2 пс. Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау



бет1/7
Дата21.09.2023
өлшемі30,22 Kb.
#109620
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 пс. Сана және бейсана философиялық концепцияларды салыстырмал-emir


2 пс. Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау

Тынарбекова Аружан 233


2 ПС. Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау.
1. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі.
«Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. А.С. Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады:
  1. антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. 7-5 ғ.);


  2. классикалық грек философиясы (б.з.д. 4 ғ.);


  3. эллиндік-римдік философия (б.з.д. 3 ғ. – б.з. 5 ғ.).


Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:


  1. Б.з.д. 6 және 5 ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.


  2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және Сократ.


  3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.


  4. А. Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм, эпикурейзм, стоицизм, скептизизм, эклектицизм бағыттары кезеңі.


  5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі – неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.


  6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.




Космостық дене.
Космостық денелер материядан (от, жер, ауа, су) тұрады. Бұл түпнегіздер әртүрлі пішінді болғандықтан, өзара байланыса келіп, көптүрлі денелер құрайды және жоғарыда айтқандай өзіне өзі тең бөлікпен (идеялар әлемі) өзгермелі бөлікті (материя) қосып космос рухын дүниеге келтіреді.
Космос рухы, немесе әлемдік рух екі түрлі (ішкі және сыртқы) қозғалысты тудырады. Сыртқы қозғалыспен – күн, ай планеталар қозғалады. Бұл әлемдік рухтың бірінші қызметі.
Космос рухының екінші қызметі – танып-білу. Ол өзіне-өзі тең бөлігінің біріккен бөлігі арқылы заттар әлемін танып біледі. Ал адамдардың денесі төрт түпнегіздің қосылуынан жаралғандықтан, өлгеннен кейін олар космосқа қайтып оралады. Дененің басты міндеті – жан орналасатын қорған болу ғана, сондықтан ол жанға тәуелді, оның құлы. Жан тіршіліктің идеясы ретінде мәңгі. Дене өлгеннен кейін ыдырап космосқа кері қайтса, жан аспанға он мың жылдан кейін ғана оралады.
Адам жанының өзі әртүрлі болады. Бір түрі – философия арқылы тазарып денесіз өмір сүретін жандар болса, екіншсі - өз өмірін қиянатсыз, бірақ философтардан бір саты төмен өмір сүрген адамдардың жандары және үшіншісі – күнаһар өмір сүрген адамдар жаны.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет