Қазақстанда кең таралған. Солтүстік облыстарда қуаң далалы, оңтүстік облыста ойпаңдау ылғалды, оңтүстік шығыста таулы жерді мекендейді. Денесін қара дақ басқан, жасыл немесе сұрғылт-қоңыр түсті ірі шегіртке. Жотасында Х тәрізді ақшыл түсті таңба, ал үстіңгі қанатының түпкі бөлігінде 2 қара жолақ болады. Артқы сирақтары қоңыр немесе қызғылт. Аналықтарының ұзындығы 25-43мм, аталықтарінікі 18-31мм.
Шегіртке дернәсілі оңтүстікте мамыр айының бірінші жартысында, солтүстікте мамырдың аяқ кезінде шығады. Олардың дамуы 35-45 күнге созылады, 5 рет түлейді. Шегіртке күбіршелерін астық тұқымдас өсімдік өсетін мөлтекке салады. Күбіршесі аздап иілген, ұзындығы 28-40мм. Бір күбіршеде 21-36 жұмыртқа болады. Шегіртке және дернәсілдері дәнді дақылға және мал жайылымындағы өсімдікке зақым келтіреді.