2-ші ДӘріс тақырып: Көп қоректі турақанаттылар. Мақсат: Көп қоректі турақанатты зиянкестермен танысу


Ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегіртке - Chorthipus albomarginatus D.Gy



бет11/26
Дата07.02.2022
өлшемі48,65 Mb.
#24956
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

Ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегіртке - Chorthipus albomarginatus D.Gy


1 – сыртқы пішіні; 2 -

Қазақстанда кең таралған. Әсіресе орманды-дала және далалық аймақтың әртүрлі шөптесін өсімдіктер (солар-дың ішінде астық тұқымдастар) өсетін пішендікте көп болады. Түрлі-түсті (сарғылт, сұрғылт, қоңыр, жасыл) шегіртке. Денесінің алдыңғы арқа бөлімі жайпақ, үстің-гі қанаты артқы сандарының ұшынан аздап асады. Артқы сирақтары күңгірт-сары. Аналығының ұзын-дығы 18-23мм, аталықтары 13-18мм.

Бұл шегірткенің дернәсілдері едеуір кеш-маусым айының бірінші жартысында шығады. Дернәсілдің дамуы 25-30 күнге созылып, 4 рет түлейді. Аналық шегірткелер күбіршелерін көбінесе тыңайған бидайықты мөлтекке салады. Күбірше ұзындығы 6-10,5мм. Күбіршедегі жұмыртқа саны 4-10 болады. Саяқ шегірткенің басқа түрі сияқты бұл шегіртке дәнді дақылмен пішендікке көп зиян келтіреді.

Барлық шегірткенің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауызы, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желпуіш тәрізді артқы қанатты болады. Жылына бір ұрпақ береді. Аналық шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде жұмыртқа күйінде қыстайды.

Олар тың жерде, жайылымдықта, құмның шетінде және т.б. жерде орналасады. Дернәсіл жұмыртқадан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас келеді. Дернәсіл 30 - 40 күн дамиды.

Шегіртке дернәсілдерін есептеу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100м сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет