі бөліктің (pars basilaris) сыртқы бетінде 
(facies externa) жұтқыншақтық төмпешік (tuberculum pharyngeum) орналасқан. 
Шүйде сүйегінің (os occipitale) негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің сыртқы сәл тегіс емес 
шеті самай сүйектің (os temporale) тасты бөлігінің (пирамидасының) артқы жиегіне 
іргелес. Олардың арасында тасты-шүйде жарықшақ (fissura petrooscipitalis) пайда болады, 
ол шеміршек арқылы тасты-шүйде синхондрозды (synchondrosis petroocipitalis) құрайды.


Ми сауытына қараған бетінде, оның сыртқы шетінде, самай сүйектің (os temporale) тасты 
бөлігінің артқы бетінің төменгі жиегімен шектесетін, тастық қойнауының жүлгесі (sulcus 
sinus petrosi inferioris) ораналсқан. 
2) Шүйде сүйегінің бүйір бөліктері (partes laterales) біршама ұзарған, артқы бөліктерінде 
қалыңдаған. Ол үлкен тесіктің (foramen magnum) бүйір бөліктерін құрап, алдыңғы 
бөлігімен негізгі (pars basilaris), ал артында қабыршақты бөлігімен (pars squama occipitalis) 
біріктірілген. 
Әр бүйір бөліктің төменгі, сыртқы, беткейінде сопақша пішінді айдаршық (condylus 
occipitalis) орналасқан. Айдаршықтардың үстінде айдаршық үсті шұңқыры (fossa 
condylarlis). Aйдаршық үсті шұңқырының (fossa condylaris) түбінде айдаршық өзегі 
(canalis condylaris) бар. Әр бүйір бөліктің (pars laterales) латералды шетінде мойындырық 
тілік (incisura jugularlis), орналасқан. Мойындырық тіліктің артында мойындырықтық 
өсінді (processus jugularis) орналасқан. Оның негізінің сыртқы бетінде кішкентай 
емізіктәрізді өсінді (processus paramastoideus) орналасқан.
Бүйір бөлігінің ми сауытына караған беті сырткы бетіне қарағанда тегістеу. 
Мойындырықтық өсіндінің артында сигматәрізді койнаудың жүлгесі (sulcus sinus 
sigmoidei), алдында мойындырыктық төмпешік (tuberculum jugularis) орналасқан. 
Мойындырыктык төмпешік пен сыртында орналаскан айдаршыктың терең кабатында, 
горизонталді бағытта, XI жұп тіласты ми нервінін өзегі (саnalis hyрoglossalis) орналаскан. 
3) Қабыршақты бөлігі (pars squama occipitalis) үлкен тесіктің (foramen magnum) артқы 
жағынан шектейді және шүйде сүйегінің көп бөлігін құрайды. Бұл ішкі, ми сауытына 
қараған бөлігі, ойыстау және дөңес сыртқы беті дөңес, кең, қисық, үшбұрышты тақта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет