Ми сауытының ішкі негізі-basis cranii interna деп аталады, және ол мидың базальді беті
рельфіне ұқсас болып келеді. Ми сауытының ішкі негізінде үш шұңқыр
бар,алдынғы,артқы және ортанғы шұңқырлары.
1.Алдынғы шұңқыры-fossa cranii anterior, бұл таяздау келген ойыс.
2. Opтанғы шұңқыры-fossa cranii media, ол бүйір қапталы тереңдеу ойыс.
3.Apтқы шұңқыры-fossa cranii posterior, бұл ми сауыты негізінің ішкі беткейіндегі ең терең
ойысы болып саналады.
Олардың шекаралары:1.Алдыңғы шұңқыр шекаралары:бұл шұңқыр ми сауытының
ортаңғы ойысынан, сына сүйектің кіші қанатының артқы жиегі мен түрік ертоқымының
төмпешігі арқылы шектеседі.Және бұл шұңқырдың тереңдеу келген бетінде, тор сүйектің
әтеш айдаршығына ұқсаған қырқасы crista galli,ал алдында соқыр тесік, foramen cacut
болады.
2.Ортанғы шұңқыр шекаралары: ми сауытының артқы ойысынан,самай сүйектің бөлігінің
жоғарғы қыры мен түрік ертоқымының арқасы арқылы шектелген.Бұл ойыстың алдында
түрік ертоқымның төмпешігі tuberculum sellae орналасады.Ал артында түрік ертоқымның
арқасы-dorsum sellae, орналасады.
Аралығында гипофиз безінің ойысы fossa hypophysialis-анық байқалады. Түрік ерінің
бүйір қапталында ішкі ұйқы артерияның жүлгесі — sulcus caroticus орналасқан.
3.Артқы шұңқыр шекаралары:
Негізінен алдыңғы шекарасы-самайсүйектің жоғарғы қыры ,түрік ерінің арқасы мен
шектеседі.Ал артқы шекарасы-шүйде сүйегінің көлденең қойнауындағы сала sulcus sinus
transversus-пен шектеседі,сонымен қатар шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы protuberantia
occipitalis externa арқылы шектеледі.Осы шұңқыр негізін шүйде сүйек құрайды, сонымен
бірге оған-самай сүйектің емізіктік өсіндісі, пирамиданың артқы беті және де сынатәрізді
сүйектің артқы бөлімі, төбе сүйектерінің емізіктік бұрышы кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: