2 орта мектеп 1-4 сыныптарға Үлгілік тәрбие жоспары


–2022 оқу жылында тәрбие үрдісінде баса назар аударылатын мәселелер



бет4/5
Дата08.02.2023
өлшемі28,44 Kb.
#66347
1   2   3   4   5
2021–2022 оқу жылында тәрбие үрдісінде баса назар аударылатын мәселелер:

1.Кәмелетке толмаған балаларға сол секілді олардың отбасыларына жайсыздық фактілері анықталған кезде жедел тиімді профилактикалық алдын алу жұмыстарын атқару.


2.Мектеп және отбасы арасындағы құқықтық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық үйлесімді қарым-қатынасты үздіксіз дамыту;
3.Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында пәндік және спорттық үйірмелер жұмысын жүйелі ұйымдастыру;
4.Балаларды дұрыс тәрбиелей алмаушы отбасылардың негізгі проблемалары мен оның шығу себептерін анықтау, зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу ;
5.Мемлекеттің қамқорлығын қажет етуші отбасыға өмірлік қиыншылықтар туындаған жағдайда қол ұшын беру, заң аясында әлеуметтік көмек алу мақсатында құқықтық кеңестер беру, психологиялық қолдау көрсету;
6.Сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту аясында семинар-кеңестер, кәсіби байқаулар, педагогикалық оқылымдар ұйымдастыру;
7.Мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығын қорғау, оқушы қызметінің құқықтық жауапкершілігі мен заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыру аясында әр күні бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізу;
8. Тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижесін анықтаудың мониторингісін ұдайы жүргізіп отыру;
ІІ.Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Орта білім беру ұйымындағы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша жүзеге асырылады, олар келесі құндылықтар жүйесін құрайды:
1. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
2. Рухани-танымдық тәрбие;
3. Ұлттық тәрбие;

  1. Отбасылық тәрбиесі;

  2. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

  3. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

  4. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет