2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық



Pdf көрінісі
бет84/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

76. Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты және терең). Практикалық 
маңызы. 
Уникальность: 100.00% 
Сан өзегі canalis femoralis қалыпты жағдайда болмайды, тек сан грыжасы пайда болғанда 
туындайды. Ол шап байламының lig.inguinale медиальді бөлігінің астында қан тамыр 
лакунасының ортасында сан венасының v.femoralis жанында орналасады. Оның ұзындығы 
1 см ге дейін жетеді, пішіні үшбұрышты пирамидаға ұқсайды. Сан өзегінің терең anulus 
femoralis profundus және беткей anulus femoralis superficialis екі сақинасы болады. Сан 
өзегінің терең сақинасының алдыңғы қабырғасы шап байламымен lig.inguinale, сыртынан 
сан венасымен v.femoralis, артқы қабырғасы lig pectineale, медиалді қабырғасы лакуналық 
байламмен lig.lacunare шектеледі. Ол сан өзегінің кіре беріс тесігі болып табылады. Бұл 
сақина іштің көлденең фасциясымен жабылған. Ол алдыңғы жағында fossa ovalis 
байланысады, ал артқы жағы ішқуысының алдыңғы фасциясына өтеді. Сан өзегінің 
қабырғаларына келетін болсақ, алдыңғы қабырғасы санның кең фассиясының беткей 
пластинкасымен lamina superficialis fasciae femoris latae, орақ пішінді жиектің жоғарғы 
мүйізімен cornu superius, артқы қабырғасы қылқанды бұлшықетті musculus pectineus 
жабатын кең фассиясының терең пластинкасымен lamina profunda fasciae latae, сыртқы 
қабырғасы сан венасымен v.femoralis шектелген. Сан өзегінің ішкі қабырғасы санның кең 
фассиясы мен қылқанды бұлшықеттің фасциялық жапырақшаларынан тұрады. Лакуналы 
байламнан сан венасына дейінгі қашықтық неғұрлүм үлкен болса, сан грыжасының пайда 
болуы соғұрлым жоғары болады. Бұл өзектің ұзындығы ер адамдарда 1,2 см, ал әйел 
адамдарда 1,8 см тең болуы мүмкін. Сол себепті сан грыжалары көбінесе әйелдерде жиі 
кездеседі. Қысылған сан грыжаларына арналған операцияларда, қысылған сандық 
сақинаны кесу қажет болған кезде, бұл өзектің сыртқы жағынан сан венасы ал төменгі 
жағынан жақасты артериясы өтетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан шап байламының ішкі 
бөлігі яғни лакуналық байлам ғана кесіледі. Сан өзегінің шығатын сыртқы тесігі торлы 
фасциямен жабылған hiatus saphenus. Hiatus saphenus ішек байламының ішкі бөлігінен 
төмен орналасқан, оның сыртқы жиегі margo falciformis деп аталады. Hiatus saphenus 
торлы фасциясында тамырлар мен нервтер өтетін бірнеше тесіктер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет