2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі



Pdf көрінісі
бет34/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

28.Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі. 
Mи сауытының сыртқы негізі-basis cranii externa,оның алдын түгел бет сүйектері жауып 
орналасқан.Сыртқы негізінің бос бөлігін-сына тәрізді сүйек, жұп самай сүйек және шүйде 
сүйектері құрайды. Сыртқы негізде бірнеше тесік, өсінді, жүлгелердің болуына қатысты 
рельфтері тегіс емес болып келеді. 
Сыртқы негіздің артқы бөлігінің ортасында үлкен тесік-foramen magnum байқалады.Үлкен 
тесіктің артқы жиегімен шүйденің сыртқы қырқасы crista occipitals externa орналасқан. 
Үлкен тесік алдында шүйде сүйектің базилярлы бөлігі бар, және соның ортасында 
жұтқыншақтық төмпешік-tuberculum pharyngeum бар.Төмпешіктің алдынан сына тәрізді 
сүйек денесімен және қанаттық өсінділерімен орналасқан, мұрын қуысының хоаналарын 
байқай аламыз. 
Шүйде сүйектің оң және сол жағынан самай сүйек пирамидалары орналасады.Осы 
пирамиданың төменгі шетінде ұйқы өзегінің сыртқы тесігі aperture externa canalis carotici, 
және мойындырық шұңқыр fossa jugularis бар ,сонымен қатар осында біз секілді өсіндісі 
processus styloideus бар, біз-емізік тәрізді тесік foramen stylomastoideum орналасқан.
Самай сүйек пирамидасына-сыртқы есту тесігі мен дабылдық бөлік жатады.Дабыл-
емізіктік саңылау-fissura tympanomastoidea, емізіктік тілік incisura mastoidea, тұрақты емес 
емізіктік тесік -foramen mastoideum болып табылады. 
Сына сүйектің қанат тәрізді медиалді өсіндісімен латералды өсіндісінің табанының 
аралығында-қайықша тәрізді ойыс fossa scaphoidea,ал артқы қапталында ішкі жиегі, 
жырымдалған,саңылау тәрізді жыртық тесік-foramen lacerum,анық байқалады. Және осы 
жыртық тесіктің латералды қапталында, сына сүйекті үлкен қанатының сыртқы бетінде
сопақша тесік foramen ovale, және қылқанды тесік foramen spinosus, бар.Артқы және 
латералды қапталында төменгі жақ буынының ойысы fossa mandibularis және оның буын 
беті facies articularis және буын төмпешігі tuberculum articulare байқалады. Артқы 
қапталында мойындырық ойыс fossa jugularis бар. Мойындырық тесік-foramen jugularis 
деп аталады,және ол самай сүйектің мойындырықтық тілігі мен шүйде сүйегінің 
латералды бөлігінің мойындырықтық тілігінің, бір-бірімен өзара бетпе бет бірігуі 
нәтижесінде пайда болған.
Сына сүйегі мен самай сүйектің тас бөлігі, бір-бірімен аралық сына-тастық шеміршектік 
тін-synchondrosissphenopetrosa арқылы шектеседі.Самай сүйегінің тас бөлігі, шүйде сүйегі 
мен тас шүйделік шеміршектік тін synchondrosis petrooccipitalis арқылы қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет