2 пс. Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау


Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.- Г.Юнг)



бет7/7
Дата21.09.2023
өлшемі30,22 Kb.
#109620
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 пс. Сана және бейсана философиялық концепцияларды салыстырмал-emir

6. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.- Г.Юнг).
Алдымен, Бейсаналық дегеніміз
  • адамның жүріс-тұрысында өзінен-өзі сананың қатысуынсыз, ойланбай, дағды бойынша іс-қимылдар жасау қасиетінің барлығы индивидтің өзінің білуінсіз өтетін, іске асатын психикалық қызметінің әртүрлі формаларының жиынтығы.


Психоанализдің негізін қалаушы психиатр З.Фрейд бейсаналықты санадан тәуелсіз адам жанының, психикасының құрамдас бөлігі, тұлға құрылымының маңызды элементі – "Ол" ретінде қарастырады.


З.Фрейдтің айтуынша, бейсаналық процестер индивидтің жүріс-тұрысына әсер ете алады, тіпті оның өзі олар туралы ештеңе хабарлай алмаса да. Фрейд бойынша,


    1. бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін психикалық процестер;


    2. ығыстырып шығару реакциясы- психологиялық қорғаныс әдісі ретіндегі психиканың тендігі мен салауаттылығын бұзатын теріс эмоцияны, теріс тәжірибені санадан бейсаналыққа ығыстырып шығару реакциясы. Өмірдегі теріс эмоциялар, жүзеге аспаған үміт, арманның бәрі ерте ме, кеш пе санадан бейсаналыққа ығыстырылып шығарылады, сөйтіп ол «кездейсоқтық», оғаштық мінез құлықтарда, жаңылу, бейадекватты іс-әректтерде көрініс табады.


К.Г. Юнг (щвейцарлық психолог және психиатр, аналитикалық психологияның негізін қалаушы) бойынша бейсаналық 3 қабаттан тұрады:


    1. "тұлғалық бейсаналық" – тұлғаның ашыналық, сырластық жан өмірін құрайтын көбінесе эмоционалды боялған елестер мен кешендерді өзіне кірістіретін, қосатын бейсаналықтың үстіңгі қабаты;


    2. "ұжымдық бейсаналық" – бейсаналықтың туа біткен терең қабаты; ол адамдардың өткен ұрпақтарының тәжірибесін өкілдік ететін және өзіне тұлғадан тыс әмбебап мазмұн мен жандық өмірдің жалпылама негізі ретінде болатын үлгілерді қосады.

"ұжымдық бейсаналықтың мазмұны" негізінен архетиптер – психикалық қызмет пен жүріс-тұрыстың мұралық етілетін жалпылама үлгілері, рәміздері және стереотиптері болады.




    1. "психоидтық бейсаналық" – органикалық дүниемен ортақ қасиеттері және біршама бейтарап сипаты бар бейсаналықтың ең іргелі деңгейі, сондықтан ол толық түрде психикалық та, физиологиялық та болмағандықтан іс жүзінде санаға толық мәлімсіз. Неміс психологы В.Вундт бейсаналық процестерді жоққа шығарып, психологияны саналы күйлерді, жайларды зерттеу ретінде анықтайды.


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет