2 семестрлік жұмыс пән: Философия Тақырыбы: Ф. Ницшенің «асқақ адам»



бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі89,7 Kb.
#130949
1   2   3
Жұмыcтың мaқcaты мен мiндетi Асқанадамдық ідеясы Фридрих Ницшеның философиясында көптеген тараптарды жаңарту жолын ұсынатын мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Осы ідея адамдың жаңа дүниетаным мен жаңа өмірсенім жасау мақсатында жасалған жаңартушы ідеяларды көрсетеді.
-Ф.Ницше шығармашылығының негізгі түсінігін талдау
-Ф.Ницшенің шығармашылық қалыптасуындағы кезеңің қарастыру
-Ф.Ницше тұжырымдамасындағы шығыстық сарындарды талдау: дионисишілдік пен аполлоншылдық
-Асқан адам, билікке ұмтылу және мәңгі оралу туралы идеяларың көрсету
- Фридрих Ницшенің философияға қосқан үлесі
Ф.Ницшенің «асқан адам» идеясы
Асқанадам неміс философы ФридрихНицшенің негізгі философиялық идеяларының бірі. Асқанадам дегеніміз адамның арман үлгісі, дегенмен бұл идея көбіне қатетүсіндірілуден көз ашпай келеді.Ол "Құдай өлді, дәстүрлі моральдық мәдениетті қайта таразылау керек" деген негізде жаңа дүниетаным, жаңа өмірсенім ретінде Асқанадам делінетін құндылық идеалын ұсынады. Асқанадам идеясы ұқсамаған дәстүр мен дағдылы этиканы ең арғы тұсынан жаңалау сынағы. Асқанадам тіршілік еркін, Үстемдік еркін, жарату еркін ең толық әйгілеген, шығармашылық шабыты тасыған, өмірдегі егей тұлға. Батыстың дәстүрлі құндылық өлшемдері жеміріле бастаған тарихи сәтте адамның тұрмыс мұратын қайта бастан орнықтырып, жаңа өмір мәнділігі арманын қалыптастыру керек болды, Асқанадам дәл осы сұраныстың Ницше тарапынан берілген сынақ жауабы. Ф,Ницше ұсынған "Асқанадам" тұлғаның негізгі ерекшелігі: Өзінен үздіксіз асып өтетін, әлсіздікті жеңетін, өзін толық әйгілейтін, тобырларға жол сілтейтін асқан адам; Асқанадам ақиқат пен этиканың жаңа арқаны, ереже мен құндылықтың жаратушысы; ол еркін, өзімшіл, жетілген, кемел; Асқанадам адамзаттың ең негізгі қайғысы мен ең ұлы үмітіне өкілдік етеді; Ол жайсыз орта шектемесін бұзып шығушы, оған деген өшпенділік, қызғаныш, күдік, қаталдық, ашкөздік, зұлымдық дегендер оны тіпті де күшейтеді. Демек, ол бейшара әлжуаз емес, ол толыққанды түбегейлі адам. Ф.Ницше Асқанадамды обсолютті Құдай деп есептемеген, ол Соңғы адамға салыстырмалы айтылған, ол соңғы жетілген нұсқа емес, үздіксіз жетілуге құштар тұлға. Ницше былай дейді: "Асқанадам дегеніміз теңіз, оның ішінде сенің үлкен менсінбеуің тұншығады". Асқанадам" философиясы "Барша құндылық атаулыны қайта таразылау" талабы мен Батырлық этика ұстанымының табиғи жемісі, ең жоғары арман тұлға образы. Адамзатты құтқаратын жаңа этикалық құндылық кешенін жасау қажет болғаны секілді, адамзатты құтқаратын Бірегейдің туылуын дәріптеп, адамзаттың кері азғындап кетуін тосу керек. Асқанадам адам баласының болуы мүмкін ең жоғары құндылық образы, батырлық егейліктің үлгісі, адамзат дамуының көрсеткіш нысанасы. "Мақсат адамзат емес, Асқанадам" болуға тиіс. Барша нәрсе өзінен де биік нәрсеге дамыды, адам да өзінен биік Асқанадам болуға ұмтылуы керек. Асқанадам адамзаттан биік, бейне адам хайуаннан биік болғаны секілді. Ал, адам болу хайуан мен Асқанадам арасындағы өтпелі арқан ғана. Адам бір болса осы арқан арқылы алға жүріп Асқанадам болады, немесе күйреп, жеңіліп, шыңырауға құлап жоғалады, немесе кері кетіп, хайуани деңгейге түсіп сорлайды. Әрине, Асқанадам болуға асығып алға жүру даңқ! Сапар сәтсіз болып шыңырауға құлау да құрметке лайық. Ал, хайуани деңгейге кері қайту масқара! Асқанадамдің көзімен қарағанда, қарапайым адамдар мал секілді күлкілі. Асқанадаммен қазіргі адамдардың айырмашылығы адам мен жабайы маймұлдардың айырмашылығынан үлкен. Асқанадам тума, Тәңірі жаратқан билеуші, үстем болмыс, әлемнің бағалы заты, бар болу қасиетінің үлгісі. Құдай тағала өте мейірбан боламын деп "өліп" кетті, Асқанадам ендігі адамдар көңіліндегі жаңа Құдай.
«Заратуштра осылай деді» кітабында Ницше Заратуштра образы арқылы талдау жасай келе, адам этика мен діни сенімнің жойылуынан туған нигилизмді бастан кешірген соң, көңілін бір түрлі "белсенді (оң) нигилизмге" бұруы керек, өз жүрегінің түрлі құндылық өлшемдерімен беттесуі керек, сол мағынада өз өмірінің мәнділігін жаратуы керек деп есептеді. Ф.Ницше өзін нигилизм ауыруын жазатын тамаша шипашақ таптым деп есептеді, ол осы Асқанадам болатын. Тіпті, сол нигилизм ауыруын жеңіп, жоғары деңгейге жеткен адамның өзі бірегей адам болмақ. Мән беруге тиістісі, Асқанадам адамзатттың бір түрлі идеал арман үлгі ретінде қазіргі барша адамдарға ұқсамайтын өте жаңа адам, адамның биік деңгейінің жаңа көрінісі. «Заратуштра солай айтқан» кітабындағы Заратуштра да Асқанадам емес, Ницшенің өзі де, Наполеон да Асқанадам емес, адамзат тарихында әлі Асқанадам туыла қойған жоқ. Асқанадам көзсіз батырлыққа ие дүлей күш иесі емес, сұрқия тиран да емес. Ол өзінен үздіксіз асып түсуді сынақ ететінқұндылықтарды қайта бағалы ететін адам. Тәңіріге сенетіндер Асқанадамды Ницшенің жаңа Құдайы деп қателеседі. Ол табынатын Құдай емес, талпынатын ең биік мұрат болмақ.
Асқанадам мен жай адам ұқсамайды. Адамға мораль керек, ал Асқанадам моралдың тар шанағынан аттап өтеді. Бәлкім, Ф.Ницше эволюция теориясының ықпалына ұшырағандықтан болар, "мораль дегеніміз әлсіздердің этикасы" дегеннен айнымады. Әлсіз қортықтар күштілерді жеңе алмағанда моральдық құндақ арқылы күштілерді тұсап, өз қауіпсіздігін сақтағысы келеді. Асқанадам әлсіздерге жанашырлық танытпайды, ол әлсіздердің құрып жоғалуын күйттейді. Ф.Ницшенің ойынша әлсіз-қортықтар құрып жоғалуға тиіс, әлсіздер бекіткен мораль құндағын үзіп, қоғам Асқанадамдық ұстанымға қарай ауысуы шынайы әділет есептеледі. Асқанадам жай адамға ұқсамайды. Ол тәукелшіл. Ол сәтсіздіктен қорықпайды. Асқанадам жақсы адам дегендік емес, жаман адам дегендік тіпті емес, ол жақсылық-жамандық өлшемімен шектелмейтін адам. Асқанадам қоғамында күштілер адамдардың құрметін туғызады. "Азап тартсын әлсіздер" делінетін ережеге адал болады. Дегенмен, Ф.Ницшенің идеясындағы Асқанадам дегеніміз тирандиктатор дегендік емес. Диктаторлар мен тирандар өз-өзін терістей алмайды, өзгерте алмайды, түзете алмайды, өзінің тар шанағын жеңіп, биік деңгейге көтеріле алмайды, оларда жетілу, жоғары мақсат, ғажайып қасиет болмайды. Ал, Асқанадам өз-өзін түзету мен өзінен үздіксіз асып түсудің үлгісі. Ол өзінің өте күшті, құдіретті болуы үшін бәріне барады. Асқанадамдар ортасындағы бәсеке қоғамның шындап дамуын туғызады.
Жинақтап айтқанда, Асқанадамның 7 қасиеті бар:
1) Асқанадам – тіршілік дамуының ең жоғары шоқысы, адамзаттың ең асылы. Ол бүкіл адам баласынан биік шығып, тобырлық топалаңға былғанбайды, ол адамзат, қоғам, ұлт еркінің ең жоғарғы деңгейдегі әйгілеушісі.
2) Асқанадам – кемеңгер, ғажайып жаратылыс ретінде үстемдік еркінің биік көрінісі; ол күшті, құдіретті, дербес, жүректі. Шыңғысхан және Наполеон секілділер Асқанадамның төмен деңгейі.
3) Асқанадам бәрін игереді, бәрін иелейді, бәрін басқарып, бағыттайды. Ол қорқыныш пен жасандылықтан ада. Ол жақсылық-жамандық өлшемі сыртына шығып кеткен. Оның ар-намысы оны айыптамайды.
4) Асқанадам – ұлы сынақшы, ғажайып тәуекел иесі, ол тәуекелшіліктен рақат алады. Асқанадам тек Асқанадаммен бәсекелеседі, өздерінің ең жақын достарынан ең сұрқия жау іздейді.
5) Асқанадам – бір түрлі жоғары этикалық арман; Асқанадам – ақиқат пен этиканың таза нұсқасы, ереже мен құндылықтың жаратушысы. Ол заң шығарады, оның еркі, оның сөзі – заң. Олардың өлшемі "Мен істеймін" дегенге құрылған, олар әркез "Менің істеуім керек" деп айтып жүрмейді.
6) Асқанадам толық еркін, кемел, өзімшіл. Ол тәкаппар және жалғыз. Олар биікте тұрып бағалайды, тобырлардың топалаңына қосылмайды, қыран бүркіт секілді жемін биіктен аулайды, жеке келіп, жеке кетеді, ешкіммен шындап ортақтаспайды. Өзінің жеке адамдық оқшаулығын бастан-ақыр сақтайды.
7) Асқанадам азап пен қиындыққа ең төзімді, ол қайғы-қасірет ішінде тік тұрады, ең ауыр сынақтарда шынығып шығады, оның ерік қуаты тек қауіп-қатерді жеңуге бағытталған. Қасіреті қалың жанның ғана бірегей болуға үміті бар.
Ницше айтқан Асқанадамы қазақтың ежелгі батырларына әрі жақын келеді, әрі толық ұқсап та кетпейді.
Ницшенің айтуынша, Асқанадам дегеніміз адамзаттың ең ұлы жаңа құндылық мұраты. Ендеше, Асқанадам қалай қалыптасады? Қалай Асқанадам болуға болады?
Алдымен, Асқанадам болу үшін үйлесімді орта керек. Аталмыш үйлесімді орта дегеніміз Асқанадамды қалыптастыратын қауіп-қатерлі орта. Орта қанша жайсыз болса, Асқанадамның тууы да сонша мүмкін болады, "жайлы бесікте батыр бала өспейді". "Мамық төсек қауіпті екен бөстектен". Ницше айтады: "Ең таңдаулы, ең табысты тұлғалардың ғұмырын мұқият зертте. Сосын сұрақ қой: Аспанға бой созған алып бәйтерекке жағымсыз ауа райы мен дауылды нөсерден қағыс қалу көмектесе ме? Сыртқы реніш пен шабуыл, өшпенділік пен қызғаныш, күдік-күмән, қаталдық пен ашкөздік дегендерді жайлы ортаның факторлары деуге болмай ма? Осындай жайлы орта болмаса, тіпті ізгілік жағындағы үлкен ілгерлеу де болмас еді." Бұл сөздерден Ф.Ницшенің өте бір тыржалаңаш мағынада рахымсыз Асқанадам идеясын айтып тұрғанын байқаймыз. "Мен сендерге Асқанадамды үйретемін: адам деген асып өтілуге тиіс нәрсе". Жалтақтаймай, өз әрекетінен еш қаймықпай, қымтырылмай, қорсынбай, өзін өзі айыптамай, құдіретті Үстемдік еркі бағытында ілгерле, тіпті әр қадамыңнан сансыз жемтік қалып, қан шүмектеп ақса да сен өз бағытыңнан тайма. Бейшара адамдарға барар жер, басар тау қалтырма. от теңізіне кешіп өт, заңғар шыңдарды асып өт, сөйтіп сен Асқанадам боласың. Асқанадам атаулы тасбауыр жеңімпаздықтың жемісі. "Асқанадам дегеніміз қара жердің мән-мағынасы." Бұл сөздің мағынасы, Асқанадам о дүниенің, жұмақтың, аспан патшалығының терістелуі, Құдайдан үміт күтіп тілемшілік жасаудың ақырласуы. Ол таза осы дүниенің, осы өмірдің әңгімесін айту, ісін істеу; осы қасиетті қара жер бетіндегі даңыққа жетудің өзі.
Ф.Ницшенің айтуынша, Асқанадам қара жерге адал хауымның арасында пайда болады, бірақ ол барлық адамның біртұтас эвалюциясының жемісі емес. Бейне адам барлық маймұлдың эвалюциясы емес болғаны секілді. Адамзат құмырсқа секілді, келеді, кетеді, көбі бірдеңгейлі қозғалыс дағдысынан ұзамайды. Тек аз санды батырлар, жасампаз күштілер, Үстамдік еркі тасқындаған күрескерлер, сапалы туылғандар ғана сол бір шыңырау бетіне керілген арқаннан жүріп өтіп қарсы жағаға даңықпен жете алады. Асқанадам болады.
Асқанадам болашақтың жаңа адамзаты. Ол айырым ғажайып тұлға, кейбір әйгілі адам дегендік емес. Ол қазіргі ерекше таңдаулы адамдардың кейінгі ұрпағы, қазіргілерінің өзі емес. Тарихта әлі Асқанадам туыла қойған жоқ, Ницшенің өзі де Асқанадам емес. Ол адамзаттың азғындауы мен кері кетуін, үмітсіздігі мен түңілуін, әлсіреуі мен бұрлығуын сезінген соң Асқанадамның туылуын армандаған, Асқанадам болуға шақырған адам ғана. Ол Асқанадамның хабаршысы, Асқанадамның елшісі. Тіршілік еркінің құдіретінде, маймыл түрлері адам деңгейіне секіргені секілді адам да Асқанадам деңгейіне секіреді. Асқанадам қазіргі адамзаттың мақсаты және мәні. Қазіргі заман адамы белсенді, батыл түрде Асқанадам болуға қадам тастауға тиіс. Ф.Ницшенің Асқанадам идеясының айтары осы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет